«Қазақта бір мақал бар: «Палуан бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген. Осы мақалға қарағанда өткен замандарда қазақ халқы өнер-білімнің қадірін білген екен ау деп ойлаймыз...» – қазақтың біртуар ұлы, заңгер Бақытжан Қаратаев осыдан 100 жыл бұрын «Қазақстан» газетінде (№4, 2 қаңтар, 1912 жыл, Орал қаласы) жарияланған «Азаматтарға бір-екі ауыз сөз» атты мақаласын осылай бастаған екен.

2012 жылдың желтоқсан айы, ұлы мейрам тәуелсіздік күні қарсаңында өңірімізде қуанышты жәйт орын алды. Көптің көкейінде жүрген тарихи-танымдық, жастарға тәрбиелік мәні зор, білім мен ғылымды терең игеруге насихаттайтын «Dana.kaz» журналымыздың алғашқы нөмірі жарық көрді.

2012 жылдың 10-17 желтоқсан аралығында қазақстандық бір топ маман Корея астанасы Сеул қаласына барып қайтты. «Өрлеу» Ұлттық орталығының басқармасынан, филиалдарынан, сонымен қатар, білім және ғылым министрлігі өкілін қосқанда барлығы 33 педагогтен құралған топ құрамында Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Елдос Сафуллин де болған еді. Сеул Кибер университеті қабырғасында
е-learning жүйесі бойынша өткен семинарға қатысып қайтқан маманға арнайы жолыққан едік.

Қазталов ауданының Қараоба ауылындағы мектеп-гимназия ойшыл ақын, журналист, қоғам қайраткері жерлесіміз Ғұмар Қараштың атында. Мектепке кіріп келгеннен «Көзіміздің қарашығындай ғазиз балаларымыз болашақта рахатшылықта өмір сүрсін десек, жастайынан өнер-білім үйретуіміз қажет» деген Ғұмардың сөзі ілінген.

Туған жеріміздің талай ғасырға тартатын терең тарихы бүгінде көненің аңызында және музей-мұражайлардың қоймаларында сақталған. Бірақ соны біз білеміз бе? «Жәдігер» айдары облыс музейлерінде, мұрағаттарында, кейбір жекелеген азаматтардың қолында сақталған ерекше құнды мұраларды таныстыруға арналмақ. 

Тақырыпқа кіріспе
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Қазақстанда 140-тан астам үңгір бар көрінеді. Оның 80 шамалысы Қаратау жоталарының карбонат қат-қабаттарында екен. Бұдан басқа Талас Алатауы, Өгем жоталарында-20, Үстірт пен Маңғыстауда - 11, Каспий ойпаты, Солтүстік Аралда - 4, Сарыарқада - 12, Алтай, Қалба, Тарбағатайда - 5, Жетісу Алатауында - 2, Іле Алатауында 6 үңгір есепке алынған.

Арғысы алты ғасырға созылатын қазақ әдебиетінің бастауында тұрған жыраулардың бірі һәм бірегейі – Жиембет Бартоғашұлы. Бір қызығы, туып-өскен жері, ата-қоныс атаулары күні бүгінге дейін өзгермесе де, кіндігінен тараған ұрпақтары өсіп-өніп, «жиембет тана» атанған бір қауымға айналса да, Батыс Қазақстан өңірінде Жиембеттің насихаты мүлде жоқ деуге болады.

XVІІ ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларының біздің заманымызға шығармалары жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты XVІІ ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған Еңсегей бойлы ер Есіммен байланыстырылады.

Жиембеттің өмір сүрген кезі – ХVІІ ғасырдың екінші жартысы, Есім ханның тұсы. Оның әкесінің аты әр деректе әртүрлі аталады: Біртоғаш, Бортоғаш, Мүфтоңаш.

Ел аузындағы ру-тайпа шежіресіне қарағанда, Кіші жүздің Он екі ата Байұлы тайпасы Қыдырқожа бай есімді кісінің Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық атты үш ұлынан және тоғыз кірме баладан құралады.

Жуырда ғана Астана қаласындағы Фолиант баспасынан ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Табыл Құлыястың «Жиембет батыр» атты роман-эссесі жарық көрген еді.

Елордамыз Астана қаласын тәуелсіз еліміздегі ономастикалық саясаттың жарқын үлгісі деп айтуға болады. Бас қаланың көшелері мен шағын аудандары қазақ тарихындағы айтулы оқиғалар мен барша қазаққа танымал тұлғалардың есімдерін, байырғы қазақ жерінің жер-су атауларын насихаттап тұр.

Қазақ әдебиетінің қайнар-бастауында тұрған Жиембет жыраудың бейнесін бояу күшімен бейнелеген тұңғыш суретші – мемлекеттік сыйлық иегері, белгілі қылқалам шебері Әбдімәлік Бұхарбаев. Ол бұдан бұрын Ө.Озғанбай, Б.Жетекбай секілді тұлғалармен бірігіп, қазақ халқының арғы-бергі замандарда ғүмыр кешкен ұлы перзенттерінің бейнелерін, өмірбаянын, ғибрат үлгілерін қамтыған «Ұлағатты ұлылар» атты көркемсуретті альбом шығарған екен.

Жуырда әнші Айгүл Иманбаева өзінің «Таңғы елес» атты концертімен Орал қаласына ат басын тіреген еді. Әншімен бірге оның шашбауын көтеріп, жаңақалалық жерлесіміз, жас танымал актриса Аида Жантілеуова да келді. Өнер иелері осы сапарында облысымыздағы басты жаңалық – «Дана» журналының алғашқы санымен танысып, жаңа басылымға деген жүрекжарды пікірлерін, ақжарма тілектерін ақтарды.

«DANA.kaz» журналының алғашқы санын көріп, оқыған түркістандық жас ғалым Мұхит Жылқыайдарұлы бізге төмендегі мақаласын арнайы салып жіберіпті. Бір қызығы, 1908 жылы Қазан баспасынан қазақша кітап шығарған Мұғаз Батырғалиұлы жерлестерінің жадынан шығып кеткен сыңайлы. Жоғалғанымызды тауып, ұмытылғанды еске салып отырған жас ғалымға рақмет айтамыз!

Бір Аллаға сыйынып,
Қалам алдық жазарға.
Алланы білген адамдар
Алласыз сөзден ұзар ма?

Қайдан іздеп табам деп даналықты,
Есіме алдым бал болған балалықты.
Әжемнің әңгімесін тыңдап әр кез
Серік қылмай өсіппін шалалықты.

Журналдың осы санынан бастап «Сөз сыры» деген жаңа айдар ашып отырмыз. Мұнда қолданыста жүрген, болмаса ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Әйгерім САРСАНОВА,
БҚМУ-дың 2-курс студенті

Шырылдап маза бермеген телефон үні үй-ішімізді ұйқы-дан әдеттегіден ерте оятты. Сағат тілі таңғы 6:45-ті көрсе-тіп тұр екен. Бұл уақытта ха-барласқан кім екен? - деп ой-ладым. Аздан соң анамның:

Азамат БАЗАРБАЕВ,
БҚМУ-дың 1-курс студенті

Сөздеріме құй сен, құй сенбе, сен мейлі,
Көңіл күнде күрсінгеніңді тергейді.
Үрки қарап, түзіліп барып үзілер,
Көздеріңнен көлшікті көргім келмейді.

Ләззат МАҚАШОВА,  мектеп оқушысы, Жәнібек ауылы

Қала. Көше. Көліктер қайда ғана,
Асығады...
Көзден жас сырғанайды.
Мен сырымды айтушы ем Айға ғана,
Ай да бүгін сырымды тыңдамайды.

Бауыржан ЗИНЕШОВ,
БҚГА-ның
4-курс студенті

Күш берген туған дала дауылды әні,
Тамшы боп бойға сіңген жауын дәні.
Жусаны шипа болған жан-тәніңе,
Тіршілік мүлде басқа ауылдағы.

1977 жылы 25 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген.

1995-1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы гуманитарлық колледжін, «Суретші безендіруші, демалыс шараларын ұйымдастырушы» мамандығын аяқтады. 1998-2003 жылдары БҚМУ-дың, Дәулеткерей атындағы өнер институтының «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» факультетінде оқыды. Бүгінде Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Сәндік қолданбалы өнер және дизайн» бөлімінде меңгеруші.

Екінші сайланған Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары Бақытжан Қаратаев пен Темірғали Нұрекеновтің анкета толтырып отырған сәті.

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,
тарих ғылымдарының кандидаты

Сайлау СҮЛЕЙМЕНОВ,
БҚГА-ның аға оқытушысы

«...Сор болды-ау отыз жеті мынау елге,
Далада Ару қаңғып, жылады ер де.
Өзіңді пірдей тұтқан дәрігер қыз
Қартайды еріп жүріп лагерьде».

Бұл өлең жолдарын ақын Ақұштап Бақтыгереева Хамза Есенжановтың 80 жылдық мерейтойына орай 1988 жылы жазған екен. Мұндағы дәрігер қыз – Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Хамза Есенжановтың сүйген жары, өмірінің ащысы мен тұщысын тең бөліскен ең жанашыр адамы Софья Жақияқызы Тастемірова болатын.

Орыс тілінде «э» деген ерекше әріп бар. Бұл әріпке тиесілі сөздер де қарапайым мағынадан алыс ұғымдар-ды білдіреді. «Эпатаж», «экстравагант», «эксклюзив», «экспромт»... Не үшін айтып отыр дейсіз ғой? Біздіңше, осы тізімдегі сөздер талантты актриса Гүлжан Шынтемірге дәл анықтама болады десек, асылық айтқанымыз емес.

Нұрлан ҚУАНЫШҰЛЫ,
дәрігер-гигиенист

САЛТ-ДӘСТҮР – адамзат үшін ілгерілеудің сарқылмас қайнар көзі. Ғылыми-техникалық прогресс қанша жерден дамығанымен, бұрын сынақтан өткен, қолда бар жетістік-тердің іргетасын қалаған құндылықтардан ешқашан бас тартыла қоймас. Мен осы мақалам арқылы қазақтың кейбір салт-дәстүрлерінің сауықтырушы сипатын анық-тауға талпынып, оны қазіргі заманда қалай жаңғыртып, пайдалануға болатыны жайлы ортаға ой тастамақпын.

Бұл құлпытас Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ өңірі, Базаршолан ауылдық округіндегі Мәңкібай атты көне қоныс маңында, Байғұтты сорының оңтүстік қабағындағы үлкен қорымда тұр. Бұл қорымды жергілікті қариялар «Кенжеғара қауымы» деп атайды. Мұнда ХІХ ғасырға жататын 40-50 құлпытас сақталған. Қорымның орта шенінде жер бетіндегі биіктігінің өзі екі метрден асатын үлкен құлпытас Сатай Кенжеғараұлына қойылған.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463