Фалар – өмілдірік

Туған жеріміздің талай ғасырға тартатын терең тарихы бүгінде көненің аңызында және музей-мұражайлардың қоймаларында сақталған. Бірақ соны біз білеміз бе? «Жәдігер» айдары облыс музейлерінде, мұрағаттарында, кейбір жекелеген азаматтардың қолында сақталған ерекше құнды мұраларды таныстыруға арналмақ. 

Жәдігердің атауы – фалар (қалқан-ша). Фалар – ат әбзелінің әшекейіне жатады, қайыстан жасалған өмілдірік-құйысқанға бекітілетін металл жапсырма.

Археология ғылымында сарматтар кезеңіне (біздің дәуірімізге дейінгі III ға-сырдан – біздің дәуіріміздің IV ғaсыры aралығы) қатысты ерекше құнды жәдігер – күміс фаларларды 1981 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты-ның Ғаяз Кушаев басқарған археологиялық экспеди-циясы тапқан. Табылған жері – қа-зіргі Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ау-данының территориясындағы Володарка І бейітіндегі №4 оба.

Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, бұл бейіт және табылған жәдігерлер б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырларға жатады. Фалар күмістен жасалған, жұқа алтын жапсырмамен көмкерілген, бетіндегі бейнелер шекіме түрінде жасалған.

Фалардың жалпы диаметрі – 24,6 см. Жал-пы, сарматтар кезеңіне қатысты мұндай фалар-лар бұрын-соңды талай табылған. Бірақ олар негізінен кішкентай болып келеді. Білуімізше, дәл осындай көлемді фалар Санкт-Петербург-тегі Эрмитажда ғана бар екен.
Қалқаншада грек мифологиясында айты-латын үш басты Химерамен күресіп жатқан Беллерофонт салынған. Б.д.д. ІХ-VІІІ ғасыр-ларда шыққан грек аңыздарында қанатты тұлпар – Пегасқа мінген Беллерофонт үш басты Химерамен шайқасып, өлтірген.
Бір қызығы, фалардың бетіндегі сурет алыстағы грек аңызынан алынғанымен, ғалымдар өнер туындысын жергілікті, яғни сармат шеберлері жасаған деген болжам айтады.

Гүлмира ҚАУЛАНОВА,
БҚО музейі қор бөлімінің меңгерушісі

Қаралым саны 1860

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463