«Жиембет батыр» роман-эссесі жарық көрді

Жуырда ғана Астана қаласындағы Фолиант баспасынан ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Табыл Құлыястың «Жиембет батыр» атты роман-эссесі жарық көрген еді.

«Жиембет бабам болғандықтан қолға түскен тарихи деректер, Қазан қаласындағы түрлі жазбаларды ақтарып және әдеби еркіндікті пайдаланып көкейімдегіні қағазға түсірдім. Тарихи шындық алыстаса да, Ыбырай Құлбайұлының жазған шежіресі әріде қалған тарихқа біршама жақын екен. Ұзақ шығарманың Байұлыға қатысты тұсын ұрпақ есіне түсіріп, батыр да, ақын да халқына ортақ деген ойымды білдірдім», - дейді еңбек авторы.
Енді сол еңбектен аз ғана үзінділерді оқырман назарына ұсынайық.

Мыңғырған мал өсірген Бортоғаштың елін са-ғалап, талай жолаушы, талай мейман, талай әлсіз, кедейлер келіп жатады. Ал мына жолаушының жүріс-тұрысы, тіпті бет-бейнесінің түрлі түске өз-геретіні, ауылға жақындағандағы тазысы да өң мен түстей көріне түсіп, ұшты-күйлі ғайып болатынын Жиембет шеше алмады. Әкесі де осы кісіні аса бір ықыласпен қабылдады. Бұрын-соңды бірін-бірі білетіндей кіршіксіз көңілде отырды. Әрине, бұл өңірде аңызға айналған әулиелер аз емес. Өлілері де тірілерді жарылқап жүреді. Қиялына қанат бітіретін Әлидің «Қисса Жүсіп» дастаны, одан соң ұлт мұрасына айналған «Кодекс-куманикус», Ахмет Хорезмидің «Махаббатнама», Махмұт әл-Кердерінің кітаптарын және басқа кітаптарды ақтарып, шығармаларының біразын оқыды (кейін Жәңгір хан сол дәуірдегі осындай кітаптардың мыңға тарта данасын Қазан университетіне тапсырып, ондағы шоқындыру факультетін шығыс тілдері факультетіне ауыстыруға мүмкіндік жасады. – Т. Қ.). Жиембет оқыған кітаптарының көп сөздерін жатқа айтып та жүрді. Дүние, өмір – бәрі бұлдыр дей алмайды. Түсінгісі келеді. Көбірек білгісі келеді. Әскери дайындығы, дін оқуы бар, өнерге де уақыт табуы керек. Жастық күндері осылай алмасып өте береді...

Ат жалын тартып мініп, ер қаруы – бес қаруын иыққа іле бастағанда ел адамдары: «Жиембет атқа отырғанда астындағы аты қолындағы ақ сұңқары-мен қатарласып ұшып бара жатады» деушілердің де сөзі естіліп жүрді. Елде көлгірсу жоқ, кімнің кім екеніне көңілдегі болжамын білдіреді. Жиембет түйе палуанды да жеңді дейді. Қылыштасу, найза-ласуға шеберлігі бұрын-соңды батырларда байқал-мағандай деседі. Е, арғы аталары батырлар елі, ел билеуші болғасын, ұрпағына ауысқан. Алау батыр қазақтың байтақ даласын жаудан қорғаған оқ өтпейтін, қылыш шаппайтын киелі болған, соған Жиембет тартқан деседі. Түрлі музыкалық аспапта ойнайды, шебер кернейші. Жылдас, қанаттас сарбаздары да мықты ғой, елге шын қамқор болар десіп сүйсініс білдіреді.

Сыртта қылаң ат жер тарпып дайын тұрғанды. Ер-тұрман әбзелдері алтын, күміспен әшекей-ленген. Аңға шығардағы жүген, үзеңгі, құйысқанға дейін атқа жеңіл әрі аңшыға ыңғайлы істеледі. Есімнің де байлығын алыстан танытатын ат әбзел-дерінің сән-салтанаты көз тартады. Сөйтіп аңшы-лық сапар «Барсакелмес» маңына қарай бағыттал-ды. Жолшыбай көл, өзендерде аң дейсің бе, құстар дейсің бе, жыртылып айырылады. Ақ сұңқар әп дегеннен бір қоянды қағып тастады. Өзеннен су ішіп шыққан киіктер бұлардың алдын кесе қаша бастап еді. Есім садағын кезенді. Жиембет «атпа киікті, киелі ғой» дегесін садағын тартпады. Киік-тің әлсізін қағып қалған төрт-бес қасқыр қырат етегінде екен. Жиембет ақ сұңқарды жібермей, үшеулеп қасқырды қуа жөнелді. Киік етіне тойынған қасқырларды садақпен, оқпен атып жайратты.

Қаралым саны 1188

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463