Жиембет жырау суреті қалай салынды?

Қазақ әдебиетінің қайнар-бастауында тұрған Жиембет жыраудың бейнесін бояу күшімен бейнелеген тұңғыш суретші – мемлекеттік сыйлық иегері, белгілі қылқалам шебері Әбдімәлік Бұхарбаев. Ол бұдан бұрын Ө.Озғанбай, Б.Жетекбай секілді тұлғалармен бірігіп, қазақ халқының арғы-бергі замандарда ғүмыр кешкен ұлы перзенттерінің бейнелерін, өмірбаянын, ғибрат үлгілерін қамтыған «Ұлағатты ұлылар» атты көркемсуретті альбом шығарған екен.

Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі Нұржан Төлепов суретшіге Батыс Қазақстан өңірінен шыққан айтулы тұлғалардың портреттерінен топтама жасауды ұсынады. Осылайша, Жиембет жырау, Марғасқа жырау, Сырым батыр, күйші Дәулеткерей Шығайұлы, Сейтек күйші, заңгер Бақытжан Қаратаев, Алашорда көсемі Жаһанша Досмұхамедұлы, шығыстың батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанова т.б. секілді тұлғалардың көркем бейнесі дүниеге келіпті.

Баспа бетінде тұңғыш рет жарияланып отырған Жиембет жырау бейнесін «DANA.kaz» журналына Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі Нұржан Төлепов ұсынып отыр.

Қаралым саны 2343

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463