Бөкейліктің белгісіз ақыны

«DANA.kaz» журналының алғашқы санын көріп, оқыған түркістандық жас ғалым Мұхит Жылқыайдарұлы бізге төмендегі мақаласын арнайы салып жіберіпті. Бір қызығы, 1908 жылы Қазан баспасынан қазақша кітап шығарған Мұғаз Батырғалиұлы жерлестерінің жадынан шығып кеткен сыңайлы. Жоғалғанымызды тауып, ұмытылғанды еске салып отырған жас ғалымға рақмет айтамыз!

Алматыға келген сайын Ұлттық кітапханаға бір кіріп шығып, қолжазбалар қорындағы ескі әдебиеттерді бір қопарыс-тырып кетпесем, көңілім көнші-мейтін бір әдетім бар еді. Бұл әдет осындағы қарашаңырақ ҚазҰУ-де оқып жүргенде бас-талған, университет қабырғасы-нан түлеп ұшқанымызға бес жылдың жүзі болса да, әлі басылмай келеді. Өзім қазақтың көне рухани мұраларын, жарыққа шығып үлгермеген, бәлкім, кезегін күтіп жатқан қолжазбаларды, ХХ ғасыр басында ұлттың рухани түлеуінің айғағындай болып, Уфа, Қазан қалаларындағы бас-палардан басылып шыққан кі-таптарға тапсырыс беріп, араб-тың көне қадім үлгісімен жазыл-ған дүниелерді оқып шыққанды ұнатамын. Кітапханаға келген кезекті бір сәтімде бұрын-соңды зерттеушілер назарына іліге қоймаған тың дүниелер шоғы-рына кезіктім. Олардың алғаш-қысы болып қолыма Ішкі Бөкей ордасынан шыққан, бір заман-дағы дін ғұламасы, елдің рухани ұстазы, бұл заманда жоқшысына жолығатын сәтті күтіп жатқан Мұғаз Батырғалиұлы атты ақын-ның (ахун – ұйқасты жыр-тол-ғаулар шығаруға қабілетті дін білгіріне берілетін дәреже) «Әдебиет қазақия» атты шығар-малар жинағы ілікті. Көз алмай отырып, құныға қарап шықтым.

Әрине, оны кирилл қарпіне түсіру, компьютерге көшіру аз уақыт алған жоқ. Дегенмен ұлт-тың рухани дүниетанымының кетігіне кірпіш болып қалануға лайықты жазбаны қазіргі қазақ оқырманына жеткізу жолындағы жұмыстың ауырлығы сонша-лықты сезіле қойған жоқ.

Сонымен әңгіменің әлқиссасын әріден бастасақ...

ХІХ-ХХ ғасыр отаршылдық тепкіге түсіп, дініне, тіліне, дәстүріне қатер төне бастаған қазақ халқының алдына «не болу, немесе бордай тозу» деген таңдауды біржолата қойған кезең болды. Мұндай ауыр азаптың алуан түрін бастан кешіріп келе жатқан ұлттың иммунитеті сан ғасырлық тәжірибе негізінде ұлттық рухани мұраларды насихаттап, ұлттық жадыны оятып, дүниетанымдық діңгегін қалпы-на келтіруге арқа сүйеді. Әлем тарихшылары мен мәдениетта-нушылары тарапынан «Түркі-Ислам Ренессансы» ретінде ба-ғаланған Алтын орда дәуірі ке-зінде де үстемдік құрған араб, парсы тілдерінің ықпалына ұшырап, жойылып кетпес үшін, Тұран даласынан шыққан ғұла-малар түркінің төл тілін ерін-бей-жалықпай насихаттап, осы тілде қисса-дастандар жазып таратқан. Араб, парсының діни сипаттағы жазбаларын тәржіма-лап, жалпақ жұртқа ұғынықты болуына баса көңіл қойған. Ал ел қамын ойлаған ерлердің осы тағылымды іс-әрекеттерінің се-бебінен түркі тілі молайып, байып, дүниені мойындатқан ғылым, поэзия тіліне айналды. ХІХ ғасырда да Ресей империя-сының, ең алдымен, тіл мен дін-ді жоюға бағытталған жымысқы саясатының ізін айқын аңдаған ғұламалар Қазан, Уфа баспала-рынан көптеп кітап шығарып, қалың қазақтың рухани мұрала-рмен емін-еркін сусындауына жол ашты. Сол кезде өмір сүр-ген ақын-жыраулар шығармала-рымен, қолжазбаларымен, ел аузында сақталып қалған сөзде-рімен танысып отырған кезде олардың барлығының да діни сауаты өте жоғары болғанды-ғын, сондықтан Құран аяттары мен хадистерді ұйқасты сөздің уәзініне (өлшеміне) түсіріп, тәпсірлей бергендігін аңғара-мыз. Бұл, біріншіден, қазақ даласындағы, көршілес Бұхара мен Самарқан шаһарларындағы медреселердегі бұзылмаған саф ілімнің әсері болса, екіншіден, қазақ арасында өмір сүрген жыраулардың жырмен уағыз-насихат айту өнерінің мәні зор екендігін естен шығармай, жа-дына ұстап жүруінің себебінен жүзеге асқан құбылыс болды.

Яғни осы кезеңдегі ақын-дардың көпшілігі сол кездегі діннің негізгі ошағы болып табылатын Бұқара, Ташкент, Хиуа, Түркістан қалаларындағы мектеп-медреселерде оқып, шығыс әдебиетімен, оның поэзиясының көрнекті ескерт-кіштерімен түп-нұсқасында танысты. Олар Шығыс поэзия-сының інжу-маржандарымен сусындап, оның көркемдік құралдарын өз шығармаларын-да орынды қолдана білді. Шығыстың классикалық әдебие-ті мен қазақтың ауызша, жазба-ша әдебиетінің арасындағы дәнекерші, жалғастырушы қызметті атқарды.

Бұл ақындардың қай-қайсысы да рухани шабуылдың негізгі құра-лы діни білім деп түсініп, өз шығармалары арқылы халық-ты оянуға шақырады. Орыс империясының білім алудың мағынасын тарылтып жіберген сол кезеңде бұл бағыт білім көзі деп мойындалмады. Алайда бұл ақындар ар ілімін, адалдықты, рухани тазалықты насихаттады. Рухани тазалықтың құралы – жан тазалығы, ислам әдебі деп түсіндіреді.

Кеңес өкіметінің кезінде Исламның аты аталып, Хақиқат жайында сөз қозғаған соң-ақ бұл ақындарды жарыққа шығар-май, шеттетіп, халықтан алыста-туға тырысып бақты. Оларды идеялық-әдеби көзқарастарына қарап бағаламай, саяси жағынан бағалау басымырақ болды. Оларды жоққа шығарудың бір амалы қазақта Абайға дейін жазба әдебиет болған жоқ деген тұжырым қалыптастыруға ты-рысты. Ал мұның өзі ешқандай да шындыққа жанаспайтын еді. Бұл ұстанымның жаңсақтығын қазіргі таңда көптеген ғалымдар дәлелдеп отыр. Одан бұрын да, ол өмір сүрген кезеңде де заман шындығын қағаз бетіне түсіріп, Уфа, Қазан қалаларында кітап етіп шығарған ақын-жыраулар болған. Сонымен қатар сөздері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жады тұнық жандардың арқасында бүгінгі күнге жетіп отырған жы-рау-жыршылардың да мұрала-рын атап өтуіміз қажет. Жырау-лар мен жыршылар, молдалар, ғұламалар, ғалымдар, ең басты-сы, қоғамның моральдық құн-дылықтарының жойылмауына, жоғалмауына жауапты. Оларға жүктелген міндет – адал мен арамның, жақсы мен жаманның, күнә мен сауаптың арасын ашып, қайсы әрекеттің дұрыс, қайсысының бұрыс екенін қара-пайым халыққа түсіндіріп беру. Алланың разылығын табуға жұ-мылдыру, оның тыйым салған ісіне жоламауды насихат ету. Күнә мен қылмыс елдің ішін кернеп жайлап кетсе, оны көр-ген ғұламалар көрсе де көрме-гендей болса, соның ортақтасы болып есептеледі.

Діннің жай сөзбен, ережелер-мен, шарттармен, түйіндермен, нормалармен ұғындыруға жай адамның санасына қиындық ту-дыратын қағидалары көбінесе дүниедегі көзге көрінетін, қол-мен ұстауға келетін деректі ұғымдар түрінде жеткізіліп оты-рады. Бұлар: уағыз, мысал, хи-каят, қисса, жыр-дастан. Адам-ның санасында жатталып қалған құбылысты тірілте отырып, со-ны күнделікті тұрмыс-тіршілік-пен қабыстыра жырлаған. Бір өкініштісі, сондай мазмұндағы дүниелердің көбісі кешегі кезең-де кәдеге аспай қалды. Деген-мен тәуелсіздік алған кезеңнен бері талай жылдар бойы керек-сіз қалып келген құнды дүние-лерімізбен қауыштық. Солардың бірі Абай Құнанбаевпен тұстас өмір сүрген, артына өлең-жыр-лар қалдырған Мұғаз молда Батырғалиұлы.

Әрине, XVIII-XIX ғасырлар-дағы рухани тұлғалар жайлы қазақ әдебиетшілерінің кеңінен зерттеу жүргізуге мүмкіндігі болған жоқ. Олардың жырларын жастайынан жаттап өскенмен де, осы тақырыпты тереңдеп кіруге тәуекел ете алмады. Соның салқыны Мұғаз Батырғалиұлының да шығарма-шылығына да тигендігін бай-қаймыз. Ол туралы өткен ғасыр-дағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі Сәбит Мұқанов қана «Абай Құнанбаев» деген монография-сында «Абаймен замандас ақындардың ішінде сопылық поэзияға түскендер бірқыдыру. Мәселен, Мағазмүлік Батырғали ұғлының 1908 жылы басылып шыққан «Әдебиет қазақия» деген өлеңдер жинағын оқысаңыз, дінді үгіттеуде оны бүкіл Орта Азияға аты белгілі Аллаяр сопыдан айыра алмайсыз» деп жұқалап айтып кеткен. Осы бір шағын пікірдің өзі ғана Мұғаздың ақындық қасиеті қай дәрежеде екендігі-нен хабар береді. Яғни бүкіл Ислам елдеріне аты белгілі болған «Дәрменсіздер дәлелі», «Арифтер мұраты», «Тақуалар тұрмысы» атты еңбектердің ав-торы Сопы Аллаяр қазақ ақын-жырауларының дүниетанымына қатты әсер еткен. Оның өлеңде-рінің ізімен көптеген жыр өр-нектері дүниеге келген. Осы еңбектерде айтылған моральдық құндылықтар, тағылымдық, тәрбиелік жолдар қазақ халқын тәрбиелеп келген. Сопы Аллаяр бүгінгі таңда тек қана Орта Азия зерттеушілерінің ғана емес, әлемдегі ғалымдардың да зерттеу нысанына айналған көр-некті тұлға. Оның Қожа Ахмет Яссауи жолын ұстанғандығы өз шығармасында Әзірет Сұлтан-ның есімін келтіруінен, оның «Адасқандарға ескерту» атты еңбегімен таныс екендігін жет-кізуінен аңғарылады.

Біздің айтпағымыз, Қожа Ахмет Яссауиден басталған хикмет дәстүрінің ізін ала, үлкен шайырлық дәстүр қалыптастыр-ған Мұғаз Батырғалиұлының толғаныстары, насихат сөздері ел арасына кеңінен тараған. Оның өлең-толғаулары «Әдебиет Қазақия» деген атпен 1908 жылы Қазан қаласындағы «Каримовтен баспаханасында» жарық көрген.

Қолжазба 19 беттен тұрады. Бірақ сол кезде жарыққа шық-қан кітаптардың бір ерекшелігі, әр өлең жолы бірінің астына бірі түспей, қатарласып жазылатын болған. Кітаптағы әр өлеңнің басына жеке-жеке тақырып қойылып, оның не туралы айты-латындығы көрсетілген. Өлең-дердің тақырыптары төмендегі-дей сипатта берілген: «Бәйіт-тер», «Әдебиет Қазақия», «Арақ ішкендер хақында бәйіт», «Өткендерден ғибрат алмақ хақында бәйіт», «Бағзы байлар хақында бәйіт», «Бидғат істер хақында бәйіт», «Бағзы әкімдер хақында бәйіт», «Намаз оқу хақында бәйіт», «Бағзы молда-лар хақында бәйіт», «Сопылар хақында бәйіт» т.б. Олардың барлығында қозғалатын мәселе адамдардың туралықпен, адал-дықпен жүріп-тұруы, кез келген адамға қайырымдылық, мейір-імділік қасиеттерді көрсету, ел құрметтейтін жандардың қандай кейіпте болуы қажет екендігі.

Сонымен қатар парақорлық, надандық сынды жаман мінез-құлықтардан аулақ болуды, елді әділдікпен басқаруды, көркем қасиеттерді игеру керектігі насихатталады. Мәселен, ақын білім-ғылымға ұмтылуды өлең жолында былай деп келтіреді:
Ғалымдықты талап қыл,
Шыққаннан соң бесіктен.
Қияметке кіргенше,

Қабір деген тесіктен, - дейді. Сол сияқты арам нәрседен безі-ну керектігін де төмендегідей ойларымен жеткізеді:
Таңдайыңа тата көр
Халал ризық тағамдар.
Қазаныңнан жырақ ет
Ұрлық тағам харамдар.

Аталған жыр жолдарынан көріп отырғанымыздай, Мұғаз Батырғалиұлы өзі тұрғылас жандарға көптеген үгіт айтып, олардың жаман дағдылардан аулақ болуын қалап, діни негізде Құран аяттары мен пайғамбар хадистерінен мысалдар келтір-ген. Мұның барлығы қазақ өлең-жырларындағы өзгеше үлгіні көрсетеді. Мәселен, бертінде ғана Батыс өңірінде ғұмыр кеш-кен Ыбырайым ахун Құлбайұлы «Өнеге шашқан жыршылық, Құдайға бұл да құлшылық» деп, ұйқасты сөздің артықшылығына мән берсе, Абай Құнанбайұлы да: «Әуелі аят, хадис – сөздің басы, Қосарлы бәйітмысал келді арасы» деп, өз сырларын аят-хадиспен дәлелдеп отыруды өлең-жырдың негізгі шарты деп ұқтырған. Сол сияқты Мұғаз Батырғалиұлы әр насихатын аят-хадисті келтіре отырып жет-кізгендіктен, халықтың жүрегіне жеткен деп бағамдаймыз. Оның кітап болып басылып шығуы, медреселерде арнайы пән ретін-де оқытылуы да қазақ ішінде айрықша жоғары мәнге ие бол-ғандығын көрсетеді. Аталған жырлардың барлығын да қазіргі кезде ұрпақ тәрбиесіне қолдану-дың маңызы өте зор. Оларды қайтадан баспадан шығарып, та-рату, оқу-тәрбие үдерісіне ендір-ген жөн деп ойлаймыз.

Қорытындылай келе айтары-мыз, Мұғаз Батырғалиұлы мен онымен тұрғылас ақын-жырау-лардың шығармалары сол кезеңдегі қоғамда болып жатқан ауыр саяси-әлеуметтік күйзеліс-тің салдарынан өмірге келді. Ресей империясының ел арасын-да ашық түрде орыстандыру, шоқындыру саясаты белсенді жүргізіліп, қазақ халқының сан ғасырлардан келе жатқан сенімі шайқалып тұрған тұста, сол суық ызғарды қатарынан күніл-гері біліп, түйсініп, оның азабын жан жүрегімен сезініп, ислам дінін қарсы қару етіп шабуылға шыққан ақындар осы тұлғалар-дың шоғыры еді. Мұғаз Батырғалиұлы шығармаларын өзі өмір сүрген дәуірден бөліп қарауға болмайды. Оның жыр-ларының дені негізінен шариғат, тариқат әдептерін айтып көрсе-туге құрылса да, ондағы мақсат пен міндет халықтың ұлттық қалпын сақтап қалуына деген талпыныс болды. Мұғаз молда-ның жырлары өз кезеңіндегі қоғам сұранысынан туған, өз дәуіріндегі рухани қажеттілікті мейлінше өтеп, міндеттерін адал орындаған туындылар болмағы сөзсіз.

Мұхит ТӨЛЕГЕН,
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік
тарихи-мәдени қорық
мұражайының ғылыми
қызметкері,
Түркістан қаласы

Қаралым саны 1428

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463