Сізге

Ләззат МАҚАШОВА,  мектеп оқушысы, Жәнібек ауылы

Қала. Көше. Көліктер қайда ғана,
Асығады...
Көзден жас сырғанайды.
Мен сырымды айтушы ем Айға ғана,
Ай да бүгін сырымды тыңдамайды.

Қарсы алдымда тағдырым күнде жылап,
Сірә, қандай тағады кінә маған?
Көз алдымда... жылаған түндер, бірақ...
Есімде жоқ кездерім жыламаған.

Жүрек шаншып жылатты, не істер тағы?
Қала кезіп қаңғырып жүрген де өзім.
Көз алдымда... көңілсіз кештер тағы,
Есімде жоқ шаттанып күлген кезім...

Сіз бе, күз бе? Осынша жылатқан кім?
Жыла! Басқа салғанға көнесің де.
Көз алдымда... сізді ессіз ұнатқанмын,
Ұмытқанмын мен қалай... жоқ есімде...

Болса-дағы сезімім сөнген, мейлі,
Есімді алды-ау есіркеп ессіз қала!
Көз алдымнан бәрі де көлбеңдейді,
Көз алдыма келмейсіз тек Сіз ғана!..

Қаралым саны 881

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463