Әшім ТАСҚАЛИЕВ

1977 жылы 25 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген.

1995-1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы гуманитарлық колледжін, «Суретші безендіруші, демалыс шараларын ұйымдастырушы» мамандығын аяқтады. 1998-2003 жылдары БҚМУ-дың, Дәулеткерей атындағы өнер институтының «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» факультетінде оқыды. Бүгінде Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Сәндік қолданбалы өнер және дизайн» бөлімінде меңгеруші.

Әшім Ғаниұлының туындылары 2006 жылы «Ақжайық өңірі», «Махамбет-2007», 2009-2010 жылдары «Жазира Жайық», «Күз-2010» көрмелеріне қойылып, көрермендер мен мамандардың оң бағасын алған.

Әшім – бейнелеу өнері әлемінде жаңа қадам басып, кескіндеме жанрында еңбектеніп жүрген жас суретші-лердің бірі. Оның суреттері бояу, кеңістік, ырғақтың ойнауы арқылы санаға тікелей ықпал етеді. Суретші туындыларынан уақыт тұтастығы қамтылған өткен шақ, бүгінгі күн мен болашақтың фантастикалық-символикалық әрекетін тануға болады. Абстракциялық туындыларында форманың жігерлі жарқын көрінісі, ой-жүйенің бірін-бірі өзара алмас-тыруы байқалады. Жас суретші өзінің жұмыстарында түс пен композициялық байланыстың маңызын тал-дап, қарапайым фигуралар арқылы өз ойын жеткізе білу бағытында ізденіп жұмыстануда. Әшім жақында ғана Қазақстан Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданды. Құттықтаймыз!

Қаралым саны 1290

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463