Армысыз, әлеумет!

Орал қаласынан «DANA.kaz» тарихи-танымдық журналы жарық көре бастағанына да жетінші айға аяқ басты. Өлкетану шежіресіне, соның ішінде Батыс Қазақстан өңіріне қатысты тың дерек, қызықты мақалаларға мол орын беріп отырған журналымыздың әр санын асыға күтетін оқырман шоғыры да қалыптасып келеді. Әсіресе, осындай салалық журналдың пайда болғанына қуанып, тың да тосын деректерімен бөлісіп отырған авторларымызға, кәсіби тарихшыларға айтар алғысымыз мол.

Ғаламтор желісінде «DANA.kaz» тарихи-танымдық журналының www.danakaz.kz атты өз сайты ашылғандығын бұдан бұрын да хабарлаған едік. Осы сайтты Батыс Қазақстан өңіріне қатысты өлкетану деректерінің орталығына айналдырмақ жоспарымыз бар. Аталмыш тақырыптағы мақалалар, өлкетану деректері, танымал тұлғалар туралы мәліметтер, өлкетанушылар туралы деректер осы жерге жинақталып, жүйеленіп, көпшіліктің игілігіне ұсынылатын болады. Бұл оқырман қауымның қажетті ақпаратты тез тауып, кез келген уақытта қол жеткізуіне көмек болады деген ойдамыз.

Құрметті оқырман, батысқазақстандық өлкетанушылар, кәсіби тарихшылар! Сіздерден туған жер тарихына қатысты бұрын-соңды жазған мақалаларыңызды, мақалаға қатысты суреттерді және өзіңіз туралы деректерді (аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, байланыс телефондарыңыз, фотосуретіңіз) Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жолдауды сұраймыз. Сіз жіберген материалдар іріктеліп, жүйеленіп, www.danakaz.kz сайтына жарияланатын болады.

WWW.DANAKAZ.KZ сайтында өз парақшаңызды ашыңыз! Өлке тарихын өзіміз жинақтайық!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 870

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463