Орал қаласынан «DANA.kaz» тарихи-танымдық журналы жарық көре бастағанына да жетінші айға аяқ басты. Өлкетану шежіресіне, соның ішінде Батыс Қазақстан өңіріне қатысты тың дерек, қызықты мақалаларға мол орын беріп отырған журналымыздың әр санын асыға күтетін оқырман шоғыры да қалыптасып келеді. Әсіресе, осындай салалық журналдың пайда болғанына қуанып, тың да тосын деректерімен бөлісіп отырған авторларымызға, кәсіби тарихшыларға айтар алғысымыз мол.

«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» дейді Абай атамыз. Бүгінгі қала жағдайында тірлігіміз қалай? Таңертең тұрамыз, тамағымызды ішіп алып жұмысқа барамыз. Кешкісін шаршап-шалдығып үйге келіп, тамақтанып ұйқыға кетеміз. Осылайша бір-біріне ұқсас күндер зымырап өте шығады.

Галина ӘЛІМОВА,
«JMT KOREA» компаниясының менеджері, Сеул қаласы:

– Әуелі өзіңіз туралы айтып берсеңіз. Қандай отбасында дүниеге келдіңіз? Шет елге сапар шекпестен бұрын қандай ортада болдыңыз ?

Мұрат ҚАЛМЕНОВ,
Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері

Қала мәдениеті қазаққа жат болмаған. Алтын Орда секілді алып мемлекеттің тұсында 210 шаһар болғандығы анықталса, соның бірнешеуі Ақ Жайық өңірінде орналасқан екен. Бүгінде Батыс Қазақстан облысының орталығы аталып отырған Орал қаласының тарихы да өз бастауын тереңнен тартады. Төмендегі топтама сол туралы.

Мұрат СЫДЫҚОВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор, Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының директоры:

2013 жылы наурыз айының соңында Қазан қаласында Алтын Орда тарихына арналған ІІ халықаралық ғылыми форум өтті. Оған әлемнің 17 елінен ғалымдар қатысты. Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының мамандары да осы форумға арнайы шақырту алған болатын. Форумда профессор М.Сыдықов Батыс Қазақстандағы ортағасырлық қалалар туралы баяндама жасады. Жайық бойында болған көне шаһарлар туралы болжам көптен айтылғанымен, осы кезге дейін оны ешкім нақты дәлелдей алмаған. Сондықтан Мұрат Наурызғалиұлының баяндамасы форумның сенсациясы ретінде қабылданды. Біз төменде профессор М.Сыдықовтың Батыс Қазақстандағы қала мәдениеті туралы мақаласын ұсынып отырмыз. 

Орал қаласында 2012 жылдың қыркүйек айында «Жайық өзені ала-бындағы ортағасырлық қала мәде-ниеті және көшпенділер өркениеті» атты халықаралық ғылыми конференция өткен болатын.

Хазретәлі ТҰРСЫН,
тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы

Алаш арыстарының бірі Халел Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл толды. Жақында осы датаға орай Батыс Қазақстан облысында «Батыс Алашорда тарихы: кеше, бүгін және ертең» атты республикалық ғылыми-практика-лық конференция өткен болатын. Төменде алаштанушы ғалым Х.Тұрсынның Халелдің Түркістандағы қызметіне қатысты зерттеуін ұсынып отырмыз.

Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын.

Әй-әй бөпем, әй бөпем.
Ән айтайын, бал бөпем.
Ән тыңдағың келсе егер,
Және айтайын, жан көкем...

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
Орал қаласы

2002 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясында байбақты руының белгілі батыры Науша Қаржауұлы туралы біраз дерек келтірілген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Жәңгір ханның озбырлығына қарсы бүкіл Бөкей ордасын шарпыған толқуда қол бастаған Наушаның есімі архив құжаттарында да көп кездеседі. 

Энциклопедиядағы деректеЭнциклопедиядағы деректе
Энциклопедиядағы деректе Мақсот Ізімұлы Науша батырдың 1827 жылы көктемде інісі Наурызәлі-мен бірге руластарын басқарып, Бөкей ордасын шарпыған толқуға қатысқанын жазады. «Олар Қаратоғай батыр Мәметұлы бастаған алаша руының көтерілісшілеріне қосылып, Жәңгір ханға Астрахан және Орал казак орыстарының озбырлық-тарынан қорғап, таласты жер мәселе-сін шешуді – Қараөзеннің шығыс жа-ғалауы мен Сарыөзеннің бойын қазақтарға қайтаруды, алым-салық мөлшерін азайтуды т.б. талап еткен.

Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист

Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Күні бүгін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі ата-баба тарихын қастерлеп, өткен тарихтың дәлеліндей болып келе жатқан көне жәдігерге өте бай. Солардың бірі «Өнер» залында көненің көзіндей болып қазақ күй өнерінің хас шебері Дина әжеміздің киген қамзолы экспозицияға қойылған.

Біздің қазақта тас жарарлық таланты болса да, танылмай кеткен тұлғалар өте көп. Солардың бірі – жәнібектік ақын Жанғали Мырзалиев. Тірі болса, 65 жасын тойлап отыратын ағамыздың есімін бүгінде әдебиетсүйгіш қауымның өзі біле бермейді. Оған себеп – ақынның талайлы тағдыры ма, халқының ұмытшақтығы ма, белгісіз...

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің сирек құжаттар қорында сақталған суретті «DANA.kaz» журналының оқырмандарына ұсынамыз. Сурет 1939 жылғы 27 маусым күні Алматы қаласында түсірілген.

Нұрлан СӘДІР,
Орал қаласы

(«Төрт батырға» тағы бір үңілгенде)

Күні кешеге дейін кез келген дерлік қазақ азаматы баласының батыр болғанын қалап, тілеп келді. Тіпті Кеңестің тұсында да балам өскенде бай болсыншы деген ата-ана некен-саяқ болған шығар. 

Нұржан ЕРЕЖЕПОВ,
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы

Жаңақала өңірінде туып-өсіп, кейін полигонға байланысты елді көшіргенде Теректі ауданының Ақжайық өңіріне қоныстанған, осы жерде ұзақ жасап дүниеден өткен Ахметқали Сейітмолдаұлы туралы аңызға бергісіз қызық әңгіме ел ішінде жиі айтылады. Жас кезінде «Ұзын сарыжүйрік» атанған бұл кісінің тылсым қасиеті адам айтқысыз жүйріктігінде болса керек...

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің Жаманқұдық ауылынан 9 км жердегі Қойсары қауымындағы құлпытас. Бұл тастың ерекшелігі – осы кезге дейін біздің көзімізге түскен ең көне, ескі ескерткіштердің бірі екен.

Қазіргі Ақжайық ауданы Қурайлысай ауылдық округінің аумағында жатқан «Назарымбет қауымы» - көптеген көне құл-пытастары жақсы сақталған қорым. Ауыл тұрғыны Наурызбай Әбілқайыровтың айтуынша, байбақты руының Назарымбет атасынан тарайтын ауылдың атамекені – осы жер.

Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің Қосарал деген жерінде тұрған шошақ моланың құлпытасы. Жергілікті жұрт бұл зиратты «Қыз моласы» деп атайды. Аңыз бойынша мұнда байдың қызы жерленген-мыс.

Бұл – Ресей Федерациясы Астрахан облысы Володар ау-даны, Алтынжар ауылындағы әйгілі күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының кесенесі жанында тұрған құлпытас. Күйші кесенесінің дәл іргесінде, оң жағында орналасқан. Белгінің биіктігі – 1 метрдей, тас тұғырға орналастырылған. Құстұмсықты үшкір болып келген жоғарғы бөлігінде «Иа, Мұхйии (Тірілтуші, үгітілген сүйекті де қайта тірілтеді), Иа, Мүмиит! (Жан алу тек Оған тән, Өлтіруші)  деген  Алла  тағаланың  көркем  есімдері  жазылған.

Ақтөбе облысы Қобда ауданына қарасты Исатай ауылдық округі аумағында жатқан көне Шолақмолда қауымында әйгілі батыр Исатай Тайманұлы жерленгендігі туралы Халел Досмұхамедұлы жазып кеткен. Бүгінде көне қорымда жерлеу орындары көп болғанымен, сақталып қалған құлпытас саны санаулы-ақ. Төменде солардың бірін оқырман назарына ұсынамыз:

Құлпытастың биіктігі – 1,5-1,6 метрдей. Төрт қырына да жазу жазылған.

Оң жақ қыры: 
Келдібай тайфасы,
Бекқұл кеншілі
бөлімі

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77