Қазақта да жігерлі әрі білімді жастардың бар екендігін дәлелдеуіміз керек!

Галина ӘЛІМОВА,
«JMT KOREA» компаниясының менеджері, Сеул қаласы:

– Әуелі өзіңіз туралы айтып берсеңіз. Қандай отбасында дүниеге келдіңіз? Шет елге сапар шекпестен бұрын қандай ортада болдыңыз ?

– Мен Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданына қарасты Мерген ауылында дүниеге келдім. Кезінде сол ауылдың “атақты” домбырашысы әрі бишісі едім. Отбасыма келетін болсақ, әкем – қарапайым шаруа адамы. Ол кісі өз балалары үшін қолынан келген-нің бәрін істеді. Біздің жақсы білім алуымызға ерекше көңіл бөлді. Жақсы мен жаманды айыруды үйретті. Білімді адамның қай кезде де жерде қалмай-тындығын ұқтырды. Бір сөзбен айтқан-да, жақсы тәрбиеледі. Ал анам үй шаруасында болды. Қазір екеуі де құрметті еңбек демалысында. Орал қаласында тұрып жатыр.

Мектеп бітіргесін барлық ауыл баласы сияқты мен де арман қуып, Алматыға оқуға келдім. Өз біліміммен Қ.Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетке түстім. Программист мамандығын алып шықтым. Сосын Оңтүстік Корея еліне білім алуға сапар шектім. Жоғары оқу орнын бітірген кез-де шет елде білім аламын деп ойлаған да жоқ едім. Шетелге кетуімнің өзі қы-зық. Алматыда жүргенде «Некоян» де-ген сөз көзіме түсті. Кездейсоқ оқып қалдым. Сол сөздің мағынасын білмек-ке құштарлығым ауды. Бұл – корей тілін-де «Отанымды сүйемін» деген мағына білдіреді екен. Кейін «Болашақ» бағ-дарламасы бойынша осы елде 4 жыл білім алдым ғой. Дәм бұйыртып, осы жақта жұмыс бабымен қалып қойдым.

Шетелге білім алуға жіберген ата-анама ризамын. Менің осы дәрежеге жетуім – сол кісілердің арқасы. Қазір «JMT KOREA» компаниясында аударма-шы әрі менеджер қызметін атқарамын. Сеул қаласында тұрып жатырмын.

– Өзіңіздің Корей елінде білім алған университетіңіз жайлы толы-ғымен айтып өтсеңіз. Қандай универ-ситет? Қай бағытта білім береді?

– Білім алған оқу орным – «Hankuk University of Foreign Studies» деген әлемдегі атақты университеттердің бірі. Бұл университетті доктор Ким Хын Бэ 1954 жылы құрған екен. Жеке уни-верситет. Сол себептен де мұндағы барлық студент ақылы негізде оқиды. Бастапқыда тіл үйрету болмаған. 2005 жылдың наурыз айында ғана әлем тіл-дері факультеті ашылған болатын. Бұл оқу орнында әлемнің бірнеше тілдерін үйретеді. Онда түсу өте қиын. Сабақ ауыр. Өте жақсы бағамен бітірген оқу-шылар ғана түсе алады. Мен бұл оқу ордасынан корей тілін меңгеріп шық-тым. Бұнда небір-небір оқытушылар мен «Нобель» сыйлығының иегерлері дәріс оқиды. Оқимын деген студентке барлық жағдай жасалған. АҚШ прези-денті Барак Обаманың өзі келіп, сту-денттерге дәріс оқыды. Оқытушылары бағаны да әділ қояды. «Бармақ басты, көз қыстыға» жол жоқ. Әркім тиісті бағасын алады. Талай жанға арман болған оқу орнынан білім алып шық-қаныма мақтанамын.
– Ол университеттің біздің универ-ситеттерге қарағанда қандай ерекше-лігі бар? Білім жүйесінде қандай өзге-шеліктер бар? Сәтпаевтан несімен ар-тық? Кемшін тұсы қандай?

– Қазір Сәтпаев атындағы универ-ситеттің кандай деңгейде екенін біл-меймін. Ол жерді бітіргелі 14 жыл бо-лып қалды. Сәтпаевтан артық, я кем деп айтпай-ақ қояйын, бірақ осы жер-де оқығаныма өкінбеймін. «Hankuk University of Foreign Studies» универси-тетіндегі жүйе мүлде бөлек. Шетелден келген студенттерге жақсы жағдай жасалған. Ғимаратының өзі адамды бір көргеннен баурап алады. Ерекшелігі көп. Ғылыми бағытта, лингвистикалық бағытта білім береді. Сапалы маман-дар даярлайды. Осы жерден бітірген-дер жақсы жұмысқа орналаса алады. Кемшін тұсы «мынау» деп айтып бере алмаймын. Әрине, бес саусақ бірдей емес, бұл жерде де аздаған олқылық-тар бар. Бірақ білім сапасы өте жоғары деңгейде деуге толық негіз бар. Бар-лық студент ноутбукпен қамтамасыз етіледі. Оқу үлгерімі өте жақсы болса, бірден 6 айға секіртіп жібереді. Сабақ уақыты 16:00, кейде кешкі 17:00-ге дейін созылады. Алып жүрудің өзі оңай емес. Оқудың қиындығына шыдамай шығып кеткен студенттер де баршылық.

– Екі елдің мәдениеті мен салт-дәс-түрінен қандай ұқсастық байқадыңыз? Үйреніп кету оңай соқпаған болар?

– Ұқсастық өте көп. Мысалы, тілдік жағынан ұқсас. Біздегі «ң», «ү», «ұ», «і», «ғ» деген әріптер корей тілінде де бар. Халқының кішіпейілділігі, адам-гершілігі, өзге ұлтты сыйлауы дәл біз-дің халқымыз сияқты. Бастапқыда, тіл-ді жаңадан үйреніп жүрген кезде корей халқының көмегін көп көрдім. Бірнәр-сеге түсінбесең, соны саған қалай да түсіндіруге тырысады. Баратын жеріңе қалай жылдам бару керек, қай жерде тауарлар арзан – бәрін сол жерде түсін-діріп береді. Нағыз түсіндіре алмаса, қағазға сызып көрсетеді. Пейілдеріне сондай риза боласың. Көшеде мертігіп, я болмаса құлап қалған өзге ұлттың адамын көрсе, жаны қалмай көмекте-седі. Үйіне апарып шәй береді. Тіл біл-геннің пайдасын көп көрдім. Қазір кез келген корей азаматымен емін-еркін сөйлесе аламын. Ана тілімді қосқанда төрт тілде еркін сөйлей аламын. Ағыл-шын тілін де Кореядағы халықтың ба-сым бөлігі біледі десем, артық айтқан-дығым емес. Бізде де ағылшын тілін оқытуға көңіл бөлінсе екен. Не деген-мен әлемдік тіл ғой. Қазір тілсіз ешқай-да бара алмайсыз. Бәрібір алдыңыздан шығады.

– Корей елінің жастарының бойын-дағы патриоттық сезім қаншалықты жоғары?

– Жастары жалындап тұр. Бір айта кетерлігі, бұл елде білім алуға баса на-зар аударылады. Екінші сыныптан бас-тап оқушылар емтихан тапсырады. Жастайынан отансүйгіштікке тәрбие-лейді. Мұндағы тәрбие бөлек. «Дүние-ге келген әр корей азаматы жаңалық ашу керек. Сонда ғана ел дамиды» деп ойлайды олар. Шынында да солай сияқты. Әлемдік брендке айналған «Samsung» компаниясының өнімдері осы елден шығады. «Hyundai Motor Company» өндіретін барлық машина Оңтүстік Кореядан шығады. Осы ком-паниялардағы жұмысшылардың 90 па-йызы – корейлер. Біздегідей шет елден маман алдыру деген оларда жоқ. Әр-кім өзінің қалаған ісімен айналысуға толық мүмкіндік бар.

– Сіз жұмыс істейтін «JMT KOREA» компаниясы немен айналысады? Ат-қаратын қызметі қандай? Бұл компа-нияда Сізден басқа қазақ бар ма?

– «JMT KOREA» – экспорт компания-сы. «Hyundai», «Doosan», «Daewoo», «Volvo», «Samsung» компанияларының техникаларын сатамыз. Аталған компа-ниялардың тауарларын әлемдік рынок-қа экспорттаймыз. Жұмыс талабы өте күшті. Жұмыс уақыты таңертеңгі 9:30-да басталып, кешкі 18:00-де аяқтала-ды. Бұл компанияда 150 адам қызмет атқарады. Аудармашы болып қазақтың жалғыз қара қызы істеуде. Маған өзім-нің жұмысым қатты ұнайды. Менің міндетім – құжаттарды аудару, құжат-тарды керекті жерлерге рәсімдеу. Бір қуанарлық жағдай – биыл қазақшадан көп аударма жасадым. Біраз елдің аза-маттары біздің мемлекетті біле баста-ды. Компанияда жұмыс істегеніме 13 жылдан асты.

– «Болашақ» бағдарламасымен оқыған жастар елге келіп жұмыс іс-теуге міндетті. Оқу бағдарламасының шарты солай екен. Сіз не себептен қалып қойдыңыз? Отаныңызға қашан ораласыз?

– Сұрағың өте орынды. Бұл бағдар-ламамен шет елдің жоғары оқу орын-дарын бітіргендердің басым көпшілігі елге оралады. Шетелде қалатыны са-наулы. Бұрындары көбі қалушы еді. Қа-зіргі жағдай басқаша. Мен бұдан көп жыл бұрын бітіргендіктен, қалып қой-дым. Қазір олай етуге болмайды. Жақ-сы жұмыс ұсынып тұрғасын, осындай шешімге келдім. Сеулде ешқандай тар-шылық көріп жатырған жоқпын. Бола-шақта елге ораламын. Соның ішінде, өзімнің туған жерім Оралға барамын. Қазір тіл білген жанға қай жерден бол-масын жұмыс табуға болады. Өз еліңе не жетсін! Барлық жағдайды жасағаны-мен, өзіңнің кіндік қаның тамған жерге жетпейді бәрібір! Бұл жақта үйренетін білімім әлі де болса көп. Экспорт сала-сын жақсылап меңгергім келеді. Сол үшін көп ізденіп жүрмін. Алған білімім мен білігімді елімнің игілігіне жұмса-ғым келеді. Жастар өз елін шексіз сүю керек! Сонда ғана еліміз дамиды деп ой-лаймын. Болашақ жастардың қолында.

– Ағылшын тілін қашан үйренді-ңіз? Корей тілін меңгеру қаншалықты қиын тиді?

– Ағылшынды Алматыда, студент кезімде үйрендім. Мұнда келгенде ағылшынша жақсы біліп келдім. Жал-пы, тіл үйрену әр адамның өзіне, сосын ниетіне байланысты. Ынта мен жігер болса, кез келген тілді меңгеріп кетуге болады. Тіл білгеннің пайдасы көп. Болашақта жапон, қытай тілдерін меңгергім келеді.

– Туған жерге соңғы рет қашан келдіңіз? Жиі келіп тұрасыз ба?

– Орал қаласына бармағалы 2 жыл-дан асты. Ал елге жұмыс бабымен жиі барып тұрамын. Көршілес Ресей еліне де жиі шығамын. Туған-туыстарыммен Алматыда кездесіп, біраз күн болған-нан кейін осында қайтып ораламын.

– Кореяның, соның ішінде Сіз тұ-рып жатырған Сеул қаласының ауа райы қалай? Табиғаты ұнайды ма?

– Жазы ыстық. Жаз айында үш апта жаңбыр жауады. Оны «Джанма» деп атайды. Бұл сөз «жеміс, егін, көк» де-ген мағынаны білдіреді. Өте ертеден келе жатырған сөз екен. Сол себептен бе, мұнда жердің өзі көк-жасыл болып тұрады. Табиғатын сөзбен айтып жеткі-зу мүмкін емес. Бос уақытымда шығып, табиғат аясында қыдырып тұрамын.

– Қазақстан Кореяның деңгейіне жету үшін әлі қанша жыл керек деп ой-лайсыз? Ол үшін нені жандандыруы-мыз керек?

– Әлі де болса көп уақыт керек деп ойлаймын. Корея әлемдегі дамыған ел-дердің қатарында. Соның ішінде меди-цина саласы қарқынды дамып жатыр. Медицина жағынан әлемде ІІ орынға көтеріліпті. Техника шығару жөнінен көш бастап тұр. Шығаратын техникала-ры мен дәрі-дәрмектерінің сапасы өте жоғары. Олар кез келген нәрсені сапа үшін жасайды. Сапасы жоғары болса, тауардың өтуі де жақсы болады. Құры-лыс жағы да өте қарқынды дамып кет-кен. Жол салу, теңіздің үстінен өте биік үйлер салу мұнда жаңалық емес. Біз-ден көш ілгері. Бұл елдің қарқынына ілесу оңай емес. Бізге кемі 25 жылдай уақыт керек шығар деп топшылаймын. Бірақ мен бұл саланың маманы емес-пін ғой. Десе де, көп нәрседен артта қа-лып қойғандығымызды жасыра алмай-мын. «Сырт көз – сыншы» дейді ғой. Мұндағы ерекшеліктер мен артықшы-лықтарды көріп, «біздің елде де осын-дай болса екен» деп армандайсың. Болашақта бәріне жетеміз, ол үшін тек уақыт керек.

– Ұлттық тағамдарды әзірлеп тұ-расыз ба? Қазақтың қандай тағамда-рын ас мәзіріңізге қолданасыз?

– Бұл жағынан мақтана алмаймын. Көп уақытым жұмыста өтетіндіктен, ас-ханалардан тамақтануыма тура келеді. Ұлттық тағамды сағынатыным рас. Сон-дай кездерде досым екеуміз өзіміздің асты әзірлеп, сорпасын ішіп, бір рақат-танып аламыз.

– Қоғамда қандай мәселелер толғандырады?

– Толғандыратын мәселе өте көп. Еліміздің дамуы, жастар проблемасы-ның азаюы, білім жүйесінің жақсаруы жөнінде ойлаймын. Ең бастысы – жас-тарымыздың жақсы білім алуына көңіл бөлсек екен. «Қазақтың баласы – міне, осындай!» деп күллі әлемге ұялмай көр-сететін жағдайға жетсек екен. Қашанға дейін қазақты «надан» деп жүре бе-реміз?! Қазақта да жігерлі әрі білімді жастардың бар екендігін дәлелдеуіміз керек. Өркениетімізді дамыту үшін ал-дымен жастарымызды білім алуға ұм-тылдыру керек. Киноларымызды көре қалсаңыз, малдың соңында жүрген қа-зақты көресіз. Құдды қазақ малдан бас-қа ештеңе көрмегендей. Кино түсіру жа-ғын жақсылап қолға алсақ екен. Әлем бізді сол арқылы таниды, сол себепті де сапалы фильмдер түсіруіміз қажет.

– Болашақта алға қойған қандай жоспарларыңыз бар? Армандарыңыз-бен де бөлісе отырсаңыз.

– Алдыма қойған мақсаттарым мен жоспарларым өте көп. Оны уақыт көр-сете жатар. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді ғой дана халқымыз. Менің де армандарым жетерлік. Болашақта елімізден өзім жұмыс істей-тін компания сияқты фирма ашқым ке-леді. Әрине, бірден компания болып кетпес, дегенмен бүгін ашылып, ертең жабылып қалатын фирма емес, атым қалатындай дұрыс фирма ашқым келе-ді. Ол үшін алдымен білім, содан кейін көп қаржы керек. Бұл жақта көпке де-йін тұрақтап қалуымның себебі де осында. Оқыған сайын алдыңнан біл-мейтін нәрсең шыға береді екен. Соны білмекке ұмтыласың. Армандарыма, көздеген мақсаттарыма біртіндеп жетіп келе жатырмын деп ойлаймын.

– Жаңадан шығып жатырған «DANA.kaz» журналы мен оқырман-дарына айтар тілегіңіз?

– Журналдарыңызға тілерім – ғұ-мыры ұзақ болсын! Журнал ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Жас-тарымызға «Тек алда болыңыздар!» демекпін. Еліміздің тағдырын жақсы арнаға бұру әрқайсыңыздың қолыңыз-дан келеді. Тек ерінбей еңбек етіп, күш-жігеріңді аямай салып, білім алу керек. Бүгіндеріңізбен өмір сүрмеңіздер. Ал-дағы 10 жыл өмірлеріңізді ойлаңыздар. Барлық жан бақытты өмір сүруге лайық. Бәрі өз қолдарыңызда екендігін естен шығармаңыздар. Өмір болғасын жерде қиындығы да болады. Қиындыққа мойы-май, тек алға қарай ұмтыла беріңіздер. Оқырмандарға айтарым – осы журнал-ды тастамай оқыңыздар. Жастарға көп пайдасы бар деп ойлаймын. Көңіл бөліп оқығандарыңызға алдын-ала рақмет!

– Әңгімеңізге рақмет! Арманда-рыңызға жетуіңізге тілектеспіз!

Сұқбатты жүргізген Жанайдар БОЛАТБЕКҰЛЫ,
Сеул-Жаңақала (ғаламтор арқылы алынды)

Қаралым саны 1236

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463