Орал жазушылары Алматыда

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің сирек құжаттар қорында сақталған суретті «DANA.kaz» журналының оқырмандарына ұсынамыз. Сурет 1939 жылғы 27 маусым күні Алматы қаласында түсірілген.

Фотосуретке «Қазақстан жазушыларының ІІ съезіне Батыс Қазақстан облысынан қатысқан делегаттар тобы» деген түсініктеме берілген. Ортада отырған әйгілі Сәбит Мұқанов – Жазушылар одағының сол кездегі хатшысы болса керек. Оның оң жағында – сол кездері «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары қызметін атқарып жүрген белгілі ақын Тайыр Жароков. Суреттегі өзге де тұлғалар туралы қандай да бір дерек білсеңіз, «DANA.kaz» журналының редакциясына хабарласуыңыз-ды сұраймыз.

Қаралым саны 1268

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463