Қойсары қауымындағы құлпытас

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің Жаманқұдық ауылынан 9 км жердегі Қойсары қауымындағы құлпытас. Бұл тастың ерекшелігі – осы кезге дейін біздің көзімізге түскен ең көне, ескі ескерткіштердің бірі екен.

Оқылуы

1-қатар: Ал мархума ал мағфура
2-қатар: Алача руғы Алтыбас тайифасы
3-қатар: Ханай байниң хатуни Женкетай
4-қатар: Қани қызы офат болды ... иашында
5-қатар: 1825(немесе 1835) санада ал хукму лиллахи
6-қатар: кафа бил маути ағизан уа куллу нафсин
зайиқат ул маут
7-қатар: бу ташни Ханай бай қилдурди
8-қатар: (жартылай көрініп тұрған таңба)

Қазақ тіліндегі мағынасы:

1-қатар: Марқұм болған, кешірілген әйел
2-қатар: Алаша руы Алтыбас тайпасы
3-қатар: Қанай байдың әйелі Женгетай
4-қатар: Қани қызы қайтыс болды ... жасында
5-қатар: 1825 (немесе 1835) жылы Алла Тағаланың үкімі
6-қатар: Насихат керек болса өлім ғибраты жеткілікті және
«әр бір жан міндетті түрде өлімнің дәмін татады»
7-қатар: бұл тасты Қанай бай жасатты
8-қатар: (жартылай көрініп тұрған таңба)

Түсініктеме:
Бұл мәтінде кісі есімдері мен ру-тайпа атаулары, жыл көрсеткіш, тілге байланысты ерекшеліктер, жалпы халықтық мәдениет пен өнерге байланысты туынды қамтылған.
Араб қарпімен жазылған араб, түркі тіліндегі жазуларды оқып, тәржімалаған: С.ЕСЕНТЕМІР,
Түркістан қаласы
Суретті түсірген
Жәнібек ӘБІЛПЕЙІСОВ,
2007 жылдың 13 мамыры

Қаралым саны 1950

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463