Назарымбет қорымындағы құлпытас

Қазіргі Ақжайық ауданы Қурайлысай ауылдық округінің аумағында жатқан «Назарымбет қауымы» - көптеген көне құл-пытастары жақсы сақталған қорым. Ауыл тұрғыны Наурызбай Әбілқайыровтың айтуынша, байбақты руының Назарымбет атасынан тарайтын ауылдың атамекені – осы жер.

Суретте көрсетілген құлпытастың төрт жағына түгел жазу жазылған:

1-сурет: Байбақты руы, Әлтеке тайфасы, Назарымбет бөлімі, ру таңбасы;
2-сурет: Муса баласы Иунус (Жүніс) молла офат 23 йашынде;
3-сурет: 1886 йылда, бұ ташны алуб қойды;
4-сурет: атасы хаж әл-харамайн (қос харамға, яғни Мекке мен Мәдинеге қажылық қылған – Қ.Қ.) Муса;

Суретті түсірген Жандос АЙТАЛИЕВ,
Сурет 2008 жылдың 20 шілдесінде түсірілген

Қаралым саны 1506

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463