Мен – рухы асқақ қазақпын!

Дәурен Маратұлы Доллин – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 2006 жылғы түлегі. Сол жылы республика бойынша Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден ең шекті 120 балды толық жинаған екеудің бірі, білім бәйгесінде дарабоз тарлан. 2006-2010 жылдары Қазақ Мемлекеттік Университетінің халықаралық қатынастар факультетін «Аймақтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011-2013 жылдары «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Миннесота университетінің Карлсон менеджмент мектебіндегі магистратурада «Адами ресурстарды басқару» мамандығы бойынша білім алған. Жәнібек ауылының тумасы.

– Дәурен, “Ұя жақсы, тек онда балапан боп сыясың, шықпас еді қырандар қия алмаса ұясын” деген-дей, өзіңнің өскен ортаң, балалық шағың туралы әңгімелеп берсең?
– Төсінде жайсаңдар аунап-қуна-ған, топырағын ақындар жыр қылған, төскейінде малы мыңғырған Жәнібек ауылында 1989 жылы 2 тамызда «Кең дүние, есігіңді аш, мен келемін» деп өмірден өз үлесімді сұрай келген ұл-дың бірімін. Балалық шағым – менің ап-пақ армандарымның ұясы. Әкем Марат Тілепқалиұлы – Ақтөбенің педагогика-лық-индустриалдық техникумының түлегі, анам Роза Доллина – Орал ауыл шаруашылығы техникумын мал дәріге-рі мамандығы бойынша бітірген. Ата-анам отбасымыздағы ағам Досымның, қарындасым Динараның, сондай-ақ менің жан-жақты білім алып, тәрбиелі болып өсуімізге қатты көңіл бөлді. Адамның негізі балалық шақта қалып-тасады десек, ата-анамыз алаңсыз білім алуымызға жан-жақты жағдай жасай отырып, бізді еңбекқорлыққа, білімге құштарлыққа, жауапкершіліктің жүгін терең сезінуімізге баулыды. 2001 жылы әкем дүниеден өткен соң отба-сын асырау міндеті, бізді оқытудың бар ауыртпалығы асыл анамның иығына артылды. Үмітін ертеңгі нұрлы күнмен байланыстырып, бізге зор сенім артқан анашымның арқасында ағам Құрлық Әскерлері әскери институтын бітірді. Қазір Алматыда өз мамандығы бойын-ша аға лейтенант шенінде қызмет атқарады. Ал қарындасым – Қазақ Ұлттық университетінде «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» факультетінің 3-ші курс студенті, грант иегері.
– “Оқушы дегеніміз – толтыруға арналған шыны емес, ол жарқыраған шырақ, тек соны жаға білу керек” деген екен ұлы педагог Амонашвили. Бала Дәуренді білім мұхитында еркін жүздіре білген ұстаздары кімдер екен?
– “Первое условие для получения Нобелевский премии – наличие хоро-шего учителя” деп атақты экономист Пол Самуэльсон айтқандай, азды-көпті жетістікке жеткен болсам, оның түп негі-зінде Т.Жароков атындағы ЖББОМ-дағы бастауышта білім негізін қалаған ұстаз-дарым Жанар Болатқызы, Салтанат Жәрдемқызы, 5-7-сыныптарда жетек-шім болған Қаламқас Абылханқызы-ның оқушы жанын аялап, өз жандарын аямаған өлшеусіз еңбегі жатыр. Қаламқас апайым ағылшын тілінің грамматикасынан бастап үйретіп, сауатты сөйлей білу дағдымды қалып-тастырды. Нәтижесінде өңіріміздегі кез келгеннің бақ-талайына оқуға түсуге бұйыра бермейтін «Үміт» лингвистика-лық гимназиясында 7-сыныптан кейін білімімді тереңдету мүмкіндігіне қол жеткіздім.

– Облысымыздағы тілдерді терең-детіп оқытатын білім ордасында өт-кен жылдарыңды еске түсірсек.
– Бұл іргелі оқу орнының басшысы – республикаға танымал айтыскер ақын, сөз өнерінің мәйегін көкірегіне сыйдыр-ған тіл жанашыры Дариға Мұштанова апайымыз. Гимназияда қазақ, орыс, ағылшын тілдері тереңдетіліп оқытыл-ды. Қазақ тілінен аудандық Абай және Махамбет оқуларына белсене қатысу-шы болдым. Орыс әдебиетінен «Пушкиннің Оралға сапары» тақыры-бында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асылзия Жуковнаның жетек-шілігімен ғылыми жұмыспен шұғылда-нып, Пушкиннің Теке қаласына үш күн-дік сапары туралы тың материалдар тауып, оқушылардың облыстық ғылы-ми-зерттеу конференциясында жүлделі бірінші орынды иелендім. 9-сынып оқып жүргенде облыстық Пушкин оқу-ларына қатысып, бірінші орын алдым. 2002-2004 жылдары гимназияға АҚШ-тан волонтер Чарльз Мартин келіп, ағылшын тілін тереңдетіп оқытумен шұғылданды. Білімпаз, өнерлі Чарльз классикалық туынды «Ромео-Джульеттаны» қазақы менталитетте, ағылшын тілінде, алдымен, мектеп сахнасына қоюға ұйытқы болса, кейін осындай спектакльдерді облыстық деңгейде сахналап, өнерімізді шыңда-дық. Өзімнің сол қойылымда екі жасты жарастырушы діни қызметкер болып ойнағаным әлі есте. Оралдық Толқын Макишевамен отау құрған Чарльз қазір АҚШ-та тұрып жатыр. Таныстығымыз кейін Америка жерінде жақын достық-қа ұласты. Гимназияда біздің жан-жақ-ты білім алуымызға қатаң көңіл бөлін-ді. Әр сенбі сайын БҚМУ-дан оқытушы-профессорлар келіп дәріс оқитын. Олардың қатарында болған тарихшы Ж.Жақсығалиев, қазақ тілінің маманы Ғ.Хасанов, орыс тілінің маманы Л.Кадимовналардың есімін зор құр-метпен еске аламын. ҰБТ-ға дайындық кезінде ұстаздарымыз әрқайсымызға жеке тұлға ретінде жіті көңіл бөлетін. Психологиялық, интеллектуалдық тұр-ғыда өз алдына, физиологиялық хал-жайымызға дейін қадағаланып, мәсе-лен, қан аздықпен ауырып немесе бас-қалай денсаулығы сыр беріп жүрген-дерге дәруменді қосымша тағамдар берілетін. Үйімізден жырақта жүрген біз үшін ата-анамыздай қамқорлық та-нытқан ұстаздардың мейірімін еш-қашанда ұмытпаспыз. 2006 жылы ҰБТ-дан 120 балл жинап, Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынас-тар факультетіне «Аймақтану» маман-дығы бойынша түстім. Азия-Тынық мұ-хиты аймағының саясаты, экономика-сы, халықаралық қатынасы, тарихы, тілінен терең білім алып, араб тілін меңгердім.

– Данышпан Альберт Энштейн “Мен өз шәкірттеріме ешқашан үй-ретпеймін, мен тек олардың үйренуі-не тиімді жағдай жасауға тырыса-мын” деген қағиданы ұстаздарым ұстанды демексің ғой. “Болашақтың” грантын жеңіп алудың сәті осы кезде түсті ме?
– “Талапты адам талпынған құсқа тең”, деген елімізде алған білімімді шетелде одан әрі тереңдету мақсатын-да тәуекелдің жел қайығына мініп, құжаттарымды “Болашақтың” грантын бөлетін республикалық комиссияға өткіздім. Қазақ тілінен емтихан, психо-логиялық тест тапсырып, ең соңында республикалық комиссия алдында әңгімелесуден өттім де, білім грантына ие болдым. Оқу орнын таңдау бағдар-ламасында ерік берілді. Расымен де, арманымдағы Америка ақиқатқа ай-налды. 2011 жылы қыркүйек айында АҚШ-тың Миннесота штаты, Миннесота университеті, Карлсон менеджмент мектебіне магистратураға түстім.

– Америка жеріне ең алғаш таба-ның тигенде қандай әсерде болдың?
– “Барған жеріңнің төбесіне шық, жақсысына жолық” деген ғой атам қазақ. 15 сағаттай ұшақпен ұшып, Стамбұл әуежайына тоқтаған мезгілде көпшіліктің арасынан қазақ жігіті көзі-ме оттай басылды. Жолы болар адам-ның алдынан жақсы жолығатыны рас екен, таныса келе, өзім оқуға түскен университеттің бакалаврының екінші жылдығына көшкен көкшетаулық Бейбіт Торғауытов екен. Оның ұшағы басқа рейсте болғандықтан, ол өзіміз барғалы тұрған Миннеаполис қаласы туралы сырттай таныстырып өтті. Стамбұлдан алдымен Чикаго қаласына, одан әрі Миннеаполиске ұштым. Әуе-жайдан түскенде бірден көзге байқал-ғаны – көшелерінің тазалығы, кеңдігі мен әдемілігі, топырақты жер жоқ, жа-ғалай көгалдандырылған (газон), тас төселген. Адамдарының жүздерінің жылылығы, жөн сұрасқан кісіге ілти-патпен жауап беретіндігі таңдандыр-май қоймады.

– Оқу бағдарламасына тоқталып кетсеңіз? Мұғалім мен студенттің өз-ара қарым-қатынасы қалай екен?
– Оқыту несиелік негізде жүргізі-леді. Екі жылда 48 пәндік несиені иге-руің қажет. Оның 24-і міндетті, 24-і таң-дау пәндері. Баға біздегідей күнделікті қойылмайды, семинар сабақтары мүл-дем болмайды. Лекциялар интерактив-ті әдіспен презентация формасында беріледі. Интернет ресурстары кеңінен пайдаланылады. Мұғалім мен студент арасында «сен» деп ашық айту қарым-қатынасы орнаған. Студенттер әр түрлі тақырыпта өз ойын бүкпесіз айтып, мұғаліммен еркін пікірлесіп, әңгімеле-се береді. Бізден ерекшелігі сол – мұға-ліммен емен-жарқын ақтарылып сөй-леспеу оны сыйламау деп қабылдана-ды. Мұғалім де, оқушы да еркін стиль-де киінеді, мәселен, лекцияға топик, шортик, сүйретпе аяқ киіммен келу эстетиканың төмендігін білдірмейді. Са-бақ үстінде студент компьютерді еркін пайдаланып, сөмкесінен тамағын алып, жей беру – үйреншікті жайт. Жұмаға әр пәннен мұғалім 100 беттей оқуға және сол аптада өтілген тақырыптар бойын-ша 2-3 беттік эссе жазуға тапсырма бе-реді. Эссе жазуға қойылар талап интер-неттен немесе “дайын асқа тік қасық” боп өзгеден көшіруге қатаң тыйым са-лынады. Лекция кезіндегі белсенділігі-ңе балл қойылады. Емтихан семестрдің аяғында жазбаша түрде тапсырылады. Біздегідей билетті өзіміз суырмаймыз, мұғалім таратады. Қорытынды бағаны бір аптадан соң университеттің ақпа-раттық сайтынан білеміз.
– Курстастарыңыз туралы білсек деп едік?
– Тобымызда бірінші жылы 60 адам оқыдық. Оның 45-і – американдықтар, қалғандары Қытай, Корея, Үндістан, Эстония, Колумбия мемлекеттерінен болды. Қазақстаннан жалғыз мен ғана едім. Мақтанышпен әрі алғыс сезіммен айта кетерлік жайт, 60 студенттің ішін-де өзім ғана мемлекеттік грантпен оқыдым. Аузын айға білеген АҚШ, ал-пауыт Қытай мемлекетінен келген курстастарым біздің еліміздің білімге талпынған өрендеріне жасап отырған қамқорлығына қызыға да қызғана қа-райтын. Мен курстастарыма тәуелсіз-діктің тәй-тәй басқан елең-алаң шағы-ның өзінде-ақ мемлекет басшысының ел болашағы – жастарға арнап “Бола-шақ” бағдарламасын енгізгенін мақта-нышпен айттым.

– Өзге елдің тыныс-тіршілігіне үй-рену қиын болған шығар?
– Алғашқы жылы Стамбұлда тағ-дыр тоғыстырған көкшетаулық Бейбітті тағы да кездестіргенімде таңданысым-да шек болмады. Онымен бірге кам-пустің (университет қалашығы) жаны-нан пәтер жалдадық. Пәтер құны – 1200 доллар шамасында. Ай сайын грант иегері ретінде есепшотыма 1700 дол-лар шәкіртақы, әр семестр сайын кітап сатып алуыма 700 доллар аударылып тұрды. Америкаға барып қайту жол қаражатын түгелдей мемлекет шешті. Сондықтан болмысты тұрмыс билейді деген бізде ешқандай уайым болған жоқ, бір ғана міндет – алаңсыз оқу ғана тұрды. Алғашында ортаға сіңісіп кету-ден қиналдым, себебі оларда магис-тратураға негізінен 25 жастан кейін, еңбекке араласып, азды-көпті тәжірибе жинақтап барып түседі екен. Содан да болар, топтағы ең жасы кішісі мен бол-дым. Бізде ас атасы нансыз – тамақ ішпесек, “шай ішсең, көңілің жай” деп шайсыз жүрмесек, олардың тамақ рационында бұлар мүлдем жоқ екен, нансыз, шайсыз тамақ ішуге үйренуім өте қиын болды.

– Адами қарым-қатынаста қандай қасиетті жоғары бағалайсыз? Бауыр-малдық, жанашырлық сезімдерін сақтай білген адамдарды сағынатын заман туған секілді, оның үстіне елден жырақта болдыңыз дегендей.
– Мұсылмандықты ғасырлар бойы ата дініміз ретінде мойындаған баба-ларымыз «өле жегенше, ағайынмен бөле же» деп, ұл-қызына көргені мен көңілге түйгенін мирас еткен, бауыр-малдық тінінің берік болуын қадағала-ған ғой. Университеттегі 15 шақты қа-зақ іргемізді сөкпей, салтымызды сақ-тап, бір-бірімізді қолдап отырдық. Қазақстан студенттерінің ассоциация-сын құрдық. Наурыз мерекесінде ұлт-тық киімімізді киіп, бауырсағымызды пісіріп, қыз қуудан көрініс көрсетіп, еліміздің тарихын жан-жақты ашатын презентация әзірлеп, домбырамызды күмбірлетіп, ән-жырдан университет залында шашу шаштық. Шашу демекші ішіне күміс тиын, бауырсақ, тәтті салын-ған шашу шашу салтымызға американ-дықтар таң қалысып, бас шайқасты. Қара жорға биімізді хитқа айналдыр-дық десем болады. Қазақ елшілігімен ұдайы қарым-қатынас ұстап, Америка-да тұрып жатқан қандастармен байла-ныста болдық. Қырық рулы, қарға та-мырлы қазағымыздың даналарының ағайынның алалығынан уыстағының кететіндігін айтқан өсиеті үнемі есте болып, бауырмалдық, жомарттық, уә-деге беріктік, қайырымдылық қасиет-терді шеттегі жерлестер өміріміздің өл-шеміне айналдыра білдік. Америка-лықтардың кеңпейілдігінің бір көрінісі деп есептер едім, бұл елде түрлі нәсіл, сан алуан ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, діни-нанымының уағыздалуына еш-қандай шектеу қойылмайды. Өзім бес мезгіл намазымды оқып, қасиетті ораза айында ауыз бекітемін, мен се-кілді мұсылмандық парызын өтеп жүр-гендерге университет ішінде арнайы бөлмелер бөлінген, тіптен ашық алаң-да намаз оқу қалыпты құбылыс ретінде қабылданады. Жалпы, Миннеаполисте негізінен мұсылман сомалиліктер көп.

– “Үлкен адам болу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға” де-гендей, өмірлік ұстанымың қандай?
– Халқымызда “Білім алу азабы уа-қытша, ал білімсіздіктің азабы мәңгі-лік” деген сөз бар. Таудай талабым бармақтай бағыммен қабысып, жаста-йымнан қатардан озатын ұл биікте жү-реді деген әке сөзін басты бағдар еттім. Қайда жүрмейін, “мен – рухы асқақ қазақпын!” деген ұстанымды ұстап, Абай атамыздың “адам адамнан білім, мінез, ар арқылы озады” деген сөзін естен шығармадым. Қазақ, ағылшын, араб, орыс тілдерін игерудегі қасиетім-ді егер дарындылық деп есептер бол-сақ, осының негізінде тоқсан тоғыз па-йыз еңбек, бір пайыз талант жатыр деп есептеймін.

– Өмірде аларыңды ғана ойлама, қалдырарыңды ойла деген, болашақ-тағы мақсатың қандай, шетелде білім алғысы келетін жастарға не айтар едің?
– Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін, - деген алаштың арда ұлы Мағжанның сөзін замандастарымыз өмірлік ұстаным етсе дер едім. Алдағы уақытта шетелде алған білімімді өзім еңбек жолын бас-тағалы отырған Атыраудағы “Теңіз-Шевройл” компаниясында ел игілігіне асырамын деп есептеймін. “Болар адам болдым демес, болдым десе, болғаны емес” дегендей, үнемі алға ұмтылып, тілін, рухын, намысын қалың елге іспен, мінезбен жеткізе білген, жүрегінің санасынан, ой елегінен өткізе білген, елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін деген сұ-рақ көкейінде жүретін адам нағыз ел-дің патриоты деп білемін.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан
Меңдігүл ФАЗЫЛОВА,
Жәнібек ауданы, 
Батыс Қазақстан облысы

Қаралым саны 1159

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463