Көшпелі қазақ қоғамының өзіндік ерекшелігіне сәйкес, өткен ғасырлардан бізге дейін жеткен нақты құжат, тарихи жәдігер өте аз. Сол аз жәдігердің бір түрі – көне қорымдардағы құлпытастар. Мұндай ескерткіш, әсіресе, Қазақстанның батыс өңірінде өте көп. Бұл құлпытастардан марқұмның аты-жөні, шыққан тегі, лауазымы, әлеуметтік дәрежесі, қай жылдары өмір сүргендігі, ұрпақтары туралы мәлімет алуға болады. Алайда соңғы жылдары көне қорымдар мен құлпытастар уақыт тезінен тозып, жойылып барады. Сондықтан тез арада көне жерлеу орындарын анықтап, зерттеу нысанасына айналдыру керек.

Мемлекеттік биліктің түрлі деңгей-де отырған басшылары рухани бай, парасатты болса, сол аймақтағы халық-тың да бағының жанғаны. Өмірде мате-риалдық игіліктердің де мән-мазмұнын терең түсіну үшін әр адамның рухани бай болуы – басты шарт. Ол үшін әр отбасы және мемлекет бір ұстанымда жұмыстануы қажет.
Егер мемлекет қаржысын бөліп-тарату құзыры қолында тұрған адам рухани бай, терең білімді болса, ол оны халқының жан азығы үшін қажет бағыттарға бөліп, ұрпақты дұрыстыққа тәрбиелейді.

Дәурен Маратұлы Доллин – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 2006 жылғы түлегі. Сол жылы республика бойынша Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден ең шекті 120 балды толық жинаған екеудің бірі, білім бәйгесінде дарабоз тарлан. 2006-2010 жылдары Қазақ Мемлекеттік Университетінің халықаралық қатынастар факультетін «Аймақтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011-2013 жылдары «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Миннесота университетінің Карлсон менеджмент мектебіндегі магистратурада «Адами ресурстарды басқару» мамандығы бойынша білім алған. Жәнібек ауылының тумасы.

Көзінің тірісінде-ақ аңызға айналып, елдің аузына іліккен тұлғалар көп қазақта. Солардың бірі – Құныскерей Қожахметов. Өзімен тағдырлас Нарынның Аманғалиы, «байлардан таңдап ат алатын» Ерғали Аязбайұлы, қызылдармен атысып, жастығын алып өлетін маңғыстаулық Тоқабай Құрмаш секілді «банды» атанған Құныскерей. Қазақстанның батыс өлкесіне атағы мен дақпырты түгел тараған, ақылы мен айласы арқасында кешегі КСРО секілді алып мемлекеттің тұзағына түспей, Сібірден секіріп, түркімен жерінде тыным тапқан тұлғаның аңызы мен ақиқатын, соның ішінде көпшілікке беймәлім өмірінің соңғы кезеңі туралы мақаланы ұсынамыз.

Орал-Алматы пойызы... Абыр-сабыр басылып, әркім өз орнына жайғасып болған. Жүктерімізді орна-ластырып, төсек-орнымызды сайла-ған соң көрші орналасқан жолаушы-лар бір-біріміздің бет-жүзімізге ба-жайлап қарай бастадық. Оң қолым-нан орын тепкен көрші апамыздың ашық-жарқын адам екенін байқа-дым. Бөтен көрмей, бірден бауырына тарта сөйледі. Жары Қуаныш ағай екеуі қыз жасауының шаруасымен Алматыға жол жүріп барады екен. Жөн сұраса келе, Жамал апамыз рулас болып шықты. Кісіге бірден жұғыса салуым қиындау еді. Бірақ мені ерлі-зайыптылардың мейірімі мен бауырмалдығы бірер сағатта баурап алды. Ұзақ сапарды әңгіме-дүкен құрып қысқарта отырып, біраз жайға қанықтым.

1960 жылдардың басы. Қазіргідей күнді жалғап жағы сембей жататын теледидары, киносы жоқ ауылдың сабақтан соңғы бар алаңы – кітап. Кітаптың да көзі көп емес. Іздеп оқимыз, таласып оқимыз. Оқығанның оқиғасын әңгімелеп, әсерін ортаға салу – ол енді кішігірім жәрмеңке. Сол уақытта талай балаң оқырманның ықыласын баурап, қиялын қырық құбылтып тамсантқан шығарма Х.Есенжановтың «Ақ Жайығы» еді. 

Шежіренің бір тарауында «Алаштан» әкеліп «Қазақты», одан «Бекарыс» Кіші жүзді таратқанда, «Бекарыстан» үлкен «Алшын» руы тайпасы өрбиді.

«Бес ғасыр жырлайды» жинағын-да: «Жиембет жырау Бортоғашұлы – XVІ ғасырдың соңғы ширегі, XVІІ ға-сырдың алғашқы жартысында өмір сүрген «Алшын» руынан шыққан, ең-сегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы батыры. Ол, әсіресе, 1620 жылғы ойраттармен күресте өз ерлігімен ерекше көзге түскен» делінген. Өз кезегінде Кіші жүзді құрайтын үлкен рулардың бірі – Он екі ата Байұлы болса, оның бір тармағы – жеті баулы Тана. Жиембет осы Тананың рубасы, әрі жауға шап-қанда ұраны да болған. Рудың өзінің көпшілігінің кісі аттары екендігі де тарихтан белгілі.

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,
Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті, тарих ғылымдарының кандидаты

«Алашорда» сабағы мектептерде оқытыла бастайтыны туралы жақсы хабар шықты. Соңғы кездері елімізде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында да Алаш тарихына қатысты зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіле бастады. Бұл істердің басында Жаһанша Досмұхамедұлы атындағы «Қайраткер» қоғамдық қоры жүр.

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Қурайлысай ауылдық округінде, Сайқұдық ауылынан 6 шақырым жерде жергілікті жұрт «Бостан қауымы» деп атайтын көне зират бар. Бұл зиратта Кіші жүз Бай ұлы ішіндегі Сұлтансиық атасына қарайтын Тана руының адамдары жерленген. Көне құлпытастар-дың бірінен көзімізге мынадай мәтін түсті:

Жақында Астана мен Орал қалаларында «Махамбет-тер тірі екен!..» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Біз 1991 жылы Орал қаласында болған қыркүйек оқиғасы жөніндегі фильмнің авторы, сол күндердің куәгері болған белгілі ақын, журналист Мұнайдар Балмолданы әңгімеге тарқан едік.

Ұлықпан хәкім өте әдепті болыпты. Одан біреу:
– Хәкім, әдепті кімнен үйрендіңіз? - деп сұрады.
– Әдепсізден, - деп жауап берді.
– Әдепсізден не үйренуге болады?

Біліп алғын, балақан,
Атауларын жас бүркіт:
Бір жасында – БАЛАПАН,
Екі жаста – ҚАН ТҮБІТ.

Асылан ТІЛЕГЕН,
Алматы қаласы

Тірлігінде қабағы түсіп, көңілі жабырқап жүрген қаламгер қандай құнды шығарма жазуы мүмкін? Шығармашылық иелерінің көңіл-күйін баптап, олардың «асау» мінездеріне шыдап, жаманын жасырып, жақсысын асырып отыратын ақын-жазушылардың жарлары екенін көпшіліктің мойындайтыны ақиқат. Егер талантты жазушының қаламынан құнды шығарма дүниеге келсе, ең бірінші ол – жазушының жарының еңбегі. Сол шығарманы оқып отырып біз білмейтін, бірақ аяулы ана, сүйікті жар әр ақын-жазушының жұбайына үлкен алғыc айтуға тиістіміз. Өмірлі шығарманың иесінің сол туындыны дүниеге әкелуіне қаламгер жарының еңбек үлесі ерекше екені даусыз.

Жәнібек ӘБІЛПЕЙІСОВ,
Атамекен ауылы, Батыс Қазақстан облысы

Тайпақ топырағында туып-өскен, елге есімі кеңінен мәлім әулие Арыстан Жұмалыұлының руы – тана, бөлімі – Жиенбет. Жиенбеттің Масай аталығынан шыққан. Қызыл шырайлы, көркем жүзді, дембелше келген, мінезге бай адам екен. Арыстан қарт – мұсылманша білімі терең, «нақуды тауысқан» дейді білетіндер. Нақу бітірген молдалар екі түрлі жолға түседі екен. Біріншісі бас пайдасын көздеп, оқудың күшімен жын-перілерге жұмысын жасатады. Болмаса, адамдарға ішірткі, дуа жазып беріп, тағдырын өзгертіп, қорлыққа салады. Бұл қазіргі тілмен айтқанда қара магия сияқты. Ал екіншісі – нақу оқуын біле тұра, бас пайдасына жұмсамай, адал еңбегімен күнелтіп, халыққа қызмет етуші ғалым-молда.

Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Ақтөбе қаласы

БЕЙУАҚ

«Ай, заманым, заманым,
Қайда кетіп барасың...».
Таппағасын амалын,
Жұрт... жалайды жарасын.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77