Алаш антына адалдық

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,
Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті, тарих ғылымдарының кандидаты

«Алашорда» сабағы мектептерде оқытыла бастайтыны туралы жақсы хабар шықты. Соңғы кездері елімізде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында да Алаш тарихына қатысты зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіле бастады. Бұл істердің басында Жаһанша Досмұхамедұлы атындағы «Қайраткер» қоғамдық қоры жүр.

Биылғы 12-13 шілдеде Батыс Алашорда үкіметінің 95 жылдығы, Қаратөбеде және Жымпитыда өткен Қазақ съездеріне 95 жыл және Халел Досмұхамедовтің 130 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы, т.ғ.д., академик Өмірзақ Озғанбаев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Назарбаев орталығы» ММ «Мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселелері және даму институтының» бас ғылыми қызмет-кері Ерлан Сайлаубай, Алматыдан тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков, Түркістаннан тарих ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Хазіретәлі Тұрсын секілді ғалымдар келді.
Конференция қонақтары Сырым ауданының орталығындағы «Алаш саябағына» гүл шоғын қойып, тағзым етті. Конференцияға профессор Т.Рысбеков, М.Сабыр, А.Қыдыршаев, ғылым кандидаттары Ж.Жақсығалиев, С.Құрманалин, аға оқытушылар С.Сүлейменов пен А.Кенжеғалиев сынды жергілікті ғалымдар да белсене қатысты.
Конференция барысында мына-дай ұсыныстар қабылданды:
· Алдағы Алаш қозғалысының 100 жылдығына тыңғылықты әзірлік жасау;
· Орал қаласында Алаш қайрат-керлеріне ескерткіш орнату;
· Жас ұрпақты туған өлке тарихына тәрбиелеу мақсатында «Алаш жолымен» атты саяхат жобасының ұсынысын қолдады;
· Мұрағаттағы сарғайып жатқан Алаш тарихының құжаттарын жарыққа шығару мақсатында «Алаш» ғылыми-зерттеу орталығын ашу;
· Мектептерде «Алаштану» пәні енгізілуіне байланысты оқытушылардың білім жетілдіру институтында немесе жоғары оқу орындарында «Алаштану» пәніне сертификат беретін курстардың бағдарламасын жасап, тарихшы мұғалімдерді оқыту;
· 2012 жылы 13 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда 13 желтоқсан – «Алаш күні» деп белгіленген еді. Осы күнді «Алаш күні» деп жаппай атау қолданысқа енсін деген мәселе қойылды.
Республикалық ғылыми-тәжірибе-лік конференцияны ұйымдастырушы-лар (Сүлейменовтер отбасы мен Сырым ауданы әкімдігі) Жаһаншаның туысы, қарақұнан тана руынан шық-қан Кәрім Өтеғұловқа қаражатпен көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Қаралым саны 1013

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463