Бүркіт

Біліп алғын, балақан,
Атауларын жас бүркіт:
Бір жасында – БАЛАПАН,
Екі жаста – ҚАН ТҮБІТ.

Үште ТІРНЕК болады,
Төрт жасында – ТАС ТҮЛЕК.
МҰЗ БАЛАҚ ат алады,
Бесте қыран жас түлеп.
Алтыда одан көп үміт,
Есімі енді – КӨК ТҮБІТ.
Жеті жаста ол – ҚАНА,
Сегізінде ол – ЖАНА.
Тоғызда аты – МАЙ ТҮБІТ,
Онда – БАРШЫН, шау бүркіт.
Әрі қарай санама,
Қарт БАРҚЫННАН қай үміт?

(«Әлдиден эпосқа дейін»
кітабынан алынды)

Қаралым саны 1011

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463