Тарихымыз тереңде

Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ, 
«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры

Қазақ баспасөзінің тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады. Сол кезеңдегі басылымдар қатарында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері де бар. «Орал өңірі» 1918 жылы 17 қарашада «Хабар» (Известия), 1919 жылы 1 қаңтардан «Қазақ дұрыстығы», 26 ақпаннан 10 шілдеге дейін «Дұрыстық жолы», кейін «Сахара таңы», 1920-1932 жылдары «Қызыл ту», 1932-1957 жылдары «Екпінді құрылыс», 1957-1963 жылдары «Октябрь туы», 1963 жылдан бүгінге дейін қазіргі атауымен шығып келеді. «Орал өңірімен» еншілес «Приуралье» газетінің атауы да заман саясатына сәйкес өзгеріп отырды. Бүгінде аталмыш екі басылым «Жайық Пресс» ЖШС-ның меншігінде. Бұл газеттер еліміздегі ең байырғы басылымдар болып есептеледі.

Биыл облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейлі жылы. Осыған орай ғасырға жуық ғұмыры бар басылымның тари-хынан сыр шертетін музей ашсақ, тари-хын түгендесек деген деген игі мақсат 2012 жылы-ақ басталған. Өз газетімізді өзіміз зерттеп, тігінділерін түгендеп, ең алғашқы нөмірлерінен бастап ұйым-дастырған, шығарған тұлғаларды іздес-тіруді жоспарладық. Зерттей келе, Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Есенбаев сынды тұлғалардың 1918 жы-лы «Дұрыстық жолы» газетінің редак-циялық алқа құрамында болғанын білдік. Алқада мүше болған Ғұмар Қараш пен Ғабдолғазиз Мұсағалиев 1911-1913 жылдары «Қазақстан» ата-уымен газет шығарушылар қатарында болған екен. Сондықтан істі «Қазақстан» газетінен бастауды жөн көрдік.

Міне, Ресей архивтерінен іздесті-ріп, 1911-1913 жылдар аралығында Орал қаласында шығып тұрған «Қазақстан» газетінің 16 санын тауып, көшірмесін алдырып, араб әрпінен қа-зіргі әліпбеге аударып, бұл басылымды шығарған тұлғалар туралы деректер-мен толықтыра отырып бір жинақ шы-ғардық. Бұл жинақты ұлтымыздың то-лыққанды газет ретінде жүйелі шығып тұрған тұңғыш басылымы – «Қазақстан» газетіне арналған алғашқы кітап, ша-ғын энциклопедия десек те болады.

Бүгінгі мерейтойға арналған екін-ші бір құнды еңбек – «Қос басылым-ның тарихы» деп аталады. Бұл өзде-ріңіз де шамалап отырғандарыңыздай, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің ғасырға жуық тарихын қамтыған жинақ. Кітапта газеттің 1918-1919 жылғы алғашқы сандары аудар-масымен беріліп, басылымды қалып-тастырған, жетекшілік еткен, әр жылда-ры қызмет жасаған тұлғалар туралы деректер топтастырылды. Осы зерттеу-лер барысында газетке редакторлық еткен бірнеше тұлғаның саяси репрес-сия құрбаны болғанын, «Халық жауы» деген жаламен атылғанын анықтадық. Осының өзі газет редакциясында қиын-қыстау жылдарда елім деп еңіреген азаматтар қызмет атқарғанының дәлелі емес пе?!

Осы атаулы күнге арналған үшінші кітап – «Жайық журналистері» деп ата-лып отыр. Бұл жинақта аталмыш қос басылымда күні бүгін қызмет атқарып жүрген журналистердің таңдаулы мақалалары іріктеліп берілген. Жалпы, әрбір газет-журнал редакциясы өзінің таңдаулы жарияланымдарын топтасты-рып, кітап етіп шығаруы – бұрыннан бар дәстүр. «Жайық Пресс» ЖШС-да осы бір игілікті дәстүрді жалғастырмақ ниетте.

Міне, құрметті оқырман, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейтойын осындай ойлы дүниелермен, мәнді де мағыналы шаралармен өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрқашан, әр кезде де басылым тойы – оқырманның да тойы. Мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын!

Қаралым саны 959

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463