Журналымыздың бүгінгі саны негізінен Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің шыға бастағанына 95 жыл толуына байланысты мақалаларға арналып отыр. Еліміздегі өңірлік басылымдардың алдыңғы толқынына жататын әріптестерімізге туған күнінде әдемі тілек айту әдептілік қана емес, сол үнқағаздың ғасырға жуық ғұмырында қызмет еткен Ғұмар Қараш, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Есенбаев, Мұстафа Көкебаев, Ахмет Мәметов, Батырбек Әлжанов, Әбдірахман Байділдин, Рахым Сүгіров, Сәтбек Иманқұлов, Қасым Аманжолов, Абдолла Жұмағалиев, т.б. көптеген алаш арыстарының аруағына тағзым десек те болар. Шыға бастағанына әлі жыл болмаған «DANA.kaz» тарихи-танымдық журналы Ақ Жайық өңірінің аға басылымы қызметкерлеріне өнікті жұмыс, нәтижелі еңбек тілей отырып, газеттің бастауында тұрған аталар аманатына адал болыңыздар деген пейілін білдіреді.  

Асан қайғы, Жиембет, Сырым, Исатай, Махамбет, Жаханша тізе берсе еліміз үшін аянбай еңбек еткен тұлғалар жетерлік. Осылардың арқасында біз шалқып өмір сүрудеміз. Бұлар әрі батыр, әрі би, әрі ел басқарушы тұлғалар болған. Нағыз патриот қандай болу керек десе осы ата-бабаларымызды үлгі етіп алуға болады. Ата-бабаларымыз елге қалтқысыз еңбек ету қасиетті, тәрбиені, білімді қайдан алды?

Айбар БЕЙБІТҰЛЫ,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың жаратылыстану-география факультетінің ІV курс студенті, жас ғалым:

– Туып-өскен ортаңыз?
– 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, 2-ші Шежін деген ауылда дүниеге келдім. Ауылда-ғы қарапайым қазақ мектебін бітірдім. Отбасымызда 4 ағайындымыз. Әкем – жеке кәсіпкер, анам – үй шаруасында, қарапайым кісілер. Менің университет-те оқуым, соның ішінде мемлекеттік грантта оқып, олимпиадалардан жүл-делі орын алуым – ол кісілер үшін үл-кен мақтаныш.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішіндегі қайталанбас туындылардың бірі – зергерлік бұйымдар.

Зергерлік бұйымдардың алуан түрі бар. Олардың дені – әйел әшекейі болып келеді. Бұл бұйымдар эстетикалық сұлулықты көрсетіп қана қоймай, салт-санаға, дәстүрге сәйкес бірқатар функциялық мән-мағынаны білдіріп тұрады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
Орал қаласы

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің тарихы да қазақ халқының аумалы-төкпелі, талайлы тағдырымен сабақтас. Атауы сан мәрте өзгерсе де үзілмей шығып келе жатқанына бір ғасырға жуықтаған бұл басылымның бетінде талай ұлт зиялыларының үкілі үміті, асқақ арманы, елге қызмет етсем деген мақсат-мүддесі көрінді.

Қазақ баспасөзі тарихын зерттеуде ақтаңдақтар әлі де бар. «Орал өңірі» газетінің 95 жылдық тарихына орай басылымның бастауында тұрған тұлғалар мен оқиғалар-ды зерттей жүріп, тағы бір тың тақырыпқа тап болдық.

Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» га-зеттерінің құқықтық мәртебесін заң-дастыру және олардың шығармашы-лық әлеуетін арттыру, материалдық-техникалық базасын жақсарту мақ-сатында оларды біріктіру қажеттігі туындады. Осыған сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы №36 қаулы-сына сәйкес «Жайық Пресс» облыс-тық коммуналдық кәсіпорны құры-лып, оның құрамына облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері кірді. Кәсіпорынның алғашқы дирек-торы болып басшылық жұмыста тәжірибесі мол Қаршыға Ғалиасқарұлы Қосанов тағайындалды. Жаңа құрылған мекеменің аяғынан тік тұруына орынбасарлар Альберт Сафуллин және марқұм Серіқали Сәрсенов көп еңбек сіңірді.

Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ, 
«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры

Қазақ баспасөзінің тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады. Сол кезеңдегі басылымдар қатарында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері де бар. «Орал өңірі» 1918 жылы 17 қарашада «Хабар» (Известия), 1919 жылы 1 қаңтардан «Қазақ дұрыстығы», 26 ақпаннан 10 шілдеге дейін «Дұрыстық жолы», кейін «Сахара таңы», 1920-1932 жылдары «Қызыл ту», 1932-1957 жылдары «Екпінді құрылыс», 1957-1963 жылдары «Октябрь туы», 1963 жылдан бүгінге дейін қазіргі атауымен шығып келеді. «Орал өңірімен» еншілес «Приуралье» газетінің атауы да заман саясатына сәйкес өзгеріп отырды. Бүгінде аталмыш екі басылым «Жайық Пресс» ЖШС-ның меншігінде. Бұл газеттер еліміздегі ең байырғы басылымдар болып есептеледі.

Жуырда «Dana.kaz» тарихи-танымдық журналының 1 жылдығына орай облыстық қазақ драма театрында белгілі семейлік жыр-шы, республикалық ақындар айтысы мен жыршы-термешілер байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы Дүйсенғазы Нығметжанов-тың жыр кеші өтті. 

Тарихты білу, зерттеу не үшін керек? Біздің ойымызша, мұның ең басты екі негізі бар. Біріншіден, өткенімізді біліп, болашақты са-ралау үшін керек. Екіншіден, өткеніміздің жақсы жағын алып, болашақ ұрпақ-ты ұлттық рухта тәрбиелеу үшін қажет. Туған жерінің тарихын терең білмей, елдің, әлемнің тарихын білем деу – қате. Әр адам өзі туып-өскен жерді елінің, әлемнің тарихымен байланыстыра зерделесе, оң болады. 

Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін ел ағаларының бірден рухани құндылықтарымызды түгендеуі – қазіргі көзқараспен салыстырғанда, ерлікке пара-пар іс. Әбіш, Шерхан, Өзбекәлідей ұлт жанашырлары дін, тарих, әдебиет, этнография секілді қыруар байлығымыздың бас-аяғын жинауға шұғыл кірісті. Рухани баянды істердің бірегейі болып, жер-жерде қазақ театрлары ашыла бастады. Солардың бірі – Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры.

Қазақстанның құрметті журналисі, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетін 1991-2002 жылдар аралығында басқарған Мәжит Қайырғалиев ағамыз өлең өлкесінде де өзіндік өрнегін қалдырған қаламгер. Журналымыздың жырсүйер қауымына ағамыздың бір топ өлеңін ұсынамыз.

Қайрат Лама Шәріп Қазақстан Республикасы Дін істері комитетінің басына келгенде, ол кісінің ата-тегіне қатысты біліп-білмей айтылған қаңқу сөз көбейді. Кейбіреулер «лама» деген – будда дініндегілердің молдасы ғой» деп ұшқары пікірлер айтты. 

Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист

Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Сұлтан ЖҰМАБЕКҰЛЫ,
Бейнеу кенті, Маңғыстау облысы

Қаны бар қазақ ата-баба қонысын ұмытпайды, ата-баба зиратын қастерлейді. Тағдырдың әр түрлі тауқыметімен тамырынан алыстап кеткен адамның өзін тыншытпай, түн ұйқысын бұзатын да – осы бір құпия сыр...

БҚО Қаратөбе ауданы орталығына таяу маңда Шымбойы деп аталатын көне қоныс бар. Бұл жерде ертеректе едәуір үлкен елдімекен болғаны жөнінде көнекөз қариялар болмаса, ешкім білмейді. Тіпті ауыл маңындағы көне зиратты да көшкен құм басып, мүлде байқалмайтындай еткен.

Редакциямызға Думан Ғазез есімді оқырманымыз жолдаған төмендегі құлпытас Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Тау ауылдық округіне қарасты Қайрат ауылындағы зираттан түсірілген екен. Араб тілінде Құран аяттары жазылған құлпытасқа сүйеулі тұрған тағы бір құлпытас сынығы бір адамға арналған ба, жоқ па, бізге белгісіз:

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданына қарасты Өлеңті көне қонысындағы құлпытас. Бұл жер – белгілі ақын Жұбан Молдағалиевтің кіндік қаны тамған өңір саналады. Құлпытас мәтіні ескерткіштің күнбатыс және құбыла бетіндегі қырында жазылған: 

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77