Лама Шәріптің Буддаға қатысы жоқ

Қайрат Лама Шәріп Қазақстан Республикасы Дін істері комитетінің басына келгенде, ол кісінің ата-тегіне қатысты біліп-білмей айтылған қаңқу сөз көбейді. Кейбіреулер «лама» деген – будда дініндегілердің молдасы ғой» деп ұшқары пікірлер айтты. 

Әрине, көпшілік қауым білмес-тіктен қателесетін шығар. Бірақ араб тілін білетіндердің өзі кейде әдейі өрескел сөз айтып, жұртты адастыра-тыны бар. Шындығында «лама» сөзі-нің мән-мағынасы тереңде жатыр.
Өз басым Лама Шариф фамилия-сын баспасөз беттерінен алғаш көрге-німде «кім қойса да терең мағыналы есім екен, мүмкін Қайрат ағамыздың аталары дін ұстаған терең тақуа молда болған шығар, ия болмаса ғалым мұсылман тақуалармен жақын араласқан кісілердің ұрпағы-ау, сірә» деп қатты қуандым. Бұл – қуанышты жай. Өйткені «Лама Шариф» – терең мағыналы ұғым. Лама Шарифті көп адам түсіне бермейді ғой.
Сонымен, Лама Шарифтің негізгі мағынасына келейік. «Лама» сөзі – арабтың «лама'а» сөзінің қазақшаланған түрі. «Лама'а» – араб тілінен аударғанда «жарқырау», «жалтылдау» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің бірнеше синонимі бар: аллакун – ашық; барракун – жалтыр, жалтыл, жалтырақ; уамидун – нұр, нұр шашу, сәуле, шұғыла, тамаша, керемет, көз шағылыстыратын; ал «шариф» сөзі-нің мағынасы – атақты, ізгі, мейірбан, таза дегенді білдіреді.
Сонда Лама Шариф – Нұр Шариф деген сөз екен. Дәстүрлі исламдық діни түсінігімізде ең әуелі Пайғамбарымыз Мұхаммед с:ғ.с.-ның нұры жаратылғаны айтылады. Басқа жаратылыс содан өрбіген. Міне, сондықтан біздің қазақ таны-мында Нұр шариф дегенде ең алды-мен аса құрметті Пайғамбарымыз еске түседі. Сонда Лама Шариф есімі-нің мағынасы – ең атақты нұр, ең атақты сәуле деген мағына болып шықты.
Біздің ата-бабаларымыздың ішін-де Ислам дінінің тұнық бұлағынан су-сындаған, өте терең рухани сырларға жеткен ғұламалар көп болған ғой. Араб жұртшылығының өзі де түгел сырын түсіне бермейтін «Лама Шариф» есімінің қазақ арасында кез-десуі осыған дәлел емес пе?
Бір қызығы, біздің жаңа муфтиі-міз Ержан қажы Маямеровтің аты-жөні де келмей жатып кейбіреулер-дің талқысына түсіп кетті. Шынында да, қазақ арасында кездесіп қалатын Майемер есімінің түп-төркіні – араб-тың Мұғаммар – «ұзақ өмір сүретін», яғни біздің тілге жақын «Көпжасар» деген кісі аты болса ке-рек. Мұғаммар – Құран Кәрімде кез-десетін сөз, Сыр өңірінде өткен атақ-ты Қалжан ахунның да Мұғаммар есімді ұлы болған. Ливияның тақтан тайдырылып, өлтірілген көсемі Каддафидің есімі де Муаммар еді.
Надандық – бұл бір дерт қой
бізге жеткен,
Даналарға тыным бермей
тентіреткен.
Тарихта надандардың кесірінен
Мұса Мәдианға қашып,
Иса көкке кеткен...
Ендеше, таза рухани, ислами те-рең мағына беретін Лама Шариф есі-мін бұрмаламайық, оны өзгеге телі-мейік дегім келеді.

С.ЕСЕНТЕМІР,
Ақтөбе қаласы

Қаралым саны 1228

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463