Маңғыстаудағы Ағотты-Нар жері – арнап шыққан жан болмаса, көпшілік-тің жолы түсе бермейтін, баруы қиын өңір. Сол жердегі Аманжол Оразбай-ұлының басына белгі тас қою жолында Алдаберген хажы біраз еңбектенген екен. Жол көрсетер жан іздеп, оңтүстік-тегі шекара бекеті Төлепке дейін ба-рыпты. Әскерилерге ілесіп, Оазис пен Төлеп ортасын қосатын шекара шебі-мен жүріп отырып, Төлептен Сенек, Жаңа Өзен арқылы үш-төрт күн жол жүріп, ауылға келген. Ақыры ауылдағы Алтай ініміздің сілтеуімен, Үстірт үстін машинамен де, жаяу да көп шарлаған Дүйсек Майлыбайұлымен келісіп, 16 маусым күні таң атар-атпастан екі машина жолға шықтық...
Дауысты, Дүкен – Үстірттегі белгілі жерлер. Дүкенге соғып, ілгері шыға бере ұлы жолдың бойында тұрған едәуір үлкен тас көрдік. Тастың іргесіне мәрмәр тақтайша бекітіліпті: «Медет Темірхан 1946 жылы құдық-құдықтың арасына адаспай жүру үшін екі нармен сүйреткен тасы».
Үстірт үсті далиған дала. Ұлан бай-тақ жер сол 1946 жылғы кейпінен көп өзгере қоймаған. Бұйырғын мен жусан, дала төсін тілгілеген үлкенді-кішілі жол-дар. Сол баяғы әр жер, әр жерде көрі-ніп қалатын дала мақтанышы – құдық-тар. Су тартатын насос, жаман-жәутік машина, көші-қонға ыңғайлы трактор тіркемелері болмаса, құдық басында малын күйттеп отырғандар да сол бая-ғы тұрмысын өзгертпеген. Шыжыған күн астында құлаған ескі қораны, сүй-ретпе вагонды, жартылай жертөле үй-лерді мекендеген қойшылар нарық заманының қойыртпағында не болып, не қойып жатқанын білмей өмір кешу-де. Саммиттер мен форумдар, бағдар-ламалар мен жолдамалар оларды айналып өтуде.
Жолдағы тіршілік иелері – мал бақ-қан шопандарға кідіріп, бағыт-бағдар сұрасып, Сүйірбас, Айтыман деген жер-лерді көрдік. Айтыман бұрын қырқым пункті болған жер-ау деймін. Айнала жүн-жұрқа, күн астында қатып қалған тері-терсек, қураған шөп пен тезек. Тө-бесі ойылып түскен, терезелері қопа-рылған, сұрқы мен келбеті адам шо-шырлық қора мен бір кездері адам отырған қирандылар...
Одан шығып Дүйсенбек атты мал-шының қонысына келдік. Ми қайнатар ыстықта тек аптап желден сақтайтын қауқары бар шошала екен. Бізге жол көрсетуге келісіп, көлігімізге отырды. Осылайша Нарға жеткенде Бейнеуден шыққаннан бері 204 шақырым жер жүріппіз. Сағат – 12, түс мезгілі болып-ты. Ұялы телефоным арқылы келген жеріміздің өлшемдерін анықтағаным-да, мына деректер шықты – 43 гр. 47 мин. 10,62 сек. С – 55 гр. 02 мин. 17,25 сек. В.
Жауға жалғыз шапқан
Майлыбай
Кезінде оңтүстік шекараны мекен-деген Бекше Хиуа жендеттерінің кезекті бір жорығында опат болғанда, кіші баласы Оразбайды түрікпендер алып кеткен. Оразбайдың ағасы Майлыбай – әкесі Бекшенің кегін аламын деп түрік-пенге жалғыз шауып, жанталасып өткен адам. Сол қайсар мінезі арқасында інісі Оразбайды да тауып алады. Ел ішіндегі әңгімелерден қай түркпеннің қолында кеткенін анықтап, сол ауылға барып сұраса, «жоқ» деген жауапты есітіп, ашулы күйінде үйден шыққан Майле-кең сүрініп-жығылып, шеңгел құшақтап жата кетеді. Бұл көрініс үй ішіндегі түрікпеннің бір молда шалының көзіне түсіп: «Әй, болмас, тумасын берің, шеңгелге құлады, шетіңнен қырармын деп бара жатыр мына бала!» - дегізеді. Түрікпендер Оразбайды осылай босат-қан. Майлыбайдың даңқы сондай, түрікпен әйелдері жылаған баласын: «Майлыбай қалтаман келіп қалады!» - деп жұбататын болған. Майлекеңнің өзі жарлы болғанымен, Адайға сөзі өте-тін, ісі беделді тұлға екен. Жоғарғы дис-танция правителі Баймәмбет Маяұлы Майлекеңнің: «Маған жаның ашыса, Адайдағы малымды жинап бер!» деген сөзіне шыдамай, алдына жүз қой, он ірі қара салды деген сөз бар. Сонда ол Майлекеңнің елге жасаған қызметін бағалап тұр ғой. Майлыбай атамыздың мәңгілік мекені – Балықшы Балуанияз батыр мен Ескелді Ер Тұрмамбет жат-қан Қараған-Босаға жеріндегі төрткүл төбе. Майлекеңнің басына үлкен төрт-бұрыш ұлутасқа:
«Семсер тілі тас жарған,
Тірескеннен таспа алған,
Ерлігі мен билігі –
Асып туған хас тарлан!» - деген сөз жазылған.
Нар құдығы басында
Енді, өзіміз іздеп келген Аманжол Оразбайұлы тамының болмысына ора-лайық. Алдыңғы жағы көтеріңкі, орта тұсы адам бойынан сәл артық, мығым, мықты тұрпатты, өзіне жараспай тұрған жері жоқ бұл кесененің бір ерекшелігі, төменгі жағына, яғни іргетас бөлігіне көп көңіл аударылған екен. Қыр үстін-дегі осы қалыптас тамдардың табаны әлсіз болып, уақыт өте келе, қабырға-ларының бір жағына қарай қисайып, шөгуіне себеп болатыны бар. Ал бұл тамның төменгі жағы үлкен, кесек тастардан қаланған және қабырғалар-дан гөрі енділеу. Дала қыдырған түйе мен жылқыға пана болғандықтан, ірге-сіндегі топырақ ойыла түскенімен, әзір-ше құлаған жері көрінбейді.
Бізбен бірге келген балалар ойық іргені ала келген цементтерімен жамау-ға кірісті. Соңынан, арнайы жасалған мәрмәр тақтаны маңдай алды кіребе-рістің оң жағына бекітті. Алдаберген хажы мен Оразалы тамның ішіне кіріп, көзге түспей қалып қойған құлпытас немесе жазуы бар қалақтас табылар ма екен деп, күрекпен түрткілеп, біраз жүрді. Ал мен там сыртындағы арап әрпі және кириллицамен жазылған сөздерден Аманжол атын іздеумен болдым. Жазу көп. Көбі, соңғы кезде, 1950, 60, 90 жылдардағы өздерінің осында болғанын мәңгілік үлесіне қал-дырғысы келетіндердің жабайы жазыл-ған есімдері. Ал ертеде жазылған араб-ша жазулар қашалмай, ойылмай жа-зылғандықтан кетіп қалған, бас жағы анықтау болғанымен, аяқ жағы оқыл-майды. Бір қуантқан жәй, маңдай алды кірер тесіктен жоғарғы белдеуде, оң жақта, біз, я пышақ ұшымен сызып жа-зылған, көзге әрең түсетін «Ескелді Аманжол» деген екі сөз болды. Бұл сөз-ді шебер немесе арабша сауаты бар молда емес, әйтеуір әріп танитын адам, мүмкін зиярат жасаған жақын-жуық жазған болар.
Дала төсінде, ата зираты қасында садақаға арнайы әкелген малымызды сойып, аруақтарға дұға бағыштадық. Көптен көңілде жүргенімен, оңтайлы кезі келмей жүрген шаруамыз біткеніне қуандық.
Түрме әженің әңгімесі
Жалпы, ескерткіштер туралы жа-зылған кезде, оны қай шебер, қай мез-гілде көтергені туралы ой келеді емес пе? Аманжолдың немересі Нарғали әкеміздің жолдасы, тоқсан жасқа шы-ғып отырған Түрме әже әлі тың екен. «Көзім көрмей бара жатыр» дегені бол-маса, сөзі ширақ. Біздің Оразбай ата та-мын тауып, кесенеге мәрмәр тақтайша қойып, жаңбыр мен жел мүжіген іргета-сын жөндеп қайтқанымызға ризашы-лығын айтты.
– Менің Айтолқын абысыным осы ауылға жаңа түскен келіншек екен. Нар-дағы кесене құрылысы басталғанда Оразбай шалдың көзі тірі болыпты. Тамдағы ою-өрнектің сұлбасын өзі са-лып, келініне боятады екен. Мұны үл-кен абысынымның өзі айтып отыра-тын, - дейді Түрме әжей.
Әжемнің әңгімесінде тамды салған шеберлер туралы ақпарат болмағаны-мен, салынған жылы туралы дәйек та-буға болады екен. Айтолқын шешеміз шамамен 1910 жылы туған. Ескелдіге 17-сінде, яғни 1927 жылы келін болып түскен көрінеді. Жас келіншек там салудағы қызметке сол жылы барып, шай-тамақтан да басқа, өз қолының таңбасын тамның ою-өрнегіне де тигізген. Біз көрген тамның 1927 жылға дейін салынғаны жобаға соғады. Себебі бір-жар жылдан кейін елдің ойында там салу емес, қара бастың амандығы болатын заман басталды ғой.
Айтпақшы, Аманжол шал там салынғасын көп ұзамай жетпістен асқан шағында қайтыс болып, тамның ішіне шала туған кішкентай бір баласымен қойылған екен.
Нар құдығының хикаясы
Ағотты-Нар туралы әңгіме болғанда, бұл өлкені тарихшылардан кем емес зерттеген Әбіш Кекілбаев ағамызды аттап кетуге болмайды. «Шыңырау» аталатын хикаят дәл осы жермен, осы жерді мекендеген елмен етене байланысты. Әбекеңнің хикаятындағы Еңсеп құдықшының бейнесі Бейнеубай шеберден алынған.
«Ағотты-нарды қазған құдықшы су шығатын, жиналатын көзге әлі де екі күннен кейін жетем деп есептеген. Бірақ су жиналатын көз көбірек болған көрінеді. Көзді бірнеше жерден жарған. Су астында қалатын болған соң, арқанмен жоғарыдағыларға белгі берген. Құдықтың сыртындағылар: «Ол бүгін бола алмаймын, шықпаймын деген» - деп аса мән бермейді. «Екіндіге дейін жайылсын»,- деп шығырға жегіп жүрген түйені жайылысқа жіберген. Арқан тартыла берген соң қосымша жұмысқа жегіп жүрген нарды алып келеді. Бұрын шығырға түспеген түйе үркіп-қашып, құдықтың ішіне олай соғып, бұлай соғып, құдықшының мылжа-мылжасын шығарып алып шыққан. Содан құдықтың аты «Нар» аталып кеткен. Әлгі оқиғадан кейін ел қорқып, қасына көп қонбайды екен. Малын содан суарып, ауыз суды басқа құдықтан алатын болған» - деп айтыпты Әбекең хикаяттың жазылу тарихын сұрағандарға.
Қазір «Ағотты-Нар» деп аталатын аумағы 10-15 шақырымдай жерді алып жатқан кең алқапта бірнеше құдық бар. Хикаятта әңгіме болатын қайсы құдық екенін ежіктеп біле алмадық. Қасымыздағы Дүйсенбектің айтуы бойынша, ол өзі ауызсуды, яғни ішетін, ас дайындауға пайдаланатын суларын Сенектен алдырып, ал, құдықтағы сумен мал суарады екен. Ауылға қайтар жолда оның қонысындағы құдық маңында кідіріп, тереңнен су тартқышпен шығарылып тұрған судан ішкенімізде, мейір қандырар, салқын су екеніне куә болдық.
Ұлылықты ұстар ұрпақ қайда?!
Сапарымыз сәтті аяқталып, ауылға келіп тыныққасын, осы әңгімені жазу үстінде, менің ойыма күндіз-түні аттан түспей, қазақ жерінің батысынан-шығысына барып, шығысынан батысына жол шегіп, бірде қалмақ, бірде орыспен алысқан батыр ата-бабамыз түсті. Оларды қалай әулие емес, қасиет иелері емес деп айта аламыз?! Қазіргі «әулиеге түнеме, бабаңның басына кесене салма, қазақ екеніңді ұмытып, қойдан жуас момын бол» деп үгіт-насихат жүргізетіндер мен соларды қолдайтындардың мақсаты осы жерді иемдену екені көрініп тұр емес пе? Көнгенімізді басымыздан сипап, көнбегенімізді көгендеп, күшін көрсеткен ұлы орыс халқының бізге жасаған қиянаты дала төсінде сайрап жатыр. Осы кесенеге бара жатқанда және келе жатқанда көзге түскен – опырылған төбе басындағы шошайып көрінетін қалың бетон қабырғалардың қиранды қалдықтары ұлы даланың бір кездері кеңестік әскери күштердің сынақ алаңы болғанының куәсі емес пе?
Жерлес жазушы Әбілқайыр Спан осы сынақ туралы былай жазады: «Ақотты-Нардың оңтүстік батысында 8 км жердегі Кіжіктіден 1969 жылы тереңдігі 800 метрлік үш ұңғы қазылып, атом заряды салынып, жер асты жарылысы жасалды. Қазір екі ұңғының орны аумағы ат шаптырым шеңберленіп ойылып, қазан шұңқыр болып жатыр. Үшінші сынақ сәтсіз болып, заряд жарылмай қалыпты. Жарылыс кезінде жер бетіндегі таяу аңғарлардан шыққан радиация ауаға тарап кетіп, сынақшы әскерилер бүкіл дүние-мүлкін тастай қашып құтылған. Бұл жарылыстар құпиясы тек 1990 жылдан соң ғана ашылып, олар туралы айту, жазу мүмкін болды...»
Қайран, ата-баба мұрасы, дархан дала! Қасиетің мен дархандығыңды бізге жалғастырдың. Біз бен бізден кейінгі ұрпақ ұлылығыңды ұстап тұра алсақ жарар едік!