Іздегендеріңізге рақмет!

Оқырман қауым «DANAkaz» журналының жаңа сандарын «жоғалтып» алғанына да біраз уақыт өтті. Теңгенің құнсыздануы, оған ілесе келген қымбатшылық өздеріңізден өзге қолдаушысы, тұрақты қаржылай демеушісі жоқ журналдың уақтылы шығуын кідіртіп тұр. Бірақ редакциямызға телефон соғып, поштамызға хат-хабар жолдап, бізді іздеушілердің көптігін көргенде тұрмыстың түйткіл күйбеңінен дүр сілкініп, журналдың жаңа санын жасауға тағы да ұмтыламыз...

Өздеріңіз байқап отырғандай, журналдың бұл саны да әдеттегіден қалыңырақ, мазмұны бай, жағы-рапиясы жалпақ болып жарық көрді. Ай санап авторла-рымыздың да саны артып келеді. Өлке тарихына қа-тысты қызықты тақырып, көлемді зерттеулер де жа-зылып жатыр. Мұның бәрі журналымыздың болашақ нөмірлерінде өздеріңізге қарай қанат байлап ұшары анық. Сондықтан қарым-қатынасымыз үзіліп қалмаса деп үміттенеміз.

Біраз үзілістен кейін жарық көріп отырған жур-налымыздың осы санында ақжарма тілегін айтып, бізге игі тілегін жолдаушы досымыз, тұрақты авторымыз, мықты ғалым Жаңабек Жақсығалиев мырзаға, басы-лымның жаңа санын асыға күтіп отырған көктеректік оқырманға және Теміржан Қажығалиев ағамызға, «Құрылыс өнеркәсібін ұйымдастыру жөніндегі инжи-нирингтік компания» ЖШС-ның бас директоры Әлібек Сытдықов ағамызға, тасқалалық оқырманымыз, тұрақ-ты авторымыз Жұмашев Қайреден ағаға, сондай-ақ «DANAkaz» журналының барша оқырманына ерекше алғыс айтып, бар жақсылықты тілейміз!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 1016

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463