Оқырман қауым «DANAkaz» журналының жаңа сандарын «жоғалтып» алғанына да біраз уақыт өтті. Теңгенің құнсыздануы, оған ілесе келген қымбатшылық өздеріңізден өзге қолдаушысы, тұрақты қаржылай демеушісі жоқ журналдың уақтылы шығуын кідіртіп тұр. Бірақ редакциямызға телефон соғып, поштамызға хат-хабар жолдап, бізді іздеушілердің көптігін көргенде тұрмыстың түйткіл күйбеңінен дүр сілкініп, журналдың жаңа санын жасауға тағы да ұмтыламыз...

«Dana.kaz» журналының соңғы үш санында қатарынан 1811 жылдың 17 қыркүйегінде Орынбор губернаторына жазылған Кіші Жүз игі жақсыларының хаты, оған қол қойған тұлғалардың тізімі жариялануда. Хат арқылы Орынбор әскери губернаторы Г.Волконскийге қаза тапқан Жантөре хан Айшуақұлының орнына Кіші жүздің ханы етіп Бөкей Нұралыұлын сайлауды ұсынған. Мөрі мен таңбасын басқандар заманындағы елге сөзі жүрген басшылар, сыйлы билер мен батырлар. Тізімнің жариялануында терең мән бар. Әр оқырман осыны жете түсінгенін қалаймыз.

Ерболат Садықов – Батыс Қазақстан облысындағы әйгілі «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 2005 жылғы түлегі. Жақында Американың «Towson» университетін мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру (special education) мамандығы бойынша тәмамдап қайтқан жас маманмен арнайы тілдестік:

Ел-жұртымыздың мәдени-тұрмысы мен рухани зердесінде кәдімгі қамшы ерекше орын алып келген. Қазақ өмірінде қамшы – өнер туындысы, қамшы – рухани күш-қуат, қамшы – сый-сияпат, қамшы – жігіт пен қыздың сәні мен салтанаты, қамшы – азамат айбыны, қамшы – шебер қолдың айғағы, қамшы – алса қару, қалса мұра. 

КІРІСПЕ
Халықаралық жағдайлардың құбылмалы тұрақсызды-ғымен әлемдік саяси күштердің (Алпауыттардың) шикізат және мұнай сияқты өндірістік қуат көздеріне деген мұқ-таждығы күннен күнге өрескел өзімшілдіктің, бүлгіншілік-тің бүркемелі әрекетіне айналып бара жатырғаны жасы-рын емес.

(немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?)
Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

– Қасқыр демекші, Адай-Ата кесенесінің жанындағы алып қасқырды көрген жандар оның не үшін қойылғандығы жөнінде сұрақ беріп мазалап жатады.

Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ,
тарих ғылымдарының кандидаты,
«DANAkaz» журналының тұрақты авторы

Жақында Ресей Федерациясы Волгоград облысы Палласовка қаласында өткен жасөспірімдер арасында бокстан XIII рет ашық біріншілікті тамашалаудың сәті түскен еді. Ормандай орыстың арасынан озып шыққан қарадомалақтардың мол қарасын көріп, қатты риза болдық.

Дәуітхан РАХЫМҚҰЛОВ,
Ш. Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының аға ғылыми қызметкері,
тарих ғылымдарының кандидаты

Биыл туғанына 100 жыл толып отырған Мұстафа Ысмағұловтың есімін бұл күндері санаулы адам ғана білетін шығар. Өмір бойы туған жерінің тарихына қатыс-ты деректерді тірнектеп жинаған, Совет өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Елеусін Бұйрин секілді ұлт арыстарының есімі мен еңбектерін жарыққа шығаруға тырысқан, қазақтың тұңғыш басы-лымдарының бірі «Қазақстан» газеті туралы көптеген дерек жинап қалдырған, алашордашылардың атын атау-ға тыйым салынған уақытта сол «Алаш» партиясының үні болған «Ұран» газетінің тігіндісін жинақтап кеткен... осы бір ғалымның еңбегі күні бүгін – Қазақстан тәуелсіз-дігін алып, өз тарихын өзі зерттей бастағанда ғана баға-сын алды!

Имам-хатып Хәкімбек қажы Байғазыұлы туралы тың деректер

Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист

Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Бұл әңгімені өзі басынан өткізген, бүгінде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылында тұратын Шапағат Хабибуллин атамыз былай сабақтайды.

Отан отбасынан басталады. Кең байтақ Қазақстанды сүю, ең алдымен, өзіңнің туып-өскен өлкеңді құрметтеуден, оның тарихын жетік білуден шығады. Бізге өзінің туған жерінің тарихы туралы мақала жолдаған Нұрсұлтан көп еңбектенген екен. Шәкіртін осындай терең де тағылымды ғылыми еңбек жазуға баулыған ұстаздары-на, жетекшісі, әлеуметтік педагог Жұбаниязова Алмагүл Тоқтамысқызына, кеңес берген жоғары санатты география пәнінің мұғалімі Әбдрашева Ақжібек Иманбайқы-зына журнал редакциясы атынан алғыс айтамыз.

Өзінің саналы ғұмырын халқының өнері мен мәдениетінің өсіп-өркендеуіне арнаған халқының арда азаматтарының бірі – Мақаш Шолтырұлы Бекмұхамбетов. Ол 1830 жылы дүниеге келген. Сауатын Ордадағы Жәңгір мектебінен ашқан Мақаш кейін Орынбордағы Неплюев кадет корпусына оқуға түсіп, оны 1852 жылы кіші унтер-офицер шенімен бітіріп шығады. Алғашында Бөкей ордасын басқаратын Уақытша Кеңесте аудармашылық қызмет атқарған ол кейін Орданың 1 және 2 Теңіз жағалауы округінің  правителі  болып  ұзақ  жыл  қызмет  атқарады. 

Теміржан ҚАЖҒАЛИЕВ, зейнеткер

Алыстағы ауылда жақсы дәрігер жақын туысыңнан артық болып кететіні бар. Батыс Қазақстан облысының қазіргі Қазталов ауданына қарасты Көктерек ауылында ұзақ жыл қызмет еткен Роза Рамазанқызы да сондай аяулы жан екен.

(Жалғасы. Басы журналдың өткен санында)

Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат жатыр. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім, әсіресе, жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз. Мұнда Кіші жүзге қарасты алты аталы Әлімұлы, он екі ата Байұлы және Жетірудың, төрелер мен төлеңгіттің, қожалардың өз заманындағы билеуші-басшылары қолын қойып, мөрін басқан немесе ру таңбасын салған. Журналымыздан көз жазбаңыз, ағайын!

Осы маусым мәңгіге есімде қалады... Биыл, міне, қазақ халқына да жат емес Польшаның астанасы Варшавада білім алып жүргеніме 2 жыл болды. Осы арада Еуропаның бірнеше мемлекетін аралап, жергілікті халықтың мәдениетімен таныстым. 

Ұлтжанды қайраткер ұлдарымыз «ұлттық тарихи жадыны сақтап қалу - өз-өзіңді сақтап қалудың жалғыз жолы» деп ой түйген. Осы бағыттағы елдік іргелі іске үн қосу мақсатында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан «Махамбет» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы құрылып, «Бабалар тарихына тағзым» экспедициясы ұйымдастырыла бастады. Мақсат – Батыс Қазақстан аймағы бойынша туған өлке тарихын зерделеуге кешенді тұрғыда кең көлемде ден қою, сәйкесті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, махамбеттану саласына сын көзбен қарап, бүгінгі ұрпақ көзқарасын аңғарту, студент жастарды ата-баба тарихын терең білуге баулу. Ал алғы мақсаттан туындар міндеттер тізбегі сан тарау.

«Жайық Пресс» ЖШС мәжіліс залында «Батыс Қазақстан облысындағы ежелгі құлпытастарды зерттеу бойынша экспедиция жүргізу» жобасының бір нәтижесі ретінде жарық көрген «Құлпытас сырын ашайық» жинағының таныстырылымы өтті. Шараға қатысқан тарих ғылымдарының докторы, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Таяу және Орта Шығыс елдері бөлімінің меңгерушісі Әшірбек Мүмінов: «Бұл – әлемдік ғылымға қосылған үлес, әлемдік деңгейдегі ғылыми басылым» деп жинаққа баға берді.

Ахмет ШАДЫМАН

Қытайлық қазақ ғалымы Ахмет Шадыман 1966 жылы Қытайдың Үрімжі қаласында туған. 1989 жылы Шыңжаң Қазына институты қазына факультетін бітірген. 2004 жылдан қазірге дейін Тарих зерттеу институтында ғылыми зерттеумен айналысып келеді.
2010 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың шілде айына дейін Пекин университеті тарих факультетінде Ван Сяопу профессордың жетекшілігімен Қытайдың ерте заман тарихы бойынша стажировкадан өтті.

Мұнайдар БАЛМОЛДА

1969 жылы 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында дүниеге келді.
Махамбет атындағы БҚМУ-дың көркем-сурет және графика факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1993 жылдан «Қазақстан-Орал» телеарнасында тілші.
«Көкбөрі» (2006), «Ақ тұлпар» (2011) атты өлеңдер мен әңгімелер жинағының, көптеген деректі фильмдердің және «Қағаз ұшақ» көркем фильмінің авторы.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында қазақ бейнелеу өнері туындыларының мол коллекциясы бар. Соның ішінде қазақ бейнелеу өнерінің негізін салу-шылардың бірі Әбілхан Қастеевтің де төл туындылары сақталғанын мақтан етеміз.

«Әлләй, әлләй, әлләй-ай,
Әләләу, әлләй, әлләй-ай!»

Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылдық округіне қарасты Хандық деген мекенде орналасқан құлпытас. Ескерткіштің суретін редакцияға ұсынған – Орал қаласының тұрғыны Сейфолла Құмарұлы.

Ақжайық ауданы, Базаршолан ауы-лының оңтүстік-батыс шетіндегі көне және қазіргі зираттар аралас қорымда орна-ласқан құлпытас. Құлпытасты жергілікті ха-лық ежелден «әулие адамның ескерткіші» деп құрмет тұтқан. Соңғы кезде басына, түрлі дертпен ауырған адамдар шүберек байлап, түнейтіні байқалады. Құлпытаста батырдың қару-жарағы және дін адамының атрибуттары – құман мен леген суреті бедерленген. Базаршолан ауылының тұрғыны Самат Бақтияровтың айтуынша, бұл жерде оның бесінші атасы Саудабай жерленген.

Бұл құлпытас Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық ауылдық округінде, округ орталығынан 30 км қашықтықта орналасқан. Көне қорым да Дүтбай атымен аталады. Құлпытас түбінен үзіліп түскен және ортан белінен сынған. Тастың шығыс бетінде шикі кірпіштен қалан-ған ескі мазардың қабырғасы сақталған. Құлпытас суретін редакцияға жіберген – Атырау қаласынан шығатын «Мұнайлы астана» газетінің бас редакторы Құттыгерей Смадияр.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77