Біздің Роза

Теміржан ҚАЖҒАЛИЕВ, зейнеткер

Алыстағы ауылда жақсы дәрігер жақын туысыңнан артық болып кететіні бар. Батыс Қазақстан облысының қазіргі Қазталов ауданына қарасты Көктерек ауылында ұзақ жыл қызмет еткен Роза Рамазанқызы да сондай аяулы жан екен.

Оны біз бір ауылдан топырлап келген төмендегі хаттардан байқадық. 1971-1973 жылдары Орал қалалық медициналық училищесін «медбике» мамандығында оқып, 1973-1979 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген маман дәрігер 1986 жылдың 28 тамызынан бастап Көктерек дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі болып қызмет еткен екен. Осы жұмысында елдің алғысын алып қана жұмыс істеген Роза өзі де бір қыз, үш ұлдың анасы атаныпты. Роза апамыздың жолдасы Қасым екі бірдей жоғары оқу орнын бітірген, алдыңғы қатарлы азамат еді. Нарықтық экономиканы алғашқылардың бірі болып түсінген жаңашыл адам болды дейді білетіндер. Ауылда алғашқы фермерлік шаруашылықты ұйымдастырушылардың бірі болған атпал азамат өмірден ерте кеткенімен, оның шаруашылығын баласы Азамат жалғастыруда.
Бізге Көктерек ауылынан хат жолдаған оқырмандарымыз Роза Рамазанқызының жол апатына ұшырап, төсек тартып қалғанын өкінішпен айтып, сүйікті дәрігеріне тезірек сауығып кетуін тілепті. Төмендегі топтаманы ақ желеңді аяулы жанға деген ауылдастарының ақ ниеті деп қабыл алғайсыздар!

Қазталов ауданына қарасты Көкте-рек ауылдық округінде бөлімшелері-мен қосқанда 10-нан астам медицина қызметкері қызмет етеді. Бәрі де – ауыл-дастарының дертіне шипа тілейтін аяу-лы жандар. Ал осы ұжымды 26 жыл бас-қарып, жас-кәрінің алғысын алған дәрі-гер-терапевт Роза Рамазанқызының орны ерекше.
Роза Рамазанқызы 1986 жылдың 28 тамызы күні Фурманов (қазіргі Жалпақ-тал) ауданының Көктерек дәрігерлік ам-булаториясына меңгеруші болып кел-генде нағыз кемеліне келген маман бо-латын. Ауыл да аяулы жанды құшағын айқара қарсы алды. Көктерек ауылы Роза Рамазанқызына да көркем өлке болды. Осы жерде табан аудармай ең-бек етіп, зейнеткерлікке шықты.

Дәрігердің шипасы тек біліктілігін-де емес қой. Адамгершілік, мейірім, өз мамандығына сүйіспеншілік, жауапкершілік, айта берсең таусылмайтын жақсылықтың бәрі осы адамның бойынан көрініп тұратын. Алдына келген науқасқа жаны ашитындығы сондай, қан болмағанда, өз қанын беріп емдеген кездерін де білеміз.
Көп жылғы тәжірибе, кәсіби білік шығар, ауыл дәрігері-нің терең ойланып отырып байыппен қойған диагнозы ша-һарға барып, жаңа технологиялық әдістермен тексерілген кезде дәл солай болып шығатынына қалай таң қалмассың!

Розаның зейнет жасына жеткен соң «жұмысын одан әрі жалғастыруға рұқсат берілмепті» деген қауесет шыққан кезде Көктерек ауылында кәдімгідей дүрбелең қозғалыс пайда болды. «Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі «халыққа зәру мамандықта жұмыс жа-сап жүрген зейнеткерлерге жұмысын жалғастыруға рұқсат етті емес пе?!» деп көктеректіктер өре түрегелді. Бұл білік-тілігімен де, жүрек мейірімімен де ауылдастарына шипа сыйлаған жанға көрсетілген шынайы құрмет болатын. Әйте-уір, ел тілегі ескерілді.

Осындай құрметті абзал жан ел-жұртынан сансыз ал-ғыс алып жүрсе де, еңбегінің тиісті марапатын алған жоқ. Аяқ астынан жол апатына ұшырап, өзі бүгінде емделу үс-тінде. Роза Рамазанқызы – күш-жігері мол, рухы мықты адам ғой. Мұндай жандар қиыншылықтан қаймықпайды. Егер адам қара қазанның қамын ғана күйттесе, ол өз ша-ңырағының ғана шамы, ал ойлағаны қара жұрттың қамы болса, онда елінің шырағы. Қара қазанның қамы қарын тойған соң ұмытылады. Ал халық мұқтажына еңбек еткен жандардың еңбегі жылдар өтсе де, ел жадынан жоғалмай-тыны баршаға мәлім.

Міне, біздің Роза осындай жан! Барша Көктерек халқы оның сауығып кетуін тілеп, ауыздарынан тастамайды. Са-уығып кеткейсің, Роза!
Гүлжан КҮЗЕНБАЙҚЫЗЫ, медбике:
– Көктерек дәрігерлік амбулаториясы 1986 жылы ашылды. Сол жылдың тамыз айынан бастап Көктерек дәрігерлік амбулато-риясының меңгерушісі болып, жоғары білімді дәрігер Роза Рамазанқызы Валиева тағайындалды. Мен 1987 жылдан бері осы амбулаторияда медбике болып жұмыс істеп келемін. Роза Рамазанқызы – өз ісіне ұқыпты, білімді, қарапайым, өз білгенін үйретуден жалықпаған дәрігер. Халықтан алғаны алғыс болды. 2012 жылдың күзінде жол апатына ұшырамағанда, біз ол кісімен әлі де жұмыстас болған болар едік. Жол апатынан ауыр жарақат алса да, аман қалуының өзі – халықтың сауабы болар. Мен ол кісіні әр уақытта өзіме үлгі тұтамын.

Ұлғаным ҚОЖАБЕРГЕНОВА, медбике:
– Көктерек дәрігерлік амбулаториясында 2004 жылдың қа-раша айынан бастап жұмыс жасаймын. Роза Рамазанқызымен сол жылдардан бері жұмыстаспын. Ол кісі білгенін үйретуден жалықпаушы еді. Роза Рамазанқызы білікті дәрігер, жақсы басшы болды. Сүйікті дәрігеріміз жол апатына түсіп қалғанда, ауылда өкінбеген адам қалған жоқ. Ендігі жерде аяғын нық басып, қалған өмірінде балалары мен немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешсін деп тілеймін. Мен ол кісіні кішіпейіл қамқор мінезімен өзіме үлгі тұтамын.

Тельман ӘЖКЕЕВ, зейнеткер:
– Роза Рамазанқызы біздің ауылға дәрігер бо-лып келгеннен бері өз жұмысына білгірлігі мен іскерлігіне байланысты ел құрметіне бөленген жан. Мен үлкейген адаммын, осыдан 10 жыл бұрын бас ауруына ұшырадым. Төбем сынып бара жатқан-дай болып, ауруға төзу мүмкін болмады. Сол кез-де Роза Рамазанқызы мені қарап, менің сырқатым «бас сүйек ішіндегі қан қысымы» екенін анықтап, Орал қаласына облыстық ауруханаға басымды томографияға түсіріп қаралуға кеңес берді. Оралға келіп облыстық ауруханадан томография өткен кезімде Роза Рамзанқызының маған қойған диагнозының дұрыстығына көзім жетіп, ол кісінің білікті дәрігер екендігін білдім.

Қаралым саны 787

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463