Жетпіс палуанның құлпытасы

Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылдық округіне қарасты Хандық деген мекенде орналасқан құлпытас. Ескерткіштің суретін редакцияға ұсынған – Орал қаласының тұрғыны Сейфолла Құмарұлы.

1. Тана руғы Қалқаман
2. тайфасы Игілік
3. бөлімі Мәулім
4. немересі Бақтыбай
5. баласы Жетпіс
6. офат 84 йашында
7. 1896-нчы йылда
8. (тана руының таңбасы)

Түсініктеме: Ел аузындағы шежіре деректеріне қарағанда Жетпіс Бақтыбайұлы заманында ерен қайратты, мықты палуан болған. Бір айтулы жиында орыс палуанын жеңіп, бәйгесіне руластары жайлайтын жер телімін таңдап алған делінеді. Жетпіс палуан туралы дерек Батыс Қазақстан энциклопедиясына да кірген. Бүгінде Жетпіс палуанның ұрпақтары бар, Орал қаласында тұрады.

Қаралым саны 1018

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463