Қадірлі ағайын!

Журналымыздың осы санының біраз бөлігі кең байтақ Қазақстанда жан-жақты аталып өткен Қазақ хандығының 550 жыл-дық мерейтойына арналып отыр. Тарихи-танымдық басылым үшін бұл заңды да. Дегенмен еліміздің батыс шетінде отырған бізге көмек қолын созған әріптестеріміз болмаса, мұншалық құлашы-мызды кең сілтей алмас едік. Сондықтан шымкенттік журналист Ғани Қалмахановқа, ақтөбелік Бауыржан Бабажанұлына, Орбұлақ шайқасының орнына барып қайтқан Гүлфайрус Уәлиахмет қарын-дасымызға журнал оқырмандары атынан көп-көп алғыс айтамыз.

Елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтуі қарапайым халықтың тарихи санасын, ұлттық жадын оятқандай құбылыс болды. Билік тарапынан ғана емес, ел ішінен шыққан азаматтық белсенділердің ұйымдастыруымен де қаншама игі шара ұйымдастырылды.

Моңғолиялық қандасымыз, таушы Жанарбек Ақыбидің «Қазақ хандығының 550 жылдығына 550 тауға шығайық!» деген ұранын әлемнің әр шетіндегі қазақ қолдап, 550 деген межеден де асып кетті. Бұл биіктің ішінде батысқазақстандық белсенділер шыққан Ешкітау да бар.
«Хан тоғайынан Хан ордасына дейін» автошеруі де қара-пайым азаматтардың бастамасы еді. Ол жөнінде журналымыз-дың өткен санында мақала жарияладық.

Журналдың осы санында да қос экспедицияның жолсапар очеркі беріліп отыр. Ал келесі нөмірде тарихтағы Ноғай ордасы-ның нақты мұрагері, қазақтың түбі бір туыс бауыры – ноғайлар туралы жолсапар мақаламыз жарияланбақ. Жалпы, түбі түркі қандастарымыз тақырыбы «DANAkaz» журналының әрдайым на-зарында болатын алтын арқау екенін оқырмандарымыз бай-қаған да шығар.

Бір-бірімізден көз жазып қалмайық, ағайын! Кездескенше!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 1031

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463