Журналымыздың осы санының біраз бөлігі кең байтақ Қазақстанда жан-жақты аталып өткен Қазақ хандығының 550 жыл-дық мерейтойына арналып отыр. Тарихи-танымдық басылым үшін бұл заңды да. Дегенмен еліміздің батыс шетінде отырған бізге көмек қолын созған әріптестеріміз болмаса, мұншалық құлашы-мызды кең сілтей алмас едік. Сондықтан шымкенттік журналист Ғани Қалмахановқа, ақтөбелік Бауыржан Бабажанұлына, Орбұлақ шайқасының орнына барып қайтқан Гүлфайрус Уәлиахмет қарын-дасымызға журнал оқырмандары атынан көп-көп алғыс айтамыз.

Тіліміздің өз тұғырына көтерілмеуі, тарихымыздың ыждағаттылықпен зерттелмеуі елдің ертеңіне басты қауіп деп ойлаушы едім. Қазіргі жағдайға көз салсам, қазаққа ең басты қатер діни сауатсыздық пен әсіре діншілдік екен. Бұл қауіп-қатердің терең білім, қатаң заң арқылы ғана алдын алуға болары анық.

Темірлан СЕЙТЕКОВ,

Пермь Мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің магистранты

Темірлан Талантұлы М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін бітірген. Бүгінде Ресей Федерациясы Пермь Мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің магистратура-сында  геолог  мамандығы  бойынша  білім  алуда.

«Сөйлер сөзге келгенде Сары садақтың оғындай Көлденеңдеп зырғисың»
Бисекеш ақын

Жәнібек ӘБІЛПЕИСОВ,

Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы, «Жерұйық» мұражайы жетекшісі

Қазақтың Ұлттық рухын оятатын нәрсенің бірі – батырдың бес қаруы. Кезінде еуропалық зерттеушілер бабаларымызға «Ұлы атқыштар елі» деп баға берген екен.

Биыл қазақ үшін айтулы жыл: Ұлы Даласын, асыл жұртын қорғап, ақырғы деміне дейін ат үстінен түспеген ұлы бабамыз — Әбілқайыр ханға арналған мемориалдық кешен ашылды. Мемориалдық кешен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Толыбай елді мекенінен 90 шақырым қашықтықтағы «Хан моласы» қорымында орналасқан.

Қазақ хандығының 550 жылдығы тойы аясында Ақтөбе қала-сында «Қазақ мемлекеттілігінің дамуы: дәуір, оқиғалар, тұлғалар» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. 

2015 жылдың 2 қазанында Алматы облысы әкімшілігі және Жастар департаментінің шақыртуымен қазақ тарихындағы айтулы шайқастардың бірі – Орбұлақ шайқасының тарихи реконструкциясын өз көзімізбен тамашалауға мүмкіндік алған едік.

Айболат ҚҰРЫМБАЕВ,

тарих магистрі, Орал қаласы

2015 жыл Қазақстан үшін көптеген атаулы датаға толы болды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Қазақ хандығының құрылға-нына  550  жыл  толуы  екені  анық.

Абат ШЫНЫБЕКОВ,

Сырым ауданының әкімі, Батыс Қазақстан облысы

– Абат Абайұлы, қазақ жерінің қай пұшпағы да қасиетті ғой. Сіздің ойыңызша, Сырым ауданының та-рихы өзге өлкеден несімен ерекше, несімен бөлек?

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Менің кіші  Отаным»  жобасы  аясында  тарихи-танымдық  экспедиция  екінші  мәрте  ұйымдастырылды.

Мен Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылында туып өстім. Егіндікөл – табиғаты әсем жер. Солтүстік беті Шыңғырлау ауданымен шектеседі. Ыл-диы мен өрі, өзені, көлі, мөлдір бұла-ғы, сай-саласы, шағылды құмдары мен ну орманы алтын бесік туған жердің ажарын ашып, көркін асырып тұр.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463