ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ ТАРИХЫ ӘРІДЕ ЖАТЫР

Қазақ хандығының 550 жылдығы тойы аясында Ақтөбе қала-сында «Қазақ мемлекеттілігінің дамуы: дәуір, оқиғалар, тұлғалар» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. 

— Біздің мақсат — қазақтың тари-хын, қазақ мемлекеттілігінің қай кезде құрыла бастағанын, қазақта қандай хандардың, билер мен қолбасшылардың болғанын зерделеу, өз тарихымызды түгендеуге тәуелсіздіктің арқа-сында қол жеткізгенімізді айту. Ел тә-уелсіздік алған күннен бастап 24 жыл бойы қазақ тарихын зерттеп жүрген ға-лымдар, мамандар іргелі жұмыс жаса-ды. Соның барлығы болашақ үшін, ұр-пақ үшін жасалып жатыр. Жақында Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған үлкен той өтті, осы той аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мемлекеттілігінің қа-лыптасуы, болашағы жөнінде баяндама жасады. Іс-шаралар тек Астана, Алматы секілді қалаларда ғана емес, ел аймақтарында да өткізіліп келеді. Ақтөбеде өткізіліп жатқан той – соның бір дәлелі, - деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.
Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанұлы, мемлекет қай-раткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры Мырзатай Жолдасбеков сөз алып, Қазақ хандығының 550 жыл-дығына арналған шаралар туралы сөз қозғады.
– Қазақ – осы Ұлы Далада туып, өсіп- өркендеп, талай ұлыс, талай қағанат орнатқан байырғы халық. Ұлы Далада керегесін кең жайған сақ, ғұн мемлекеттері, түрік қағанаты секілді іргелі ұлыстардың атауы әртүрлі болғанымен, тегі бір, негізінен, қазақ елі еді. Ғұндардың көсемі деп есептейтін Мөде хан да, Еуропаны дүрліктірген Еділ патша да, әлемді аузына қаратқан Түрік қағанатын орнатқан Бумын қаған да, сол заманның айбынды батыры Күлтегін де, Мысырды билеген Бейба-рыс та осы Ұлы Даланың перзенттері еді. Шығыс Еуропаны жайлаған батыс Түрік қағанатының билеушілері де осы біздің халқымыздан болатын, Шыңғыс ханды ақ киізге көтеріп, хан сайлаған да қазақтың билері еді. Тарихта әрқа-лай аталғаны болмаса, әр дәуірде дәу-рен сүргені болмаса, Үйсін, Қаңлы, Оғыз, Керей, Найман, Түркеш, Қарлық, Қарахан, Қимақ, Дешті қыпшақ, Мағол-стан, Алтын Орда, Көк Орда, Ақ Орда — бәрі де, негізінен, қазақ рулары ұйытқы болған мемлекеттер болатұғын. Біз іргесі қаланғанына 550 жыл толғанын тойлап жатқан Қазақ хандығы қазақ мемлекеттігінің бастауы емес, жоғарыда аттары аталған мемлекеттердің заңды жалғасы, – деді Мырзатай Жолдасбеков.
Шара барысында қазақ тарихы жө-нінде іргелі зерттеулер жүргізген елі-міздің және шетелдің ғалымдары, сон-дай-ақ Әбілқайыр ханның жерленген жерін анықтау, зерттеу жұмыстарына қатысқан тарихшылар, генетиктер, то-пырақтанушылар, басқа да қатысушылар сөз алды. Алмағайып кезеңде ұлт-тың бірлігін сақтауға үлкен үлес қосқан қолбасшы, өз заманының белгілі саяси қайраткері Әбілқайыр ханның тарихтағы орны туралы айтылды.

Хан зираты қалай анықталды?
— «Хан моласы» қорымына зерттеу жүргізу жұмыстары 2001 жылы аяқтал-ды. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты Әбілқайыр ханның сүйегін іздеу бола-тын. Әбілқайыр ханның қазақтың саяси тарихындағы орны ерекше екені дау-сыз, сондықтан оның есімін мәңгі ұлықтау тұтас ел тұрғындары, соның ішінде хан жерленген аймақ үшін аса маңызды. «Хан моласын» зерттеу жұмыстарына түрлі саладағы мамандар қатысты. Қиындықтар да болды. Десек те, зерттеу жемісті аяқталды, – дей келе, тарих ғылымдарының докто-ры, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімі-нің меңгерушісі Серік Әжіғали зерттеу жұмыстарының қалай жүргізілгенін бүге-шігесіне дейін тәптіштеп айтып берді.
— Әбілқайыр ханның 1748 жылы Барақ сұлтан өлтірген жерде жерленгені тарихтан белгілі. Өлкейек пен Қабырға өзендері қосылған тұстан ба-тысқа қарай 4 шақырым жердегі кейін «Хан моласы» аталған жерде жерленген. Ол Әйтеке би ауданының орталығынан 180 шақырым жерде орналасқан. Хан бейітінің басына өңделмеген кірпіштен шағын мавзолей тұрғызылып, тал отырғызылған. Әбілқайыр хан-ның мавзолейі тез бұзылып, 100 жыл-дан кейін оның негізгі тұрған жерін анықтау сол жерге отырғызылған ақ тал арқылы ғана мүмкін болды. Алайда бұл ағаш та ХХ ғасырдың ортасында да-ла өртінің салдарынан жоқ болып кет-кен. Әбілқайыр ханның бейітін сурет-теу XVIII-XIX ғасырлардың екінші жар-тысындағы дереккөздерде азырақ кез-деседі. Бұлардың ішінде 1771 жылы көктемде осы жерде болған капитан Николай Рычковтың қысқа да болса, нұсқа жазылған деректері құнды, - дей-ді ғалым. Серік Әжіғали өз баяндамасында хан моласын зерттеуге қатысты тарихшы А. Левшин мен публицист, князь Дм. Эристов, Д. Беркімбаев,
И. Крафт жазған деректер туралы,
XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында
Ә. Кекілбаев, У. Жәнібеков, А. Сатаевтар бастаған экспедиция жөнінде, 1983 жылы өзінің жетекшілік етуімен «Хан моласында» басталған іздеу жұмыстары, 1998 жылдан бастап жүргізілген кешенді зерттеулер төңірегінде сөз қозғады.
2007 жылы Ақтөбе облысы әкімдігі-нің ұйытқы болуымен «Хан моласы» кешені мен оның айналасында ғылы-ми-зерттеу жұмыстары нақты жалғасын тапқан болатын. Бұл іске түрлі са-ладағы мамандар тартылды. Орынбор, Мәскеу, Санкт-Петербургтің мұрағаттары мен кітапханаларынан «Хан мола-сы» қорымы туралы мұрағаттық-биб-лиографиялық мәліметтер жинақталып, ескі топографиялық карталар мен осы ауданның аэрофото құжаттары са-раптамадан өткізілді. 2009 жылы Әбілқайырдың сүйегі жерленуі мүмкін делінген бірнеше қорымда археологиялық қазу жүргізіліп, №178 нысанда архитектуралық құрылыстың қалдығы табылды. 2010 жылы осы қорғанның №92 нысаны қазылып, генетикалық са-раптама жүргізіліп, осы бейіттен алын-ған сүйектің ДНК-сы ханның төрт ұрпа-ғының ДНК-сының төрт көрсеткішімен 99,355%-ға сәйкес келді. Ғалым баян-дамасында осы зерттеу жұмыстары жөнінде барынша толық айтты. Әбілқайыр ханның сүйегі жатқан жерді іздестіру ісіне осылайша бірнеше жыл-ғы кешенді жұмыстың нәтижесінде нүкте қойылды.
— Алайда соңғы кездері Әбілқайырдың сүйегі XIX ғасырдың орта тұсында Сырдарияның төменгі тұсына қайта жерленді деген әңгімелер шығып жа-тыр. Әбілқайыр ханның шөбересі, Қасымның ұлы — Ермұхаммед Қасымовтың, яғни Елікей төренің айт-қаны деген бұл деректі шындық деп ай-та алмаймыз. Дегенмен біз материалмен толық танысып шықтық, күмән көп: мұндай әңгіме ел ішінде мүлде айтылмауы мүмкін емес, тым болмаса, қысқа да болса әңгімелер, болжамдар, аңыздар қалар еді ғой. Бұл жөнінде Орынбор әкімшілігі де хабарланбаған, ал сол кездегі қазақ даласында жүргізі-ліп жатқан кез келген істі майшаммен қарап отырған Орынбор әкімшілігінің бұдан бейхабар болуы күдікті қоюлата түседі. Сондықтан хан сүйегі жерленген жер туралы жаңа дерекке қатысты бір-жақты шешім қабылдауда абай болуы-мыз керек. Әрине, бұл болжам нақты тексеруді, зерттеуді қажет етеді, алай-да ғылыми тұрғыда зерттеліп, жан-жақ-ты дәлелденген бір ғана нақты нұсқа бар, ол — хан сүйегінің «Хан моласында» жерленгені, – деді ғалым Серік Әжіғали.
Қилы кезең, күрделі тағдыр
Конференция барысында сөз алған философия ғылымдарының докторы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры Амангелді Айталы сол замандардағы Ресей империясының Азия халықтарымен жан-жақты қарым-қатынасы, олардың Ресеймен қосылуы, соның ішінде Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы, Әбілқайыр ханның заманы мен қызметі, жалпы еуразияшыл идея туралы сөз қозғады.
Әбілқайырдың Ресей бодандығына енуі торыққанның, қажығанның әрекеті ме, әлде екі жақтың ізгі еуразиялық ынтымақтастық ықыласынан туған қадам ба? Әбілқайыр хан елін аман алып қалудың қамымен Ресеймен жақын қарым-қатынасқа барды ма, әлде, кейбір авторлар айтқандай, қара басының қамын ойлап, жеке мүддесіне елін құрбан етті ме?
— Бұл сұрақтардың жауабы жеңіл емес. Бұл қарама-қайшы ойлар Әбілқайыр ханды да кезінде толғандырса керек. Әбілқайырдың Ресейге қосылуының бірнеше себебі бар.
Біріншіден, тұс-тұстан шапқан жау-лар — жоңғарлар, башқұрттар, қоқан-дықтар, тағы басқалар қазақ елін әлсі-ретті. Екіншіден, шапқыншыларға тойтарыс беретін қазақ елінде бірліктің болмауы, қазақ руларының басының бірікпеуі сынды жайттар елді аман алып қалу үшін Ресейге сүйенуге итер-меледі. Бір діндегі түріктер қашықта, Қытай мүлде жат ел, ал Англияға бодан болуға Ресей қарсы болды. Ресейдің діні бөтен болғанмен, ол кезде шоқын-дыру саясатының етек алмаған кезі еді. Қазақ еліне келуші мұсылман дінін уа-ғыздаушы татарлар Ресейде басқа дін өкілдеріне қысым жоқтығын дәлелдеген. Үшіншіден, Әбілқайыр хан тұсын-дағы Ресеймен Қазақ Даласы қарым-қатынасын кең ауқымды тарихи кон-текстіде қарастырған жөн.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Ресейге бодан-дыққа қырғыз, түрікпен, өзбек, грузин, армян және басқа да халықтардың кіргенін ескерсек, қалыптасқан тарихи жағдайын өзі қазақты да бодандыққа итермелегенін көрсетеді. Қазақтардың және басқа халықтардың Ресейге өз еркімен қосылды деуі осы тарихи мәж-бүрліктен туып отыр. Ол мәжбүрлік Ресей империясының өз территориясын кеңейту саясатына сай келді. Бір сөзбен айтқанда, Әбілқайыр заманында Ресейдің империялық саясаты мен елінің ішкі жағдайы бодандықтан бас-қа жол қалдырмады. Төртіншіден, өзі-нен күшті Ресейге тәуелді бола тұрып, Әбілқайыр хан өз билігін нығайтуға ты-рысқандығын да тарихи деректер көр-сеткендей жасыруға болмайды.
Сонымен, Қазақстанның отаршылдық құлдықтан аман қалуы мүмкін еді деген пікір негізсіз. Көрші халықтардың барлығы отаршылықтың объектісі бола бастаған тұста қазақтардың бұдан сырт қалуы мүмкін емес еді. Отаршылдық қазақтар үшін сол тұста құтыла алмас тағдыр болды. Әбілқайыр хан — сол тарихи тағдырдың ауыртпалығын жеңілдетемін деген қолбасшы, мемлекет қайраткері. Себебі Ресей империясы қол астына кіргендер барлық халықтардың талаптарын қанағаттандыруға уәде берді. Кешікпей жаңа одақтың жаңа құлдық екендігі белгілі болды. Оны ең бірінші Әбілқайыр ханның өзі түсінді. Кейін өзі де сол отаршылдық саясаттың құрбаны болды, - дейді Амангелді Айталы.
Конференция барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек сөз алды. «Бұл рухты тербеген ойлы той болсын. Германиядан келген әріптесіміз Йегерь Филипп 1848 жылы бүкіл Орта Азия жайлы тұңғыш тарихи мәлімет беруші Гумбольдт туралы айтты. Ал осы тұста қазақтың Гумбольді – ғалым, профессор Бейсенбай Кенжебаев туралы айтпай кетуге болмайды. Ол «хан» деген сөз айтса, қансыратып басыңды кесіп тастайтын заманда — 1941 жылы Абылай хан туралы кітап жазды. Бұл қазақ хандары туралы жазылған алғашқы еңбек болатын. Осыдан кейін өзі қамауға алынып, кітабы қараң болды. Қамауда жүргенінде ер етігімен қан кешкен уақытта тағы да «Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет» деген кітап жазды. Биыл, Қазақ хандығының 550 жылдығы тұсында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевқа қайта бастырып шығаруға тапсырма берген болатын. Тапсырма орындалып, кітап қайтадан басылып шықты. Бұл кітапта Бейсенбай Кенжебаевтың жоғарыда аталған еңбектерімен қатар басқа да құнды шығармалар бар», - дей келе, ғалым осы кітапты аймақ басшысына сыйға тартты.
Шарада филология ғылымдарының профессоры, Ташкенттегі мемлекеттік шығыстану институтының қызметкері Афтондил Эркинов, Германиядағы Гумбольдт университетінің ғылыми қызметкері Йегерь Филипп, Санкт-Петербург қаласындағы антропология және этнография музейінің қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Инга Стасевичте сөз алды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ,
Ақтөбе қаласы

Қаралым саны 903

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463