Армысыз, ағайын!

Қолдарыңызға ұстап отырған журналдың осы санын дайындау кезінде өкіндірген әрі қуантқан бір жағдай болды. Ол – редакциямызға шартараптан келіп түсіп жатқан хаттар-дың молдығы. Қуанғанымыз – «DANAkaz» журналының аты талай жерге жайылып, оқырман қауым мен авторларымыз көбейгендігі. Өкінгеніміз – мұның бәрін бірден осы нөмірде жариялау мүмкін еместігі.

Сіз байқаған шығарсыз, журналдың авторлары қата-рында кәсіби тарихшылар, атақты ғалымдар көбейіп келеді. Шетелдерде жүрген қандастарымыздың түрлі мақалаларын бұрын да тұрақты жариялап жүрсек, бүгінгі санымызда Ресей Федерациясынан, Түркиядан ұлты басқа ғалымдар қазақ ті-лінде жолдаған дүниелерін ұсынып отырмыз. Бұл үрдіс бо-лашақта да жалғасары сөзсіз.

Биылдан бастап журналымыз Қазақстанның бас қала-лары Астана мен Алматыда, сондай-ақ Атырау, Ақтау, Ақтөбе сынды батыс өңірлерге де тұрақты тарала бастады. Бұл қа-лаларда біздің журналды қай жерден алуға болатынын электронды поштамызға немесе сайтымызға қосымша ха-барласып білуге болады.
Қой жылы құтты болсын, ағайын!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 870

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463