Қолдарыңызға ұстап отырған журналдың осы санын дайындау кезінде өкіндірген әрі қуантқан бір жағдай болды. Ол – редакциямызға шартараптан келіп түсіп жатқан хаттар-дың молдығы. Қуанғанымыз – «DANAkaz» журналының аты талай жерге жайылып, оқырман қауым мен авторларымыз көбейгендігі. Өкінгеніміз – мұның бәрін бірден осы нөмірде жариялау мүмкін еместігі.

Бүгін қазақта бәрі бар. Ең бастысы, табиғаты көркем, асты қазба бай-лығына толы кең байтақ жер, ба-балары аңсаған азаттыққа қолы жеткен халық, тұрақтылық, бейбіт-шілік, бейқам өмір. Оған қоса білім алу тегін, дәрігерлік көмек тегін, кәсіппен айналысам деушіге түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалар, ғаламторға қосылу арзан, түрлі ұялы байланыс арзан. Осылайша тізбектей беруге болады. Міне, бәрі бар. Бұны бәрі де армандайды. Тіпті әлемді төстеп, билеп отырған алпауыт мем-лекеттер де біздің бабаларымыздың біз үшін жер шарының кіндігінен ойып тұрып орын алып бергеніне қызыға, қызғана қарайды.

Осман ГҮНДҮЗ АКЫН,
түркітанушы ғалым,
Диярбәкір қаласы,
Түркия

Автор туралы аз сөз: Осман Гүндүз Акын – ұлты ноғай, Түркияда тұрады. 28 жылдан бері түркология ғылымымен шұғылданып келеді. Қазақ-түрік-ноғай қарым-қатынасын зерттей жүріп, қазақ тілін де меңгеріп алған. Бүгінде әлеуметтік желілерде ұстаздары Баки Дөкме жане Кұддүс Чолпан мырзалармен бірге қазақ тілін үйретеді. Осман Гүндүз Акын қазақ рулары туралы көп мәлімет жинақтаған. Болашақта қазақ және түрік тілдерінде керей, найман, дулаттар жайлы кітап шығармақ. Біз Осман ағаға түбі бір ноғай ұлты, Түркиядағы және атажұрт – Қап тауындағы ноғайлар туралы айтып беруін өтінген едік. 

(Жалғасы. Басы журналдың өткен сандарында)

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты

Есенгелді – Ерекше комиссия мүшесі
1823 жылы 26 маусымда Орынбор губернаторы П. К. Эссен Шекаралық ко-миссияға Сыртқы істер министрлігінің басшысы Нессельроденің Кіші жүзді тыныш жағдайға келтіру үшін құрамы ханнан, үш сұлтаннан немесе құрметті ақсақалдардан және үш молдадан тұ-ратын, соның ішінде қазақтардың құр-мет, сеніміне бөленген Сеит слобода-сының молдасы Абдрахман Мухамет-шарифов бар ерекше комиссия құру керектігін хабарлағанын жеткізеді.

14 наурыз – Көрісу айты. Ежелден келе жатқан ұлттық мереке еліміздің көп жерінде ұмыт қалды. Тек республикамыздың батыс аймақтары мен Ресейдің Астрахан, Саратов облыстарында тұратын қандастарымыз  арасында  сақталып  отыр. 

Нұрбол СЕРІКОВ, 

дзю-додан ҚР спорт шебері, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері

1993 жылы 16 қарашада Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Әбіш ауылында дүниеге келген. М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 4-курс студенті.

ЖОЛАМАН Мұратбек Тауфиқұлы 1966 жылы 13 қазанда Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ау-даны, Жосалы ауылында туған.
1973-1983 жылдары А. Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінде оқыды. 1985 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің суретші-бе-зендіруші бөліміне түсіп, III - курстан соң Алматы-дағы қазіргі О. Таңсықбаев атындағы сурет учили-щесінің суретші-живопись бөлімінің III - курсына ауысып, оны 1990 жылы бітірді.

Мәрия МҰҚАМБЕТҚАЛИЕВА,
Мұратбектің анасы

Мұратбегімнің суреттерін жарық-қа шығарып, рухани демеушілік жасап, жылы қабақ танытып жүрген зиялы азаматтардың ешқайсысын бөле-жар-май, бәріне де шексіз аналық рақме-тімді, ризашылығымызды өзімнің атымнан, Мұратбектің жанұясы аты-нан, бауырларының атынан айтқым келеді. Жасаған жақсылықтары алда-рынан шықсын!

Бауыржан РАЯНОВ,
зейнеткер, тарих пәнінің мұғалімі,
Мұратбектің ұстазы:

1977 жылы Орал пединститутын бітіріп, жолдамамен Жосалыға бар-дым. Абдолла Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінде еңбек еттім. Мұратбек менің жақсы көретін шәкір-тімнің бірі еді.

Қайыр ОРАЗҒАЛИЕВ,
Қазақстан Суретшілер одағы
БҚО филиалының төрағасы:

1993 жылдың қараша айы бо-латын. Қасымдағы екі жігіт Қазыбек (Қазақбай) Әжібеков, екіншісі Әділ(ғали) Баяндин деген сол кездегі жас суретшілер еді. Мені ертіп, өздері-нің бұрынғы ұшқан ұясы – Алматының Никольский көшесіндегі бес қабатты жатақханаға алып келді. Бұл театр-көр-кемсурет институтының жатақханасы еді.

Гүлжәміш БӘКЕЙҚЫЗЫ,
суретшінің жары:

Гүлжәміш Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы Қызылқайың сұмы-нында (ауылында) дүниеге келген. Әкесі Бәкей Келемқожаұлы мал дә-рігері болып еңбек етіпті. Өз кәсібін терең меңгерген, малдың бас сүйе-гін ашып, нейрохирургиялық отаға дейін жасаған мықты маман екен. Моңғолияның ең жоғарғы наградасы – «Алтын жұлдызды» екі мәрте ал-ған, елге сыйлы адам болыпты. Көп балалы отбасында өскен Гүлжәміш мектеп бітірісімен атажұрт – Қазақстанға қарай асығады. Алматы қала-сына келіп, П. И. Чайковский атындағы музыка училищесіне оқуға түседі. Мұратбекпен осы жерде, Алматы қаласында танысқан.

Виктор ВИКТОРИН, 
тарих ғылымдарының кандидаты, Астрахан қаласы, Ресей Федерациясы

Автор туралы аз сөз: ВИКТОРИН Виктор Михайлович – Астрахан мемлекеттік университеті шығыс тілдері кафедрасының және РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы филиа-лының доценті, Астрахан өлкесі халықтары этносаяси зерттеулер лабороториясының меңгерушісі, Астрахан мемлекеттік облыстық тарихи-археологиялық музей-қорығы Ғалымдар кеңесінің төра-ғасы, Астрахан губернаторының ұлтаралық мәселелер бойынша кеңесшісі.

1456. Қазақ Ордасы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті.
1456-1470 шамасы. Керей хан билік құрды. Орда орнықты.
1460. Керей мен Жәнібек Моғолстан ханы Есен-Бұғамен одақтаса оты-рып, қалмақ (ойрат) шабуылы-ның бетін қайырды.

Аружан ҚАРАШҚЫЗЫ,
8-сынып оқушысы,
Саралжын ауылы,
Қаратөбе ауданы,
Батыс Қазақстан облысы

Журналымызда өткен жылы басталған «Өскен өлке тарихы» байқауына келіп жатқан мектеп оқушыларының шығармалары көп. Былтыр ол еңбектердің бәрін жариялап үлгермегендіктен, қазылар алқасының шешімімен байқау мерзімін ұзартқан болатынбыз. Бүгін назарыңызға ұсынып отырған шы-ғарма Аружан Қарашқызының өзі туып өскен ауылдық округ аумағындағы жер-су атауларына арналған екен. «Бұл жұмыс арқылы туған өлкенің кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, топономика ғылымына үлес қоспақшы болдым» дейді бізге жазған хатында автор. Аружанның ғылыми жетекшісі – география пәнінің мұғалімі Жанар Мұратқызы.

Жайсаң ТӨЛЕГЕНҰЛЫ,

Ізіндей халық өткен өткелектің,
Көзіндей көне тарих, көп деректің,
Жаңғыртқан жадымызды мол мұрасы –
Жасай берсін музейі Көктеректің!

Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ

Отан үшін жанын қиған бабалар жай-лы деректерді анықтап, зерттеп, кейін-гіге таныстыру – маңызды мәселе. Қа-зақтың тұңғыш атты әскер полкінде тәр-биеленіп, қатардағы атты жауынгерден полк командирі дәрежесіне, майор ше-ніне дейін өскен көктеректік азамат Тәжіғали Уәйісовтің көмескі тарта бас-таған ізі, өсу жолы, өзі мен отбасының тағдыры туралы көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.

№4 кеңес (іреу, терісін сыпыру)

Қойды жерге сойған кезде бірінші қолдан (алдыңғы аяғынан) бастап ірейді. Ал біздің басты кейіпкеріміз – Орал қаласындағы «Ел ырысы» базарының қасапшысы Сәдібек Талыпұлы қойды асып соятындықтан, іреуді әуелі екі артқы аяғынан бастайды. Екі санның ішкі жағынан сирақтан сираққа дейін тері тілінген соң, қос тірсегі жалаңаштанып, толарсақтың астынан тілініп, ілуге ыңғайланады (суретте). Бір қызығы, қасапшы сойып жатқан қойының бауырын іремей қалдырады. Бұл қой етінің қылшық-қыбырдан ада, тап-таза болуы үшін таптырмас тәсіл екен.

Артур МАҒЗОМОВ
Астана қаласы

Арман бала күнгі алға қойған мақсат-тарына қол жеткізіп келеді. Мектепті жақсы бітірді. Мемлекеттік грантқа тү-сіп, Астанаға келіп Еуразия ұлттық уни-верситетін де ойдағыдай тәмамдады. Оқуын бітірген соң жұмыс та бірден та-была қойды. Өйткені ол студент бола жү-ріп, соңғы курстарда қосымша істеген еді, соның пайдасы тиді. Азды-көпті тә-жірибесімен еш қиындықсыз, кедергі-сіз республикалық бір газетке тілші бо-лып қабылданды.

«Ел іші – өнер кеніші» деп жатамыз. Алдыңғы толқын ағалардың қол-сандығында, көне қобдишаларында талай-талай қазына жатыр. Естігенін көкірегіне түйіп, қағазға түсіріп кеткен жанның бірі – БҚО Жымпиты ауданы Жосалы ауылында өмір сүрген Шадығалиев Уәлиахмет (1942-2004) ағамыз екен. Төмендегі сарғайған дәптерден көшіріп беріп отырған мұңды жырдағы 21 жасында қыршын кеткен боздақтың кім екендігі бізге беймәлім. Егер оқырмандарымыздың арасында бұл ақын жайлы, оның өмірі мен шығар-машылығы туралы білетін адамдар болса, редакцияға хабарлассаңыздар екен.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77