Жан азығы

Бүгін қазақта бәрі бар. Ең бастысы, табиғаты көркем, асты қазба бай-лығына толы кең байтақ жер, ба-балары аңсаған азаттыққа қолы жеткен халық, тұрақтылық, бейбіт-шілік, бейқам өмір. Оған қоса білім алу тегін, дәрігерлік көмек тегін, кәсіппен айналысам деушіге түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалар, ғаламторға қосылу арзан, түрлі ұялы байланыс арзан. Осылайша тізбектей беруге болады. Міне, бәрі бар. Бұны бәрі де армандайды. Тіпті әлемді төстеп, билеп отырған алпауыт мем-лекеттер де біздің бабаларымыздың біз үшін жер шарының кіндігінен ойып тұрып орын алып бергеніне қызыға, қызғана қарайды.

Осы барды сақтау үшін әр адамға терең білім, адал кәсіп және осының берекесін келтіретін ұлттық рух қажет. Мемлекет білім алуға, кәсіппен айна-лысуға мүмкіндігінше жағдай жасағаны-мен, ең бастысы, ұлттық рухты көтеру бағытындағы әрекеті барлық уақытта бірдей нәтиже бермей тұр. Жоғарыдан жақсы бастамалар көтеріліп, түрлі жобалар қолға алынғанымен, көпшілік атқамінерлердің істің мәнісін түсінбеуі-нен дені аяқсыз қалуда. Елбасының өзі «Нұр Отан» партиясының он алтыншы сиезінде бұл ащы болса да, шындық екенін айтты. Кадр мәселесіндегі олқы-лықтар бүгінгі қоғамның басты дертіне айналды. Бұл жемқорлықтың жолын кесу бағытындағы істен маңызды бол-маса, бір мысқал да кем емес.
Бардың бәрі бізге аса қымбат баға-мен келгенін еш уақытта ұмытпауымыз қажет. Ата-бабамыз біз осындай рахат өмір кешуіміз үшін терін төгіп еңбек етті, қасық қаны қалғанша талай соғысты, тәнін қиып, жанын берді. Міне, олардың жүріп өткен жолы мен айтқан сөзін түсіне білсек, нағыз ұлттық рухы биік, азат ойлы боларымыз сөзсіз.
Әр адамның бойында ұлттық рух асқақ болса, ісінен де нағыз қазақтың иісі шығары анық.

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Қаралым саны 868

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463