ТҮРКИЯДАҒЫ НОҒАЙЛАР

Осман ГҮНДҮЗ АКЫН,
түркітанушы ғалым,
Диярбәкір қаласы,
Түркия

Автор туралы аз сөз: Осман Гүндүз Акын – ұлты ноғай, Түркияда тұрады. 28 жылдан бері түркология ғылымымен шұғылданып келеді. Қазақ-түрік-ноғай қарым-қатынасын зерттей жүріп, қазақ тілін де меңгеріп алған. Бүгінде әлеуметтік желілерде ұстаздары Баки Дөкме жане Кұддүс Чолпан мырзалармен бірге қазақ тілін үйретеді. Осман Гүндүз Акын қазақ рулары туралы көп мәлімет жинақтаған. Болашақта қазақ және түрік тілдерінде керей, найман, дулаттар жайлы кітап шығармақ. Біз Осман ағаға түбі бір ноғай ұлты, Түркиядағы және атажұрт – Қап тауындағы ноғайлар туралы айтып беруін өтінген едік. 

Ноғай халқы түркі халықтарының ішінде қазаққа ең жақын ел болып саналады. Ноғай деген халықтың түп-тамырына қарағанда қыпшақ руын көреміз. Баяғы заманнан бүгінге дейін жетіп, ноғайдың құрамына енген бар-лық ру-тайпа қазіргі қазақтың ішінде де жүр. Мәселен, белгілі жазушы Әнес Сарай ағамыз жазған «Ноғайлы» кіта-бына қарағанда, барлық ру-тайпа ноғаймен бірге қазаққа сіңіп кеткенін анық көреміз. Меніңше, қазақ-ноғай деген – бір тұқымнан тараған, түп тамыры бір түркі халқы, Көктүріктен тараған ру бірлестігі. Кейіннен бөлек ұлт болған. Қазақтың әйгілі ғалымы, тарихшы, түркітанушы Шоқан Уәлиханов Ноғайлы дәуірін «қазақ халқының алтын ғасыры» деп атапты. Ол дәуірде өмір сүрген Асан қайғы, Доспамбет Азаулы, Қазтуған жырау, Сыпыра жы-рау сияқты т.б. ақын-батырлар қазақ пен ноғайға ортақ. Дала мәдениетінің ортақ мұрасы – домбыра да бізге ор-тақ. Дешті Қыпшақ деген даланы мекен-деген көшпенді түркі тегінен шыққан скифтер, ғұндар, үйсіндер, Көк түрік-тер, оғыздар, қыпшақтар т.б. домбыра деген аспапты баяғы заманнан қолда-нып келген деп ойлаймын. Бұған бай-ланысты мәліметтер тарихи жазбалар-да кездеседі. Қазіргі қазақ халқы мен ноғай халқы түркі тайпаларының тари-хи Отанында орналасқан түрік бірлес-тігі ретінде танымал.
Түркияда орналасқан ноғайлардың жағдайына қарап тұрайық. Ноғайлар Түркия жеріне 1860 жылы Османлы империясына Кафкас (Кавказ) жерінен ауып көшіп, Қара теңіз арқылы кемелермен жеткен екен. Жалпы саны 600 мың ноғай көбінше Ешкішеһір, Анкара, Бұрса, Коня қалаларында орналасқан. Рұмелі арқылы келген барша қырымдық ноғайлар Ешкішеһір және Бұрса жақта және кейіннен 40-қа жуық басқа да қалаларда орналасқан. Өздері бүгінге дейін ноғай салт-дәстүрін қорғап келеді.
Әуелгіде ноғайлар патшаның және өкіметтің жарлығымен көбінесе Коня қаласына орналасқан екен. Алғашқы уақытта Османлы патшасының бұйрығымен отырықшы ауылдарға мекендеген соң әр үйге бір сиыр, тамақтану және егін егу үшін 170 килограмм тұқымдық бидай беріліпті. Алғаш қоныстандырылған жерлерде қиын жағдайлар болып, соңында басқа ауылдарға, яғни ноғайлар тіршілік ететін Анкара қаласы Ціһанбейлі ауданына қарасты ауылдарға ауып көшеді. Ал бүгін Анкара қаласы Шерефлікочһісар мен Коня қаласы Кұлұ ауданына жерлескен ноғайлар Коня Ылғын ауданында да орналасқан екен. Өздерінің ғұрып-әдет, салт-санасын әлі сақтап келе жатыр. Өз ішінде ноғай тілімен сөйлеседі.
Түркия жеріндегі ноғайлардың саны көбейіп келеді. Бүгінде 4 миллионнан астам делінеді. Қалаларға көшіп, жұмыс тапқан ноғайлардың ішінде салт-дәстүрін ұмытқандары кездеседі. Дегенмен Түркия ноғайлары азды-көпті өз тілін біледі. Жыл сайын ұлттық мереке – «Ноғай сабантойын» ұйымдастырады. Оған Кавказ жерінен, Қырымнан қонақтар келеді. Ноғайдың әйгілі әншісі Асау (Арсланбек Сұлтанбеков), Қарашай-Черкестен, Астраханнан және Дағыстан жерінен келген өнер шеберлері концерт береді.
Сонымен Түркия ноғайлары Ескішеһір қаласындағы Қарачобан, Гөкдере, Кіречкөй, Қалқанлы ауылда-рында, Алпұ ауданы Көксеұлы, Феузие, Гүнелі, Ақтепе, Йешілдон, Ышыкөрен, Гүролұқ, Чұқұрһісар, Чардақбашы, Есенже ауылдарында, Сіуріһісар ауда-ны Ортаклар, Пашақадын, Яуерөрен, Пашақайа ауылдарында, Чіфтелер ау-даны Ылыжабасы, Һайрие, Заферһаміт, Йылдызөрен елді мекендерінде, Сейітғазі ауданы Ақсақлы, Йенікент ауылдарында, Анкара қаласы Полатлы ауданының Ескіполатлы, Қарақая (Қарақұйұ) жерінде, Анкара қаласы Шерефлікочһісар ауданының Акін (Ағын), Шекер, Доғанкая, Каракая мен Абдүлгедігі тұсында, сондай-ақ Анкара орталығы Аһібоз (Айбоз), Баллык, Ташпынар, Гүналан (басқа аты – Колоз) аймағында, Бәлә ауданының Аһметчайыры жерінде тұрып жатыр.
Ноғайлардың бүгінгі атажұрты Ресей Федерациясының бірнеше айма-ғына бөлінген. Мысалы, Дағыстанда, Қарашай-Черкесияда және Ставрополь өлкесінде ноғай ауылдары мен қалала-ры бар. Ресей Федерациясындағы ноғайлардың саны 106 мыңға жуық деп есептеледі. Ноғай тілінде мектеп-тер бар. Мен ол жерлерде болдым, көптеген бауырларыммен таныстым. Ол ноғайлар өздерінің атақты заманда-рын, тарихын біледі. Сыпыра, Шалкиіз Тіленшіұлы, Доспамбет Азаулы сияқты жырауларымен, Едіге батырмен, Ноғай ханмен мақтанады. Ноғай рухы әлі тірі. Сондықтан олар ормандай орыстың арасында жойылып кетпейді деп ойлаймын.

Суреттер автордікі

Қаралым саны 2289

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463