“Күлімдесіп көрісіп, мауқын басып”

14 наурыз – Көрісу айты. Ежелден келе жатқан ұлттық мереке еліміздің көп жерінде ұмыт қалды. Тек республикамыздың батыс аймақтары мен Ресейдің Астрахан, Саратов облыстарында тұратын қандастарымыз  арасында  сақталып  отыр. 

Көрісу күні 14 наурыз болып тегін алынбаған. Өйткені ескіше дәл осы күні – айдың басталуы. Яғни 14 наурыз күні көктемнің алғашқы айы – наурыз (хамал) туады. Бұл – қыстың ызғары қайтып, күн шуағы артып, Жер-Ананың бусанып, дүние бір жаңаратын күн. Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз алты ай қыстан аман шығып, көктемге іліккеніне қуанып, ағайынды іздеп ба-рып, амандық сұрасады екен. Төс қа-ғыстырып көрісіп, «Жасың құтты бол-сын!» деп ақ тілеуін білдірген.
Жалпы, көрісу тарихы тереңде жа-тыр. Ол жөнінде әйгілі Омар Хаямның «Наурызнама» кітабында кеңірек ай-тылса, данышпан хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп көрісіп, мауқын басып» деп жырлайды. Үлкендердің айтуынша, бұл күні адамдар бір-біріне деген ренішін, ашу-араздығы, өкпесін ұмытып, кеші-рімге, ынтымаққа бас иіп, татуласады. Сондықтан Көрісу айты – ағайын мен туыс арасындағы ынтымақ байланы-сын бекіте түсетін жақсы дәстүр.
Бұл күнге Қазақстан Республикасы-ның Президенті Н. Назарбаев та: «Нау-рыз – жыл басы ғана емес, береке-бір-ліктің, ізгіліктің, татулықтың, қайырым-дылық пен мейірімділіктің мерекесі» деп баға береді.
Алысты жақындатып, өкпе-ренішті тарқатып, адамдарды татулыққа, бір-лікке, ұйымшылдыққа ұйыстыратын осы бір тамаша дәстүрді бүгінгі ұрпақ-қа паш ету Батыс Қазақстан облысы-ның Жаңақала ауданында да соңғы жылдары жақсы қолға алынды. Әсіре-се, ауданға Лавр Рашидұлы әкім бо-лып келгелі Көрісу күні өткізілетін ша-ралардың маңызы артып, ерекше кө-рініс табуда.
Айталық, 2012 жылғы Көрісу күні – 14 наурызда аудан орталығында «Ай-мақтар аламаны» ұйымдастырылды. Бұл күні барлық ауылдық округ осы та-қырып аясында жарыс өткізді. Құптар-лығы – барлық округ тұрғындары ша-раға құлшыныспен қатысып, бұрын еленбей жүрген көптеген өнерпаз кө-рініп, ерекше қасиеттерімен (шыны сынығын жұту, шеге үстіне жатып, сал-мақ көтеру, тағы басқа) ауылдастарын тәнті етті. Көрісу күні шын мәніндегі халықтық мерекеге айналып еді.
2014 жылы 14 наурыз тағы да ла-йықты қарсыланса, 22 наурызға дейін-гі 8 күнге ұлттық салт-дәстүрімізді на-сихаттайтын шаралар белгіленіп, бұл мерекенің мән-маңызы арта түсті.
Осы аралықта әр еңбек ұжымына зейнетке шыққан ардагерлеріне құр-мет көрсету, мүгедектерге қамқорлық жасап, жан жылуын бөлу тапсырылып, жүзеге асты. Мереке күні барлық ең-бек ұжымдарының ұлттық киіммен шығуы қолға алынды. Ол да нәтижесін беріп, қазір мереке күні ауыл үлкен-дері ұлттық киім киетін болды. 22 нау-рыз күні бұған дейін өткен шаралар қорытындыланды, мерекеге орай кө-ше сайыстары ұйымдастырылды, ме-кеме ұжымдары Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтау шаралар өткізді. Көктеммен бірге Қыдыр атаның келуі, тайқазан-нан Наурыз көже беру, тағы басқа кө-ріністер көрсетілді.
Биылғы қой жылындағы Көрісу күні көршілес Бөкей ордасы ауданының ауданға келу мегажобасымен ұштас-ты.
Көршілер ауыл шетінен қарсылан-ды. Қонақтарды төрт аттылы еліміздің көк байрағы мен Ассамблея туын көтеріп, ұлттық киім киген жастар ақ ұсынып, күй астанасы ретінде 20 ұл мен қыз үкілі домбырадан күй төгіп қарсы алады. Ту көтерген төрт аттылы бастаған қонақтарды орталық алаңда ауыл үлкендері төс түйістіріп көрісу-мен қарсы алды. Ақ жаулықты, зерлі камзолды әжелер шашу шашса, сәуке-лелі келіндер тобы сәлем салып, қо-нақтарды үлкен қошеметпен бастады.
Алаң ортасына таман сал-серілер қарсылап, жырдан шашу шашты.
Осындай қошеметпен қарсыланған қонақтар арнайы әзірленген құрмет орны – төрге жайғасып, Көрісу күніне арналған шеруді тамашалады. Бұл күнгі шеру биылғы негізгі үлкен төрт мерекеге орайластырылған еді. Алды-мен Ассамблеяның 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, оған ұласа Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Ата Заңымыз-дың 20 жылдығына арналып театрлан-дырылған көріністер көрсетілді.
Осы төрт мерекеге арналып жаб-дықталған киіз үйді тамашалап, мәңгі-лік алау мен күй өнерінің майталман-дарына арналған ескерткіштерге гүл шоғын қойып, тағзым еткен қонақтар мұнан кейін мерекеге арналып ұшы-рылған шарларға куә болып, мәдениет үйіндегі «Достық» бөлмесін тамаша-лауға кірді.
Түске дейін өткен шара соңы бө-кейліктердің концертін тамашалауға ұласты. Түс ауа еңбек озаттарының Құрмет тақтасы салтанатпен ашылды.
Мұнан кейін Жаңақала аудандық қоғамдық келісім Кеңесінің І форумы-ның жұмысы басталып, күні бойы өт-кен мерекелік шара соңы жаңақала-лық көркемөнерпаздардың концерті-мен аяқталды.
Қысқасы, биыл да Көрісу айты ха-лықтық мереке түрінде көптің есінде қаларлықтай ұйымдастырылды. Бұл шаралардың өтуіне биыл көршілес Бөкей ордасы, Жәнібек, Қазталов, Ақжайық аудандарының өкілдері куә болды. Демек, ұлттық мереке – Көрісу айтын ұлықтау бұл аудандарда да үл-кен маңызды мерекеге айналары сөз-сіз. Сөйтіп, ұмытыла бастаған жақсы дәстүрімізді қайта жаңғыртсақ, біздің ұтарымыз аз болмайды.

Өмірзақ АҚБАСОВ,
Жаңақала ауданы,
Батыс Қазақстан облысы

Қаралым саны 1115

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463