Жусан исін сезінетін жандарға

ЖОЛАМАН Мұратбек Тауфиқұлы 1966 жылы 13 қазанда Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ау-даны, Жосалы ауылында туған.
1973-1983 жылдары А. Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінде оқыды. 1985 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің суретші-бе-зендіруші бөліміне түсіп, III - курстан соң Алматы-дағы қазіргі О. Таңсықбаев атындағы сурет учили-щесінің суретші-живопись бөлімінің III - курсына ауысып, оны 1990 жылы бітірді.

1991 жылы Алматы театр, кино және көркемсурет өнері институтына түсті. Мұнда жаңадан ашылған «Стан-ковая живопись» бөлімінде алғашқы 6 студенттің бірі болды. 1993 жылы осы институттың сурет өнерінің 2 факуль-теті және сурет колледжінің базасында қазақ Мемлекеттік көркемсурет Акаде-миясы құрылды. Ол Академияны 1996 жылы бітірді. Оның «Хан сайлау» атты дипломдық жұмысы басқа дипломдық жұмыстар арасында Академия бойын-ша «ең үздік» деп танылды.
Оқу бітірісімен осы академияның «Академиялық живопись» кафедра-сында живопись пәнінен сабақ берді. Академияда ол КСРО халық суретшісі, академик, профессор Қ. Телжановтан, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайрат-кері, профессор М. Қалимовтардан дә-ріс алды. Оқу бітіріп жұмыста жүрген кезде де осы ағалардың қамқорлы-ғында болды. Сонымен қатар ол Қазақстан жас суретшілер бірлестігінің мүшесі еді. Бұл бірлестіктің ұйымдас-тыру комитетінде студент суретшілер-дің шығармашылығын бақылап, да-мыту, ұйымдастыру істерімен айна-лысты.
Мұратбек бірнеше дүркін респуб-ликалық көрмелерге қатысты. Оның шығармашылық еңбектері бүгінде Түркия, Польша, Ұлыбритания, Корея, өзіміздің Қазақстанда жеке коллекция-ларда сақтаулы. Мұратбек академия бітірісімен Қазақстан Суретшілер Ода-ғына мүшелікке ұсынылды. Бірақ сыр-қаттануына байланысты 1997 жылы елге оралды.
Мұратбек шығармашылығының негізгі арқауы Қазақ елінің мың қат-парлы тарихы болатын. Оның картина-ларының тақырыбынан-ақ көп нәрсені ұғасыз: «Сырым батыр», «Қанағаттың құлауы немесе жаман ырым», «Тәңір құт», «Дешті-Қыпшақпен қоштасу», «Хан көтеру», «Әбілмансұрдың алғаш-қы ұрысы», «Қызғыш құс», «Сарын», «Атилланың елесі», «Құлагер», «Тұ-мар», «Еділ-Жайық», «Қорқыттың те-ңізге келуі», «Күлтегін мен Білге тура-лы жыр», «Рух шақыру», «Ұран», «Кез-десу»... Бұл суреттердің әрқайсысынан қазақтың қанын қыздыратын айбын, рух сезілетін. Ауыр науқаспен арпалы-сып жатып та қылқаламын қолынан тастамай, теңдессіз туындылар қалды-рып кетті. Ол небәрі 33 жасында, 2000 жылы 28 сәуірде опат болды.
Биыл Мұратбектің дүниеден өтке-ніне 15 жыл болады. Дүние доңғалағы Мұратбексіз айналса да, оның соңында қалған туындылардың қазақ үшін қа-жеттігі әркез сезіледі. Әсіресе, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтке-лі отырған тұста Мұратбекке, оның шығармашылығына соқпай кету үлкен әділетсіздік болар еді! Өзінің ақырғы күнделігіне «Ата-бабасының даңқты тарихын білгісі келмейтін, өз тамырын ұмытқан, жусан исіне мейірленбейтін жандар менің көрмеме келмесін» деп жазған Мұратбек ата-баба тарихына терең үңілетін, өткенінен үлгі алатын келешек ұрпақ келетініне үміт артқаны анық.
Мұратбектің картиналарын көре-йік, жусан исін сезінейік, достар!

Қаралым саны 1263

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463