Ар ма, әлеумет!

Тарих тереңіне тартып, Қазақ хандығының 550 жылдығын сүйіншілеген 2015 жыл мәреге жақындаған сайын ел мен жердің еңсесін көтеретін, ұлтты рухтандырып, ұрпаққа ой салатын шаралар легі көбейді. Бүгінгі санымыздың негізгі бөлігі де осы тақырыпқа арналып отыр. Бұйырса, Тараздағы қорытынды той мерекелі жылдың мерейін асыратын басты белес болса керек.

«Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» - дейтін жетім бала есіңізде ме?! Тәуба, талай ғасыр тапаған отаршылдықтың табаны астында жоғалған рухымызды, жанышталған намысымызды жоқтап күйзелген ұлт зиялылары-ның көз жасы кебетін уақытқа да жеткен секілдіміз. Соңғы кезең сергелдеңі көп, тіршілікке тар, тұрмысқа ауыр келсе де, санамыз серпіліп, көз алдымыздағы тұман тарап келе жатқандай. «Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы. Алдырып жүрген дұшпанға аузының аласы» деген ақиқатты ұғып, алға ұмтылған өрендер бар. Тегінің тектілігін таныған ұрпақ бар. Үміт соларда. Тәңірім жар болсын!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 1128

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463