Тарих тереңіне тартып, Қазақ хандығының 550 жылдығын сүйіншілеген 2015 жыл мәреге жақындаған сайын ел мен жердің еңсесін көтеретін, ұлтты рухтандырып, ұрпаққа ой салатын шаралар легі көбейді. Бүгінгі санымыздың негізгі бөлігі де осы тақырыпқа арналып отыр. Бұйырса, Тараздағы қорытынды той мерекелі жылдың мерейін асыратын басты белес болса керек.

Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Соның бірі Батыс Қазақстан облысында ұйымдастырылған автошеру болды. Еріктілердің бастамасы-мен басталған шара биліктің қостауы арқасында жоғары деңгейде ұйымдастырыл-ды. Хан тоғайынан бастау алып, Хан Ордасына ат басын тіреген автошерудің мақса-тын автошеру жетекшісі баяндап берді.

Болат НАСЫРҒАЗЫ, 

Ұлыбританиядағы Ковентри қаласындағы Уоруик (The University of Warwick) университетінің магистранты

– Әңгімені туған жер, өскен ортадан бастасаңыз.

Қыркүйектің 11-і күні Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Парламентінің төрағасы Исмет Йылмаз бастаған көптеген мәртебелі меймандар қатысты. Сал-танатты  жиында  ҚР  Президенті  Н.Ә. Назарбаев  сөз  сөйледі.

Әбілсейіт МҰҚТАР,

тарих ғылымдарының докторы, профессор, Атырау мұнай және газ институтының ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры

Қазақ хандығы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Ресей, Түрік, Иран, Жоңғария, сәл кейін Цин (Қытай – Ә. М.) мемлекеттерімен белгілі дәрежеде қарым-қатынас орнат-ты. Әрине бүгінге дейін оқырман қауым, негізінен, қазақ-орыс қарым-қатынасын көбірек танығанымен, оның да біржақ-ты сараланғаны жасырын емес. Көп жағдайда халқымыздың сыртқы саяса-ты Ресей қалыптастырған тарихи таным аясында зерделенді. Бір ғана Тәуке хан-ның орыс елшілері Ф. Скибин мен М. Тро-шинге «Түрік сұлтанының немесе Иран шахының Тәуке ханнан несі артық! Олар да оның өзіндей!» немесе 1691 жылы орыс патшасына жазған хатында «Сіз-дің бабаларыңыз бен әкеңіз сол кездер-де өз адамдарын бізге жіберіп, ал біз-дің елшілер сіздерге барып тұратын-ды. Екі елдің арасындағы сауда адам-дары бір-бірімен кеңесте болып, дос-тық қатынаста болатын» деген сөздері қазақ елінің өзіндік саясатын дәлелдейді [1, 27-28-б.].

Аққали АХМЕТ,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

Кіші жүз халқы ғасырлар бойы қалып-тасқан хандық басқару дәстүрінен бас тартпағанына қарамастан, Ресей импе-риясының қазақ даласын басқаруды орыс жүйесіне көшіруге дайындығы ХІХ ға-сырдың 20-шы жылдары басында аяқ-талып қалды. Патшалық Ресейдің алды-нала жоспарлы түрде ойластырған отар-лау саясаты көздеген мақсатына жетті.

Қазақ хандығының 550 жыл-дық мерейтойы 25-26 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында республикалық деңгейде аталып өтті.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

Орал қаласы

Кіші жүздегі байбақты руының ұранына айналған Дәуқара батыр басында ас берілетінін естіп, ол жерленген БҚО Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округі аймағындағы Жігерлен елді мекеніне Орал қаласынан жол тарттық.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, 

Алматы қаласы

Гүлнәр ЖАҚЫПОВА,  Қазақстанның Халық артисі

– Гүлнәр апай, дәл осы өнерде, оның ішінде театр өнерінде ел ішінде жүріп, орталыққа қарай ауысу оңай емес. Мойындалмай тұрып, маңай-лай алмайсың. Сіз еңбек жолыңызды М. Өтемісұлы атындағы Атырау об-лыстық театрынан бастап, Батыс Қа-зақстан облыстық қазақ драма театрын-да жалғастырып, соңында М. Әуезов атындағы академиялық драма теа-трдың сахнасында өз ойын өрнегі-ңізді көрсетіп, көрерменіңізді қуан-тып келесіз. Сөз басын өскен жеріңіз бен азамат болып қалыптасқан ор-таңызды әңгімелеуден бастасақ...

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инженерлік­-инновациялық университетінің профессоры, т.ғ.к., алаштанушы, Орал қаласы

Қазір біз азат елміз. Қазақта «Тегін білмеген – тексіз» деген мақал бар. Елбасы Алаш қозғалысын «Мемлекет-шілдіктің бастауы» деп ұлықтап отыр-ғанда билік басындағылар, жауапты қызметкерлер, білім мен мәдениет жү-йесіндегі мамандар зиялы, зайырлы іс пен демократия жолында жанын сал-ған ұлт тұлғаларының еңбегін лайықты зерделеп, байыптап насихаттауға тиіс-піз. Бүгінгі «Мәңгілік ел» мұратымыз – Алаш жолын зерделей түсіп, зерттеп, жас ұрпаққа мұра ету.

Биыл Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма-сының қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап «Аталардың ерлігін жыр етем келер ұрпаққа» облыстық қолжазба кітаптар байқауын өткізді. Облыс көлемінде алғаш рет өткен, ба-лаларға арналған мұндай ауқымды байқау облыстық әкімшілік және облыстық мәслихат депутаттарының корпусының қаржылай қолдауы арқа-сында жүзеге асты.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77