Қазіргі қазақ жастарына зерде керек

Болат НАСЫРҒАЗЫ, 

Ұлыбританиядағы Ковентри қаласындағы Уоруик (The University of Warwick) университетінің магистранты

– Әңгімені туған жер, өскен ортадан бастасаңыз.

– Туған жерім – Орал қаласы. Бала-лық шағым Оралдағы «Құрылысшы» ықшамауданында, жазғы демалысым Ордадағы ағаларым мен Жыланды ауы-лындағы нағашыларымның үйінде өтті. Ата-анам – асыл адамдар. Маған әрда-йым шексіз махаббаты мен мейірімін беріп өсірді. Әкем – электомонтер, анам – құрылысшы. Барлық тапқан-таянғанын маған жұмсайтын. Не жеймін, не кие-мін демейтінмін. Соңғы ақшаға маған ең жақсы киім, ең сапалы зат алатын. Менің рухани, интеллектуалды және жан-жақты болып дамуыма барын сал-ды. Ең бастысы, маған керемет қазақи және имани тәрбие берді. Сол үшін оларды әрдайым бақытты қалыпта көргім келеді және олардың ризашы-лығын алу үшін қолымнан келгенше бар жақсылық жасауға тырысамын.
– Қандай оқушы болдыңыз?
– Сабақты «төрт» пен «беске» оқы-дым. Мектеп қабырғасында жүргенде география пәнінен олимпиадалар мен ғылыми жобаға қатыстым. Бір жылда-ры староста болдым және бал биле-рімен шұғылданып, мектепіші және қалалық әр түрлі мәдени шараларға қатысатын белсенді оқушы болдым.
– Алға мақсат қоясыз ба? Ол орын-далып жатыр ма?
– Әр адам мақсат қоюы керек. Әрине әр түрлі мақсат қойдық, оның біреуіне жетсек, біреуіне жетпедік. Сондай мақ-саттарымның бірі шетелде білім алу еді. Кішкентай кезімнен журналдардан не теледидардан шетелдегі жоғары оқу орындарында студенттерге жасалған жағдайды, ғимараттар мен ғылым зерт-ханаларын көргенде «Мектеп бітірген-де осындай жерде оқысам» деп арман-дайтынмын. Мінеки, осы мақсатыма жеттім. Ең бастысы – мақсат және сол бағытта әрекет жасау мен мақсатыма жетемін деген сенімділіктің болуы.
– Еліміздегі жоғары оқу орындары мен шетелдік ЖОО-лардың білім бе-руінде айырмашылық қаншалықты?
– Айырмашылық көп. Ұлыбритания білім беру жүйесінің біздің елден ең басты айырмашылығы – студенттің өз бетімен оқуына көп уақыт берілуі. Бұл жақта кітапханаларда ине шаншар орын болмайды. Оқу маусымы уақы-тында таңғы сағат сегізден кейін орын таппайсың. Студенттер уақыттың қа-дірін білу арқылы оны тиімді жоспар-лап, пайдалануға үйренеді. Екіншіден, бұл елдегі оқытушылар студенттерге қызықты әрі ойландыратын тапсырма-лар береді және тапсырма орындау ке-зінде жан-жақты талдауға ерекше мән қояды. Сол себепті бір тақырыпқа қа-тысты эссе жазу үшін студент тақырып бойынша көптеген әдебиетті оқып, са-ралап, ой елегінен өткізіп, айырмашы-лығы мен ұқсастығын, артықшылығы мен кемшілігін тауып, талдау жазуға ты-рысады. Яғни бұл тапсырма түрі арқы-лы студенттердің сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты сараптау, талдау секілді ана-литикалық ойлау және тапқан ақпарат-ты зерттеу мен зерделеу қабілеті дами-ды. Бұл – қазіргі жұмыс талаптарында кез келген қызметкердің бойында болуы тиіс негізгі қабілеттер.
– Шетелден алған білім мен тәжі-рибе біздің жүйеге қолдануға сәйкес келе ме?
– Сәйкес келеді, жоғарыда айтып кеткендей, Ұлыбританияда оқу бары-сында ең басты – студент аналитика-лық, сыни тұрғыдан, логикалық ойлау, уақытты тиімді пайдалану сияқты әр түрлі қабілеттерін дамытады. Бұл қабі-леттерді дамыта отырып, бітіруші кез келген салада, кез келген жұмыста осы қасиеттерін қолдана алады.
– “Болашақтықтардың” өз қауым-дастығы бар. Бұл ұйым және әрбір “болашақтық” қандай шаралар атқа-рып жатыр?
– Жыл сайын «Болашақ» қауымдас-тығы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен әріптестікте және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Болашақ» бағдарлама-сының жас, талапшыл стипендиаттары мен түлектерін, шетелдегі Қазақстан-ның студенттік ұйымдарының көшбас-шылары мен белсенді тұлғаларын қо-сып, Қазақстанның шетелдегі студент-тік ұйымдарының ІІІ слетін өткізді. Же-келей де көптеген шара өткізіп тұра-мыз. Мысалы, Лондонда ағылшын тілі курстарында оқып жүргенде London Kazakh Masters тобының әкімшілік тобы құрамында болып, көптеген мәдени шаралар ұйымдастырдық. Соның ішін-де Құрбан айт, ҚР Тәуелсіздік күні, Жа-ңа жыл, әр түрлі тарихи қалаларға сая-хат, пикниктер ұйымдастырдық және Сәкен Жолдасовтың «Он и она» филь-мінің Лондондағы тұсаукесерін ұйым-дастырдық. Екінші жылы Уоруик уни-верситетінде (The University of Warwick) магистратурада оқуымды бастағанда сол университеттегі Қазақ қауымдасты-ғында шаралар ұйымдастырушы болып тағайындалдым. Жыл бойы ұйымдас-тырған шаралардың атаулысы – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл ме-рейтойы тақырыбында жыл бойы ұйым-дастырылатын Уоруик бал (Kazakh Wawrick Ball) шарасын өткіздік. Ұлыбри-тания елінің әр түрлі қалаларында ор-наласқан оқу орындарында оқып жүр-ген көптеген қазақ жастары жиналып, мерейтойды бал форматында атап өтті. Ал жақында осы жылдың наурыз айын-да құрылған “ҚазАльянс” қоғамдық бірлестігінің атынан «Сөйле» атты ашық форматта ой мен пікір алмасу форматында өткен шарасын өткіздік.
– Шетелде жүргенде жерлестері-ңізбен хабарласып, араласып тұрасыз ба?
– Батыс Қазақстан облысынан ме-німен бірге оқуға түскен барлық “бола-шақтықтармен” әрдайым хабарласып тұрамын. Қазір мен білетін жиырма шақты стипендиат жерлесім оқуда.
– Сіз көрген шет елдерден үйрене-ріміз бен жиренеріміз қандай нәрсе-лер?
– Үйренетін жерлеріне келетін бол-сақ, британдықтардың көбі дерлік бар-лық істі өз уақытында жасайды және кешікпейді. Тіпті пойыздары мен авто-бустары кестеде көрсетілген уақытпен жүреді. Көше мәдениетіне келетін бол-сақ, біреуге кішкентай тиіп кетсе, кеші-рім сұрайды, кездейсоқ адамдарға аласұра қарамау, біреу затын ұмытып кетсе, оны алмау, қайта иесін табуға тырысу, пара алушылыққа теріс көзбен қарау, әділетсіздікті көріп тұрса, оған жол бермеуге тырысу, қай жағдайда бол-масын мәселені төбелесіп, күшпен шеш-пеу. Тағы ерекше атап кететін жәйт – бұнда өзге дін өкілдері мен мәдениет-ке толеранттылық көрсету, тіпті ұнатпа-са да, онысын көрсетпеуге тырысады. Білім беруге келетін болсақ, жергілікті студенттердің көбі сабаққа және емтихандарға жатпай-тұрмай өте тия-нақты дайындалады және жалпы бри-тандықтар білім беру мен ғылымның дамуына көп мән береді және студент-тердің дамуына білім ордалары өте жоғары жан-жақты қолдау және көмек көрсетеді. Табиғатқа өте мейіріммен қарайды. Оған мысал – Лондонның ор-тасында орналасқан саябақтарында қоян, түлкі, тағы басқа кішігірім жан-уарлар мен аңдардың адамдардан қо-рықпай, бейбіт және тыныш өмір сүруі. Сонымен қатар британдықтар өз аула-сында мүмкіндігінше әр түрлі гүлдер мен ағаштар, көкөніс пен жеміс-жидек отырғызып өсіреді және оны ешкім жұ-лып, бүлдіріп кетпейді. Жиренетін тұ-сымыз – жастары мен үлкендері алко-гольдік ішімдікті, әсіресе, сыраны көп мөлшерде ішеді. Сонымен қатар отба-сы құндылықтары жойылып барады және жастар тарапынан үлкендерге де-ген құрмет біздің елмен салыстырған-да төмендеу.
– “Болашақтықтардың” жұмысқа орналасуы қалай?
– «Болашақ» халықаралық стипен-диясы түлектерін жұмысқа орналасты-ру бойынша бас жұмыс орындарының жәрмеңкесі — Bolashak Job Fair-ды жыл сайын өткізеді. Іс-шараның ұйымдас-тырушылары – Білім және ғылым ми-нистрлігі мен «Халықаралық бағдарла-малар орталығы» АҚ.
– Жалпы, атаған бағдарламаны «Болашақ» деп тегін атамады ғой. Сіз-дің ойыңызша, қазақтың болашағы жарқын болу үшін не қажет? Осы жолда “болашақтықтардың” үлесі қандай болмақ?
– Қазақ елінің жарқын болашағы үшін әр азамат ел дамуына өз үлесін қосу арқылы белсенділік танытуы керек. Елдегі парақорлық сияқты негізгі мәсе-лелердің көзін құрту үшін өзгерісті өзі-нен және отбасынан бастау қажет. Ең басты – қазір бізге жүзге, руға, ұлтқа және тағы басқа белгілерге байланыс-ты бөлінбей, бірлікті сақтау керек! Бұл жолда “болашақтықтардың” үлесі зор болмақ, себебі еліміз бізге үлкен үміт арта отырып, шет елде оқуға үлкен мүмкіндік берді. Сол жауапкершілікті, елдің аманаты мен үмітін ақтау біздің ең басты парызымыз деп білемін.
– Қазіргі заман ағымына сай қазақ жастары қандай болуы керек деп есеп-тейсіз? Жігітке неше өнер керек?
– Заман ағымына сай болу ушін қа-зақ жастары көкірегі ояу, көзі ашық бо-луы керек. Ол үшін әр қазақ өз тілін, та-рихын және мәдениетін өте жақсы білуі тиіс. Себебі өз туған тілін білмеген адам мәңгүртпен теңестіріледі. Ал “Өз тари-хын білмейтін халықтың болашағы жоқ” деп ұлы ғұлама ғалымдар айтып кет-кен. Кез келген ақпаратты қабылдамай, ақпараттың қаншалықты дұрыс не бұ-рыс екенін анықтау керек және кез келген ақпараттың қандай мақсатпен берілгендігін көре білу қажет. Ол үшін көп әдебиет, газет-журнал, интернетте-гі жарияланымдарды зерделеп оқумен қатар логика мен талдау қабілетін да-мыту қажет.
– Жастардың қандай кітап оқуы керек?
– Жастар тарихи, ақпараттық-анали-тикалық, әдеби және өз мамандығы бойынша кітаптарды оқуы керек.
– Хоббиіңіз қандай? Бос уақытыңыз бар ма?
– Әр түрлі тілдерді үйренгенді жақ-сы көрем, қазір француз тіліне қызығу-шылығым артуда. Бос уақытымда дос-тарыммен кездескенді, саяхаттауды ұнатамын. Әр түрлі мемлекеттерге бару арқылы сол ұлттың мәдениетін, тарихын біліп, тани бастайсың. Осы күнге дейін Италия, Франция, Ресей, Ирландия Республикасы және Монако княздығында болып үлгердім.
– Ғаламторға көзқарасыңыз қа-лай? Әлеуметтік желілерді пайдала-насыз ба?
– Ғаламторға көзқарасым оң, себебі ғаламтордан көптеген қажетті ақпарат-ты табуға болады. Әлеуметтік желілер-дің белсенді пайдаланушысымын. Мы-салы, Facebook арқылы көптеген әйгілі тұлғалармен танысып, тікелей хабар-ласуға және сонымен қатар көп достар табу арқылы networking-таныстар желі-сін кеңейтуге болады.
Нұрлыбек РАХМАНОВ,
Орал қаласы

Қаралым саны 968

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463