Менің артист болғаным – анамның арқасы

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, 

Алматы қаласы

Гүлнәр ЖАҚЫПОВА,  Қазақстанның Халық артисі

– Гүлнәр апай, дәл осы өнерде, оның ішінде театр өнерінде ел ішінде жүріп, орталыққа қарай ауысу оңай емес. Мойындалмай тұрып, маңай-лай алмайсың. Сіз еңбек жолыңызды М. Өтемісұлы атындағы Атырау об-лыстық театрынан бастап, Батыс Қа-зақстан облыстық қазақ драма театрын-да жалғастырып, соңында М. Әуезов атындағы академиялық драма теа-трдың сахнасында өз ойын өрнегі-ңізді көрсетіп, көрерменіңізді қуан-тып келесіз. Сөз басын өскен жеріңіз бен азамат болып қалыптасқан ор-таңызды әңгімелеуден бастасақ...

– Мен Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тудым. Онжылдық мектепті Қазталов ауданында оқып тәмамдадым. 1974 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы-ның актерлік бөліміне оқуға түсіп, оны 1978 жылы бітіріп шықтым. Сөйтіп та-лай таланттың тұсауын кескен ғажап педагог, профессор Қаныбаева Рәбиға Мұқайқызының сыныбынан тәлім ал-дық. Содан кейінгі ұстаздарымыз Ыдырыс Ноғайбаев пен алдымен ак-тер, кейіннен кәріс театрының дирек-торы болған Олег Ли болды. Құдай-берген Сұлтанбаев, Уайс Сұлтанғазин, Лидия Қаденова, бәріміз осы кісілер-дің шеберханасынан шыңдалып шық-тық. Сөйтіп біз факультетті тәмамдап жатқан жылы министрліктен нұсқау келіп түсіп, жақсы оқыған 5-6 қыз-жігіт Атырау театрына алынатын болдық. Өйткені іргесі 1938 жылы қаланған Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық театрында кіл үлкендер жағы ғана қалыпты да, жастар жоқтың қасы екен. Облыстық мәдениет бас-қармасының бастығы министрге: «Барлық жағдайын жасаймын, тек жастарды жібере гөр» деп өтінгенге ұқсайды. Біз барған кезде театрдың 40 жылдық мерейтойын атап өту жоспар-ланған екен. Осы мерейтойдың құрме-тіне ертеректе Солтүстік Кореядан эва-куацияланып, өзі Мәскеуде оқыған Мен Дон Ук деген кәріс режиссері театрға арнайы спектакль қоюға келді. Кейін ТЮЗ-да талай жыл еңбек еткен, дубляждың дара майталманы Шапай Зұлқашев та театрымызға режиссер болып келді. Қазақстанның халық ар-тисі Алтын Ружева мен Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Оразғали Әбділ-манов Тараздағы театрдан Атырау театрына арнайы шақыртумен келген-дер. Сол жылдары Алтын апамыз театр-ға директор болып тағайындалды. Студия бітірген жастар да келіп жатты. Не керек, Атырау театры жастарға қарқ болды.
Мен Дон Ук жұмысты қарқынды бастады. Спектакльдерді сахнаға шығарып үлгере алмай жатты десек, артық айтқандық емес. Қазір ойлап отырсам, бүгінгі сахнада қойылып жатқан мақтаулы спектакльдердің бәрін Мен Дон Ук 1980 жылға дейін қойып тастаған екен. Мен Дон Уктың стилі мен тәсілін жазбай танимын. Сол Кеңес Одағы кезінің өзінде ол үйреншікті жолдан өз соқпағын табуға тырысқан, қалыпқа сыймайтын, айна-ласындағылардан сәл басқаша ойлай-тын, өзгеше көзқарастағы режиссер еді. Міне, осындай адамның «қолына түскенім» менің бақытым еді.
Сөйтіп, 1980 жылдың мамырында театр ұжымы Алматыға, яғни орталық-қа есеп беру гастролімен келдік. Жетім қыздың 16 жасынан бастап 60-70 жас-қа дейінгі өмірін бейнелейтін Мариот-то Каоридің «Шығыстағы бір бейбақ» спектаклінде басты рөлде мен ойнай-мын. Бір қызығы, сол спектакльді, сол спектакльдегі жетім қызды ойнаған менің рөлімді көрген М. Әуезов теа-трындағы ағаларым мен апаларым, қатарлас замандастарымның әлі күнге дейін есінде екенмін. Осы сапарда мен алғаш рет көзге түсіп, мойындал-дым. Тіпті атақ та арқалап қайттым. Театрдың 50 жылдық мерейтойына байланысты тағы да спектакльдер қо-йылды. Осы спектакльдердегі көптеген басты образды өз дәрежесінде ойнап шыққаным үшін маған “Қазақстанның еңбек сіңірген артисі” деген атақ берілді. Атырау театры тұсауымды ақ пейілімен адалдап кесті деп айта ала-мын. Ең алдымен, Шапай Зұлқашевтан тіл үйрендім. Сол гастрольдік сапарда өнер көрсеткенімізде менімен қатар оқығандар, жалпы мені танитындар «Масқара, Гүлнәр қазақша сөйлейтін болыпты» деп таң қалысқан еді. Ра-сында, мен орыстілді едім. Ал инсти-тутқа қабылдау кезіндегі байқау сы-нақтарын тапсыру үшін мен түнімен Абайдың өлеңдері мен Крыловтың мысалдарын анаммен бірге отырып жаттайтынмын. Кей сөзін емес, бірде-бір сөзін түсінбеймін. «Мынау не сөз, мағынасы не?» деймін, анам табан астында аудармасын айтып, түсіндіре бастайды. Түсінген боламын. Емтихан-ға осылай дайындалдық. Қалғып-мүл-гісем де, бір айтқанымды он қайталап отырған маған жаны ашыған әкем: «Гулечка шаршады ғой, жатсын, демал-сын», - дейді шыр-пыр болып. «Мен бе бұған әртіс бол деген. Отыр, жатта! Осыны дұрыс айтпай, орныңнан тұр-майсың», - дейді анам нығырлап. Не керек, таңға дейін дегенім артық шы-ғар, бірақ түннің бір уағына дейін анам мені тапжылтпай отырып тілімді «сын-дыратын». Сөйтіп қатал анамның арқа-сында кілең таланттармен бақ жарыс-тырып, топ жарып, оқуға қабылдан-дым. Сондықтан менің артист болға-ным анамның арқасы деп білемін.
– Батыс Қазақстанға қандай бұй-рықпен келіп қалдыңыз? Мұнда да бірталай жыл жұмыс істепсіз?
– Атырау облыстық театрында тұп-тура он бес жыл жұмыс істедім. Театр-да істегеніме 13 жыл болғанда Президент Н. Назарбаевтың «Барлық облыс орталықтарында ұлттық театр ашылсын» деген Жарлығы бойынша «Оралдан да театр ашылады екен» де-ген сөз шыға бастады. Ал Орал – бұрын-нан қазағы аз қалалардың бірі, казак-тар, орыстар, татарлардан аяқ алып жүре алмайсыз. Облыс орталығынан қазақ театрының ашылуы қазақтан-дырудың жақсы бір қадамы болды. Біз де шақырылдық. Бірақ Атырауға үйре-ніп қалған жұбайымның Оралға бар-ғысы келмеді, сөйтіп отбасымызда бұл тақырып қозғалмайтын болған. Алай-да Қабиболла Жақыпов облысқа әкім болып барған соң Оралда туған бар-лық қыз-жігіттерді туған өлкесіне ке-ліп, өнері мен мәдениетін көтеруге ат-салысуға шақырды. «Туған жеріңнен бір қазақ театрын аша алмасаңдар ұят болады» деп салмақ салып, әңгімені ұят пен намысқа әкеп тіреген соң, амал жоқ, төңірегіңнің бәрі туыс, айналаң ағайын болып кеткен жылы ұямыз – Атырау театрымен қоштасып, жұба-йымды көндіріп, туған жеріме келдім. Жалғыз мен ғана емес, батыста туған қыздар жұбайларын, ал жігіттер келін-шектерін ертіп әкеп, жан-жақтан жи-налғандар іске кірісіп кеттік. Бәрі де талантты артистер еді. Қарағандыдан Тельман Имашев, Талдықорған театры-нан Мұрат Ахманов пен Қазима Нұғма-нова, Арқалықтан Шаһарбану апай мен Қайыпберді Есенқұловтар, Шым-кенттен Темірболат Есенәлиев, Қызыл-ордадан Мықтыбай Жылыбаев, Аты-раудан Сайлау Сембаев, Сатқали Әуел-баев келді. Ол кезде театрға бөлінген дайын ғимарат та жоқ, ремзауыттың Мәдениет үйінде жұмысымызды бастап кеттік. Көк түтіннің ішінде қақа-лып жүріп, бір айдың ішінде үш спек-такль дайындадық. М. Әуезовтің «Қа-рагөзін», өзбек драматургы Ш. Баш-бековтің «Шойын қатынын» және бір спектакльді сахнаға шығардық. Сөйтіп, 1994 жылдың қыркүйегінде жиналған артистер желтоқсанда алғашқы спек-таклімізбен алғашқы көрермендері-мізбен қауыштық. Өз театрының маң-дайына біткен еңбекқор әрі талантты артистермен жұмыс істегенде жылдам да сапалы дүниені жасап шығаруға болады екен. Біз жанталасып жұмыс істеп жүрсек, мына жақтан «Қазақтар-ға театр аштырмаймыз!» деп казактар көтерілді. Мұндай сөз жергілікті батыс-қазақстандықтардың намысын жани түспесе, жігерін жасыта алған жоқ. Ке-рісінше, «театр ашылып жатыр» деген жаңалыққа қуанған намысты қазақтар «театрларыңа керек болады» деп үйі-нің төрінде тұрған, жертөлесінде жат-қан аталары мен аналарының көзін-дей болған қимас көне заттарын әкеп табыстап жатты.
– Тәуелсіздікпен бірге тұғырын қа-лаған театрдың алғашқы ұйымдасты-рушыларының бірі өзіңіз? Тақыр жер-ден театр жасау қиын болған шығар?..
– 1996 жылы Тараз қаласында рес-публикалық Театр фестивалі өтті. Тұңғышбай Жаманқұлов директорлық ететін М. Әуезов атындағы драма театр «Абылайхан» спектаклімен келді. Әлі есімде, сонда біздің Орал театры елі-міздің бас театрымен таласып, Мұрат Ахманов қойған «Бір түнгі оқиға» қо-йылымы да Гран-Приді жеңіп алды. Жаңадан ғана тұсауын кескен облыс-тық театр үшін бұл ауыз толтырып ай-туға тұрарлық олжа еді.
Біз елде жүргенде көп нәрсе жаса-дық. Оралда Дәулеткерей атындағы өнер институты бар, осы институттың ректоры Махамбет Ержанов ағамыз өнер шаңырағының ішінен театр фа-культетін ашып беріп, мамандар да-йындау ісіне барынша көмек берді. Бұл жақсылығы үшін ағамызға рақмет айтудан шаршамаймын. Байқау жа-рияладық, кастинг жасадық, суретші-лерді, режиссерлерді, өнерге аз-маз қатысы бар адамның бәрін шақырып, «Қайтсек те, Орал театрын оңды ете-міз» деген мәселемен күндіз-түні шап-қыладық. Өйткені театрда бұрыннан келе жатқан аға буын бар, жас деп ша-қырылған біздің өзіміз де орта буынға айналдық, ал жастар жоқ. Соның нәти-жесінде жергілікті жерден 16 жас қыз-жігітті алдық. Балаларды оқыттық, тәрбиеледік. Қазір осы 16 бала өсті, жетілді, бүгінде театрдың негізі болып отыр. Бір жағы, сорғалаған теріміз сах-нада төгілді, екіншіден, осы еңбегіміз-ді елеген де болар, 40 жасымда маған «Қазақстанның Халық артисі» деген атақ берілді. Жаңа театрға көрермен жинаудың, қазақты театрға келтірудің әр түрлі айла-тәсілдерін ойластыра-тынбыз. Сол жылдарда сахнада “Қара-гөзді” ойнап жүр едім, театрдың ішінен «Қарагөз шақырады» деп концерттік бағдарлама жасадық. Ол думанды ойын-сауық кеші секілді өткізілетін. Тура сахнаның ортасынан көрермен отырған партер залына дейін подиум тартып, өзіміз тігіп, дайындаған мау-сымдық сәнді киім үлгілерін актриса-ларымыз бен актерлеріміз киіп шы-ғып, олай-былай ойқастай жүріп, ха-лыққа сән көрсететін. Мұны көрген адамның есі шығып кететін. Өйткені ол кезеңде мұндай нәрсе таңсық әрі қызық еді. Сахнада субұрқақтар атқы-латып, отшашу жасап, дүркіретіп тұрып өткізгенде халық бірінен-бірі естіп, өзі-ақ жинала бастады. Сондағы жинаған көрерменіміз әлі күнге театрдан ажыраған жоқ. Оралға барған сайын, ең алдымен театрға барамын, сырттай бақылап қараймын. Кезекті қойылым-ға ағылып келіп жатқан көрерменді кө-ріп бойымды сүйсіну, марқаю секілді сезімдер билейді. Ал Алматыға отба-сылық жағдаймен келіп қоныстандық. Үлкен ұлым оқуын бітіріп, Алматыға кететін болды, екінші жағынан, артист ретінде өзім де ары қарай жетілгім келді, мүмкіндігімді сынап көргім кел-ді, сөйтіп, бәріміз сол баланың соңы-нан еріп, үлкен қалаға келдік.
– Үш бірдей театрда жұмыс істеу-дің психологиялық бейімделу жағы-нан қиындығы болатын шығар. Кеше ғана бүкіл басты кейіпкерлерді ойнап, сахнаның сәні болған актриса басқа театрға келгенде екінші кезекке ысы-рылып, екпіні басылып қалады деп естиміз. Сіздің де басыңыздан сондай жағдай өтті ме?
– Алдыма бір мақсат қойсам, орын-далғанша тыным таппайтын адаммын. Мен «қысым көрдім, қиындық көр-дім» десем, Құдайдан безгенім болар. Атырауға барсам да, Оралға барсам да, екі ұжымым да құшақ жайып қар-сы алады. Өзім де олармен қауыша-тын кезімді аңсап, сағынып жүремін. Бұл мінезді жақсыға да, жаманға да жатқызарымды білмеймін, бірақ әді-летсіздікпен бетпе-бет келсем, нақақ-тан-нақақ әлдекімнің қиянатқа ілігіп бара жатқанын көрсем, шыдап та, қа-рап та тұра алмаймын. Дұрыс екеніне көзім жетіп тұрса, қорықпастан айы-бын бетіне басып, айтып саламын. Ме-нің бұл мінезімді ұжым да қолдайтын. Осы мінезім жергілікті биліктегілерге де ұнаған болуы керек, облыстық мәс-лихаттың депутаты да болған кезім бар.
– Мұндай ірі мінез бүгінгі өнер адамдарының бойынан байқала бер-мейді...
– Солай болар. Бүгінгі күні қай адам да «ләббай» деп бас шұлғуға үй-ренген. Жағымпаздық қазақтың қасие-тіне айналып, жаппай дендеп барады. Алматыға ауысып, аттанып бара жатқа-нымда: «Енді біздің сөзімізді кім сөй-леп, бізге кім қорған болады?» деп жас достарым көзіне жас алып, жылап шығарып салды. Шындықты айту мен үшін ешқашан қиын шаруа болған емес. Оралда жүрген жылдары театр-да «Біз де ғашық болғанбыз» деген спектакль қойдым. Әлі күнге дейін жү-ріп жатыр. Тіпті ойнайтын екі-үш артист кетіп қалса да, жаңасын алмастырып, қоя береді. Репертуардан ала алмай-ды, өйткені көрермен тек соны сұрай-тын көрінеді. Моральдық жағынан да, басқа жағынан да әбден ескірген дү-ние болса да, амал жоқ, көрермен сұ-рауы бойынша қойыла беріледі. Ал бұл спектакль кезінде мінездің ұсақ-талып бара жатқанына күйінгендіктен, репертуар зәрулігінен, драма тапшы-лығынан амалсыз қойылған туынды-лардың бірі еді.
– Аяқ астынан режиссер болуы-ңызға не себеп?
– Өйткені тап сол мезетте театр-дағы естияр-ересектердің бірі мен болған соң, бедел, танымалдылық жа-ғынан да салмақ маған түскен соң, қоюға тура келді. Сөз басында айттым ғой, жаңадан ашылып жатқан театр уақытпен санасуды білмеді, күн-түн демедік, от пен суға бірдей түсуге тура келді. Бұл таза мұқтаждықтан туған талпыныс болатын. Егер мені қыста-маса, келіспес те едім. Қазірге дейін жерлестерім «спектакль қой» деп қолқа салады. Алайда «Нағыз маман режиссерлерді алып келейін, мені мазаламаңыздар» деймін. Өйткені әркім өз ісімен айналысуы керек.
– Сіздің әкеңіз өткен ғасырдағы ал-ғашқы зиялылардың қатарында сана-латын Хаби ақсақал өз өлкеңіздегі аса қадірлі азаматтардың бірі екен. Тамыз айында Оралда Хаби Жақыповтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтіп-ті. Әкеңіз туралы айтып беріңізші.
– Әкем де, атам да соңғы демі тау-сылғанша жұртқа жүгініп, елге еміре-ніп қызмет еткенді ғана білген адам-дар. Арғы атамыз Сәрсенбі бидің алты баласы болған екен. Бірде би атамыз балаларын жинап алыпты да, әрқай-сысына: «Сен екеуің шаруа жасайсың-дар, сен үшеуің оқу оқисыңдар, ал сен, менің жанымда қалып, менің орным-ды басатын боласың» - депті менің Жақып атама. Би бабамыз атамды ел ісіне өзі баулып, қасынан қалдырмаған екен. Содан 1916 жылы менің әкем туылған. Жақып атамның бір інісі ұстаз болыпты. Ликбез жүргізген. Қазақ, орыс тілдеріне бірдей сауатты болған. Есімі Өтешқали болса да, ешкім аты-мен тура атамай, «Молдақа» депті. Ол уақытта сауатты адамдарды молдаға теңеген ғой. Ол кезде әлі совет өкіметі орнамаған да екен. Сөйткен атамыз-дың кеңес кезіндегі кескіні мынадай еді: үстінде брезент шапан, белін қа-йыс белбеумен шарт буған, көзінде мотоциклшілер киетін көзәйнек, ба-сында құлақшын, аяғында табаны бір қарыс керзі етік, қолында таяқ. Бізбен бірге отырып бір кесе шай ішуге ол кі-сінің бір минут уақыты болмайтын. Үйге бас сұғар-сұқпастан амандаса са-латын да, от ала келгендей асығыс ке-тіп қалады. Сонда атамыз не істейді, қайда барады деп ойлайсыз? Аудан-дағы елді мекендердің түгін қоймай аралап, иен далада жалғыз-жарым отырған малшының қыстағына дейін барып, зейнеткерлік жасқа жетсе де, зейнетақыға шығудың жолын білмей отырғандарды, ата-анасы мен асырау-шысынан айрылса да, өкіметтен жәр-демақы алуды білмейтін жетім-жесір-лерді, «Еңбек кітапшасы» дегенді өмірі естіп көрмеген, жалақысынан қағылса да жайбарақат жүре беретіндерді, қыстақта туып, кіндігін көрші кемпір кескен құжаты жоқ, тіркеуде жоқ бүл-діршіндерді, мектеп жасына әлдеқа-шан жетсе де, оқу оқуды ойламаған ба-лаларды, қарттар үйі дегенді білмек түгілі, ғұмыры естіп көрмеген жалғыз-ілікті кейуананы іздеп тауып, тізімге алып, не керек, осыншама проблема-ларды жергілікті биліктегі жауапты адамдардың алдына қойып, олардың назар аударып, нәтиже шығаруына ба-рынша бейіл болған. Қолынан келмей бара жатса, менің әкеме телефон соға-ды. Ал, әкем өмір бойы сот болып істе-ген адам. Заңгер. Ағасы жинап алып келген құжаттар мен мәліметтерді әде-мілеп конверттерге салып, тиісті орын-дардың мекенжайын жазып, жеткізе-тін жеріне жеткізіп береді және өз құ-зырына тиесілі шаруа болса, «көмек-тесіп жіберерсіз» деген өтінішін қоса жеткізеді. Ұшы-қиыры жоқ, өз еркімен есепсіз жақсылық жасауды азаматтық парызы деп санаған атамызды ауыл адамдары «пенсия алып беретін ата» деп те атаған екен. Ол заманда қазіргі-дей қарыс қадам жерге апарғаны үшін ақша алу деген жоқ, атамыз автостоп-пен бүкіл елді аралайды. Міне, біздің атамыз осындай адам болған. Тек Мол-дақа атам ғана емес, ізгілік жасау, қа-йырымды болу, ел үшін қызмет ету ме-нің әкемнің арғы-бергі аталарының бә-ріне тән қасиет болған. «Халық, халық» деп жүріп Молдақа атам ақыры жол үстінде қайтыс болды. Өмірінің соңғы күніне дейін жақсылық жасаумен өтті. Әкем жарықтық та сондай еді. Бір жер-ге іссапарға барса, жалғызілікті жандар мен қарайласары жоқ балаларды үйге жетектеп әкеліп, жағдайын жасайтын. Соларды оқуға түсіреді, ауруханаға жатқызады, емдетеді, әскерге баратын жетім баланы военкоматқа дейін бірге барып, «Жанашыры жоқ жалғыз қалған бала, дұрысырақ жерге жіберіңдер» деп ақырына дейін көмектесіп, жолға салып жіберетін. Соғыс кезінде әкем әскери трибуналда істеген. Ол заманда заңның беті қатты, адамдар аш өзегі талып бара жатқан соң амалсыз алған бір уыс бидай үшін сотталып, бір қап бидайға бола атылып кететін уақыт. Бұйрықты орындауға міндетті бола тұрып, әкем жазықтылардың айыбын жеңілдетуге немесе ату жазасынан арашалап алып қалуға да тырысқан екен. Кеше 100 жылдығы тойланып жатқанда да әкемнің көзін көргендер, яки ол туралы естіген адамдар келіп, ескі күндерден естелік айтып жатты. Оралда өткен сол жиында бір кісі кө-зіне жас алып тұрып сөйледі. Қылмы-сы ауырлау болды ма екен, кезінде әкем оны соттап жіберген екен. «Бірақ жаза кескенде де болашағыма нұқсан келмейтіндей, сынып кетпейтіндей, қайта оралғанда қағажу көрмейтіндей, кәсібі бар, жеңілдігі бар бөлімге қарай жіберіп еді мені» - дегенде іші елжіре-меген адам қалмады. Тіпті менің елде-гі достарым мен кластастарымның өзі: «Ел үшін жұмыс істеген сенің әкеңдей адамды біз әсте көрмедік те, кездес-тірмедік те ғой» деп отырады. «Қазақ КСР-ыне еңбегі сіңген заңгер» деген атақты ең алғашқы болып иеленген алтаудың бірі – менің әкем. Сондықтан болар, әкемді ел ішінде кей ауылдас-тарымыз «Хабес әулие» деп те атайды.
– Аталарыңыздың, әкеңіздің осы қасиеті «тұқым қуалап», басқалары-ңызға да қанмен беріліп, қамқорлық жасайтын шығарсыздар?
– Ілгеріректе ұлым үйленетін бо-лып, достасып жүрген қызын қайын-сіңліме әкеп көрсетіп, таныстырыпты. «Мамасы қандай адам?» дейді бола-шақ келінім. «Она строгая, но справед-ливая» депті. Әкем қайтыс болғаннан кейін ағам мен інім әкемнің атындағы қор ашқан. Олар да жағдайы жоқ, қам-қорлықты қажетсінетін жетім-жесір-лерді алдынала біліп алып, нақтылы (адресно) көмек жасайды. Мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектерге шәкіртақы тағайындайды. Әр салада пайдалы жобамен айналысып жүрген жастардың ойын жүзеге асыруына кө-мек беруден екеуі де іркіліп қалған емес. Меніңше, өмірде ізгілік жасаған адамның ғана ізі сайрап қалатын сияқ-ты. Жақсылық жасаудан өзге нәрсені ойламайтын, ар мен адалдықтан басқа мінез бойына сыймайтын, тұла бойы түсіну, кешіру деген сияқты кең қасиет-тен тұратын аталарым мен бауырла-рым үшін мақтанамын.
– Әңгімеңізге рақмет!

Қаралым саны 1408

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463