Міне, жаңа жылдың жаңа санын да қолымызға алып, қайта жүздесіп отырмыз. Мың-сан басылым, қызыл-жасыл газет-журнал арасынан бізді таңдап, бізге тоқтағаныңызға бек разымыз. Рахмет!

Рухтың биіктігі, жанның тазалығын айтқанда тəннің саулығына да сəйкесінше мəн беру қажет. Жан мен рухтың бұл өмірдегі мекені – денемізді күте білу, шынықтырып шыңдай  түсу  ойдағыдай  білім  алып,  халыққа  қызмет етудегі  мүмкіншілігіңді  арттыра  түседі. 

Нұрсұлтан МӘУЛЕНҰЛЫ,

Ардахан университетінің студенті, Түркия Республикасы

Бүгін Халықаралық «Меулана» грант бағдарламасы бойынша Түркия мемлекетінің Ардахан қаласында оқып жүрген жерлесіміз Нұрсұлтан Мәуленұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,

тарих ғылымдарының кандидаты

Отандық тарих ғылымын зерттеуде өлке тарихының орны ерекше. Себебі біртұтас қазақ тарихының өзі өлке тарихын танудан бастау алады. Олай болса, өлкетанудың өзекті ұстанымдарын анықтап, оның ақтаңдақ беттері-не қалам тарту – бүгінгі уақыт талабы. Соның ішінде осы өлке үшін, оны кейінгі ұрпағына мирас ету жолында жанкешті еңбек етіп, халқының талайлы тағдыры таразыға тартылғанда төрелік танытқан батыр бабаларымыз-дың, дана билеріміздің, абыз ақсақалдарымыздың, халқының қазығы болған ұлы хандарымыздың өнегелі өмір жолын, ел есінде сақталған ерлік һәм елдік істерін танып білу, оны бүгінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы зор. 

Тұяқбай РЫСБЕКОВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан гуманитарлық ғылымы академиясының академигі, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының корреспондент-мүшесі

1916 жылғы патша жарлығы мен оның отарлаушылық саясатына қарсы басқа «бұратана халықтар» сияқты қа-зақ халқы да жаппай көтерілгендіктен, бұл көтеріліс жалпыхалықтық ұлтазат-тық сипатқа ие болды. Қазақстанның барлық аймағындағы сияқты бұл көтерілістің ошақтары Батыс Қазақстан жерінде де орын алды.

«DANAkaz» журналы 2014-2015 жылдары оқырмандар арасында «Өскен өлке тарихы» атты байқау ұйымдастырып, өткен жылдың соңғы нөмірінде қорытындысын жариялаған еді. Бірақ байқау жалғасады, редакция өлкетанушылардың, жас оқырмандарымыздың туған жердің тарихына қатысты тың деректері бар мақалаларына әрдайым көңіл бөліп, төрден орын беруге даяр. Хат жазыңыздар, мақала жіберіңіздер!

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округіне қарасты Ақтұлым мекенінде дәулескер күйші-композитор Ұзақ Мырзабайұлына кесене тұрғызылды. 

Альфия БАЙБОЛСЫНОВА,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Айдана ДҮЗБАСОВА,

тарих мамандығының 2-курс студенті, Орал қаласы

Мәжит Шомбалов деген кім?
ХХ ғасырдағы 70 жыл үстемдік құр-ған Совет дәуірі кезеңінде денсаулық сақтау ісін ұйымдастырудың басында болған, халықтың саулығы үшін жан ая-май еңбек сіңірген қоғам қайраткерінің бірі, бірегейі – Батыс Қазақстан өңірінің тумасы, қоғам қайраткері, білікті және қазақ даласындағы алғашқы дәрігер-лердің бірі Мәжит Мұхамеджанұлы Шомбалов.

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

(Жалғасы. Басы өткен санда)

Залимхан аға бізге – қазақ бауырларына құрметтің ең үлкенін ойластырғанға ұқсайды. Жан-жақтан жиналып жатқан көмекшілеріне түрлі тапсырма беріліп жатты. Көп кешікпей бірнеше көлікке бөлініп отырып, ауылдың сыртына бет алдық. Сөйтсек, әсем табиғат аясында әдемі оюлы киіз үйді арнайы тігіп қойған екен.

Жәнібек ӘБІЛПЕЙІСОВ,

Атамекен ауылы, Батыс Қазақстан облысы

«Теріс оқу» деп қазақ дуа оқуын айтқан. «Нақу бітірген молда пері ұстапты» деген сияқты ертегіге бергісіз әңгімелер ел ішінде әлі айтылады. Біз-дің төртінші атамыз Тілеубайдың үл-кен ұлы Сыдиық ғұлама – ишан атан-ған адам. 1937 жылғы қызылдардың қырғынында Қарагөбен деген ағамыз ишан атамыздан қалған бір сандық кітапты көмбек болады.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463