Ар ма, ағайын!

Міне, жаңа жылдың жаңа санын да қолымызға алып, қайта жүздесіп отырмыз. Мың-сан басылым, қызыл-жасыл газет-журнал арасынан бізді таңдап, бізге тоқтағаныңызға бек разымыз. Рахмет!

Бұдан бұрын уәде еткеніміздей, биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығына арнайы айдар ашып, алғашқы мақаланы ұсынып отырмыз. Шынына келгенде, бұл қозғалыс – ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында әбден пісіп-жетілген азаттыққа, тәуелсіздікке ұмтылыстың басы еді. Осы жолда қаншама арыс қан төкті, Алаштың азаматтары басын бәйгеге тікті. Сол ардагерлердің ерлік жолын, азаматтық үлгісін әрдайым насихаттау – біздің басылымның басты мақсаты.

Биыл «DANAkaz» бетінде отбасы құндылықтарын насихат-тайтын, салауатты өмір сүруге шақыратын мақалаларды да жүйелі жарияламақ ниеттеміз. Отбасы, шаңырақ – киелі ұғым, Отан от-басынан басталады, Үлкен Отан – шағын-шағын отбасылардан құ-ралады. Сондықтан отбасы жарастығы, шаңырақ шаттығы – ұлан-ғайыр еліміздің де тыныштығы мен берекесі деген сөз. Ел ішінде, өз жаныңызда жүрген осындай ісі үлгі отбасыны көрсеңіз, бізге мақала жолдаңыз – жақсының жақсылығын жария етейік!

Қаралым саны 1063

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463