Жан азығы

Көреалмаушылық, бетіне күліп, сыртынан жамандай-тын жаман қылықтан құтылуға бүгіннен қимылдауымыз қажет-ақ. Бұндай пасықтықтан арылмасақ, барды жоқ етіп, түзуді қисайтып, болашақтың тамырына балта шабамыз.

Елдің болашағын шынайы ойлайтын, қолдарынан іс келетіндерді қолдап, əрі сөзбен, əрі іспен жанынан табыл-ғанымыз абзал. Айналаңызға қараңызшы, елдің қамы үшін жанұшырып жүрген жан бар ма? Жоқ болса, ізде, не өзің сондай болуға ұмтыл. Бірақ еш уақытта қарау ойлап, кері тартпа. Ең болмағанда, кедергі жасамай жайыңа жүр!

Қазақ қазақтың аяғынан шалуды қойып, елдің бола-шағы үшін бас біріктіріп, бірлесе қимылдаса, мұратына жетері анық.

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Қаралым саны 729

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463