«Хамал (наурыз) басында қазақ ғұрпынша жаңа жыл кіріп, ескі жыл шығады: Ескі өліп, жаңа тірілгенде, өлгенді еске түсіріп, жақсы жағын, қылған жұмыстарын айтып отыру әдет» деп жазыпты сонау 1919 жылы Ғұмар Қараш атамыз. Біз де, міне, қойды жөнелтіп, мешінді қарсылағалы отырмыз.
Өткен жылдар бізге не берді? Қандай нәтижеге жеттік?

Көреалмаушылық, бетіне күліп, сыртынан жамандай-тын жаман қылықтан құтылуға бүгіннен қимылдауымыз қажет-ақ. Бұндай пасықтықтан арылмасақ, барды жоқ етіп, түзуді қисайтып, болашақтың тамырына балта шабамыз.

Сағадат Гауһар Сағадатқызы – жастығына қарамай, талай биікті бағындырған палуан қыз. Осы кезге дейін төмендегідей жетістіктерге жетіп үлгерген:

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,

тарих ғылымдарының кандидаты

(Жалғасы. Басы журналдың өткен санында)

Ел игілерінің келісімі
Орынбор әкімшілігіне иек артқаны-мен, Жантөре хан ел ішіндегі ахуалды реттей алмады. Ханның орыс үкіметіне сенім артуы халықтың наразылығын ту-ғызды. 1807 жылы 20 қыркүйекте дала-лық қазақтардан қауіптенген Жантөре хан 25 түтіннен тұратын өз ауылымен Мергеновск форпостының жоғары жа-ғындағы Жайықтың тайыз жеріндегі өт-кел арқылы ішкі бетке өтіп, «Қызыл ар-на» деген тоғайлы сай-салаға орналас-ты [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 71-п.].

Аудандық мешіт жанындағы сауат ашу курсы ғимаратында осы кітаптар-дың таныстырылымы өтті. «Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады» деген бабаларымыз. Тоғыз бөлімнен тұратын альбомның 8-і Жаңақала ауданы, 1-уі Бөкей oрдасы ауданы аумағындағы кө-не құлпытастарға арналған. Ескерткіш мәтіндері араб жазуынан қазіргі қаріп-ке аударылып, мағынасы сараланып, түрлі түсті суретімен берілген. «Бұл жас ұрпақ үшін қажет дүние» - дейді ауыл ақсақалдары.

Мир ӘБДІҒАЛИЕВ,

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы

«Ауылыңның шетінде төбе болса, ерттеп қойған атпен тең» дейді қазақ нақылы. Ата-бабамыз ерекше құрметтеген обалар мен қорғандар – жазық далалық аймақтардағы күзеттік немесе молалық үйінді төбелер ғой. Олардың биіктігі 30-60 см-ден 20 метрге дейін жетеді. Көлемі әртүрлі, үлкенді-кішілі, орташа болып келеді. Кейде қорған деп табиғи жолмен пайда болған шағын қыраттарды да атайды. Мысалы, Ресейдің Волгоград қаласындағы Мамай қорғаны – табиғи төбе.

Мира КУТУШЕВА,

Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің маманы

Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз.
Н. НАЗАРБАЕВ.

Кең байтақ даламыздың сан қилы тарихына көз жүгіртсек, азаттық туы көк аспанымызда желбірегенше, қаншама теңдік күресі жүргізілді. Солардың ішінде тарих бетінен ойып тұрып орын алған 1916 жылғы ұлт-азаттық кө-теріліске биыл 100 жыл. Бұл көтеріліс қазақ халқының көпғасырлық ұлт-азат-тық қозғалысының тарихында маңызды орын алды.

Уақыт желтоқсан айының екінші жартысына ауып, қыс күшіне енді ене бастағанда жолға шықтық. Бағытымыз – Қаратөбе ауданына қарасты Ханкөл ауылы. Ханкөлдің ақсақалдары бас болып, ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты палуан Шәмбіл Сарқытұлын еске алу шарасын қолға алған. Осынау қазақы сананы жаңғыртатын мәнді дүниеге көзайым болудың сәті түсіп, ұйтқыта соққан боранмен жағаласып келе жатқан бетіміз еді.

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің профессоры, т.ғ.к.,
Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті

ХХ ғасырдың басында тарих сахна-сына шыққан Алаш қозғалысы алдына қойған саяси мақсаты, әлеуметтік мәні және қамтыған аумағы жағынан қазақ тарихындағы ең маңызды әрі жоғары деңгейде ұйымдасқан қозғалыс еді. Оның басты артықшылығы ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтау және оларды заман талабына сәйкес бейімдеу мәселесін көздеуден саяси-демократиялық партия мен ұлттық дербес мемлекет құруға дейін көтеріл-генінде болды.

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

(Жалғасы. Басы өткен сандарда)

Бестау биігінде
Тереклі Мектеб ауылынан біз бағыт алған Пятигорск қаласы 300 шақырымдай қашықта екен. Қараңғы түсе жолға шыққан біз межелі жерімізге түн орта-сында жеттік. Жолшыбай «Каясула» деген елді мекеннің жанынан өттік. Равиль досымыздың айтуынша, бұл – Қояслы (яғни Қояс руына жататын адамдардың мекені) деген сөз.

Ләззат ШАҒАТАЙ,

Орал қаласы

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл-дарында ел экономикасындағы үлкен қиындыққа қарамай, ұлт-тық өнерге бет бұрып, қазақы нақышта киім үлгілерін жасауға ұмтылған кәсіпкерлер өте си-рек. Солардың бірі – отбасылық кәсіпті ұршықтай үйіріп, отан-дық өнімді брендке айналды-рып, өңірге ғана емес, алыс-жақын шетелге танылып үлгер-ген «Мария ханым» сән үйі. Олар өткен жылдың аяғында Біріккен Араб Әмірлігінің алып шаһары Әбу-Дабиде өткен Шейх Заед атындағы қайырым-дылық қоры ұйымдастырған әлемдік деңгейдегі VІ этномә-дени фестивальға қатысып қайтқан еді. Мұхит асқан сапары турасында аталмыш сән үйінің директоры Жұлдыз Құспанованы әңгімеге тартқан едік.

Ағиба ҒИНАЯТҚЫЗЫ,

ақын Жанғали Набиуллиннің жары

Ақ Жайық өңірінде ақын Жанғали Набиуллиннің есімін білмейтін жан сирек. Бүгінде есімі елге танылған аға буын қаламгерлердің көбі Жәкеңді өзіне ұстаз санайтыны рас. Қолына қалам ұстаған, өлең өлкесіне өз өрнегін қалдырғысы келген оралдық өрендерге Жанғали аға әдебиетке, өлеңге адалдықтың үлгісін көрсетіп кетті. Өмірінің соңғы жылдары жанға батқан ауыр науқасына қарамай, бірнеше кітап шығарды. 2015 жылы 10 шілдеде 79 жасқа қараған шағында дүниеден өткен ақынның соңында мол мұра – қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған асыл жырлары қалды. Ақын ағамызды сағынышпен еске ала отырып, біз бүгін ақынның жесірі Ағиба жеңгей Ғинаятқызының ақжүрек естеліктерін жариялап отырмыз.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77