Қылыш қорғаны

Мир ӘБДІҒАЛИЕВ,

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы

«Ауылыңның шетінде төбе болса, ерттеп қойған атпен тең» дейді қазақ нақылы. Ата-бабамыз ерекше құрметтеген обалар мен қорғандар – жазық далалық аймақтардағы күзеттік немесе молалық үйінді төбелер ғой. Олардың биіктігі 30-60 см-ден 20 метрге дейін жетеді. Көлемі әртүрлі, үлкенді-кішілі, орташа болып келеді. Кейде қорған деп табиғи жолмен пайда болған шағын қыраттарды да атайды. Мысалы, Ресейдің Волгоград қаласындағы Мамай қорғаны – табиғи төбе.

Сармат қорғандары Батыс Қазақ-стан өңірінде көп кездеседі. Б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасыры аралығында көшпенді өмір салтын ұстанып, негізгі мал шаруашылығымен айналысқан сармат тайпалары жауынгер халық болған. Үнемі әскери жорықтарға қаты-сып, Батыс Еуропа, Қара теңіз маңын жаулап алып отырған. Осылайша түрлі халықтармен араласуы арқасында сар-маттар да дамып, белгілі бір дәрежеде өнер мен мәдениеттің жоғарғы саты-сына жеткен. Қара теңіз жағалауында-ғы қалаларды жаулап алғаннан кейбір сармат отбасылары отырықшылық өмірге де бой ұрады. Осылайша қол-өнер, сауда, егіншілікпен де шұғылдан-ған. Еділ мен Жайық өзені бойында өмір сүрген сармат тайпалары да егін-шілікпен айналысқан болуы мүмкін. Ол кезде Орталық Азия мен Батыс Еуропа арасын байланыстырушы қызметін сар-мат мәдениеті атқарғаны белгілі. Хро-никалық жағынан сармат мәдениеті үшке бөлінеді: ерте сармат (прохоров мәдениеті), орта сармат (суслов мәде-ниеті) және кейінгі сармат мәдениеті деп аталады.
Сармат обаларында әйелдердің жерленуі кездесіп тұрады. Бұл сармат қоғамында патриархалдық құрылыс болса да, әйелдердің қоғамда ерекше орын алғанын білдіреді.
Б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасырла-рының аралығында Арал және Каспий аймағында көшпенді өмір сүрген cар-мат тайпасының ескерткіштерінің бірі – Қылыш қорғандары. Қылыш қорғанда-рын 2008 жылы Атырау облысы тарих және археология орталығының барлау экспедициясы анықтаған болатын. Ес-керткіш Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км қашықтықта орналасқан. Қорғандар топырақтан үйілген.
Ерте темір дәуіріне жататын Қы-лыш қорғандар тобына алғашқы архео-логиялық қазба жұмысын 2012 жылы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жүргізді. Қазба барысында қорғандар тобындағы №2 оба қазылды.
№2 қорғанының пішіні сопақша келген, көлемі 40×20 м, биіктігі 0,60 м болады. Солтүстік-батыс оңтүстік-шы-ғыс бағытында орналасқан.
Қорған топырақтан аршылып, таза-лаған кезде онда жерленген әйел адамның қабірі табылды. Әйелдің тірі кезінде пайдаланған сәндік әшекейле-рі болуы керек, оның қабір шұңқырынан күміс белбеу тоғалары, қоладан жаса-лып, алтын жалатылған киім жапсыр-малары, асыл тасты сақина, тұмар, моншақтар, дөңгелек қола айна табыл-ды. Қола айна сырты безендірілген су-ретпен көңіл аудартады. Тотыққан бе-тін тазалап қараған кезде шеңберлене иіріліп жатқан сегіз аяқты, қос айдарлы айдаһар бейнесі анық көрінді.
Сондай-ақ көзіне көлемі 1,6×1,1 см мөлдір қызыл ақық (сердолик) тасы ор-натылған күміс сақина да әсемдігімен көздің жауын алады. Сақинаның диа-метрі – 2 см, жалпақтығы – 0,4 см. Жұқа күміс тұғырға аңның қос тісін бекітіп жасалған бойтұмар, пішіні ромбы тә-різдес жылтыр қара моншақтар, пішіні «табан» өрнегіне ұқсастырып жасалған алтын жалатылған киім жапсырмала-ры, күміс белбеу тоғалары қабірге жер-ленген сармат әйелінің бай, ауқатты әу-леттен шыққандығын білдіреді.
Сонымен бірге қабір шұңқыры жа-нына қоладан құйылып жасалған, төрт тұтқасы бар қола қазан төңкеріліп қо-йылған. Қазанның биіктігі – 44 см, диа-метрі де 44 см. Бұл жәдігер рәсімдік қызмет үшін пайдаланылған болса керек.
Өкініштісі, мұражайдың кейінгі жылдары осы ескерткіштегі №3 және №4 қорғандарға жүргізген қазба жұ-мыстары олжасыз болды. Қорғандар бос болып шықты. Дегенмен де бұл экспедиция нәтижесіз емес. Керісінше, көптеген болжамдарға, ізденістерге негіз бола алады. Мысалға, олар құр-бандық шалу орны, басқа да рәсімдік орын болуы мүмкін. Өйткені қазба ке-зінде белгісіз жыртқыш аңның қаңқасы табылып, 70 см тереңдікте күл іздері анықталды. Немесе кенотаф болуы да мүмкін. Кенотаф – археологиялық ес-керткіштердің бір түрі, ішінде адам мә-йіті жоқ жерлеу орны. Түрлі себептер-мен денесі жерленбеген адамдарға арнап символикалық мәндегі бос жер-леу орындарын салу дүние жүзі халық-тарының көпшілігінде бар ғұрып. Осындай нәтижелер мен зерттеулер жұмбағы көп сұрақтармен қызықтыра, археологтарды терең ойға тарта түсуде.
Қылыш қорғандарының қазба жұ-мысы музей археологтарын ғылыми бағыттағы ізденістерге машықтанды-рып, тәжірибелі археологтармен тәжі-рибе алмасуға мұрындық болды.
Атырау аумағында көне обалар мен патша қорғандары бірнеше жүз-деп саналатынын ескерсек, археоло-гиялық қазба, барлау жұмыстарын жү-йелі жүргізіп отыруға мүмкіндік болуы керек. Басқа жақтан келіп ешкім тегін зерттеп бермесі белгілі. Сондықтан Атырау облысының өз ғалымдары, та-рихшы, өлкетанушылардың басын бі-ріктіріп, кешенді бағдарлама қабыл-дап, зерттеулерге жол ашылса, нұр үс-тіне нұр болар еді. Өңіріміз жерасты мұнай-газ кеніне ғана бай емес, соны-мен қатар тарихи ескерткіш – мәдени мұраларға да өте бай, құтты мекен екені көңілге мақтаныш ұялатары хақ. Осыншама байлықты зерттеп, зерде-леу еншімізге жазулы.

 

Қаралым саны 1433

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463