“Айдады патша жыраққа...”

Мира КУТУШЕВА,

Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің маманы

Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз.
Н. НАЗАРБАЕВ.

Кең байтақ даламыздың сан қилы тарихына көз жүгіртсек, азаттық туы көк аспанымызда желбірегенше, қаншама теңдік күресі жүргізілді. Солардың ішінде тарих бетінен ойып тұрып орын алған 1916 жылғы ұлт-азаттық кө-теріліске биыл 100 жыл. Бұл көтеріліс қазақ халқының көпғасырлық ұлт-азат-тық қозғалысының тарихында маңызды орын алды.

1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауы қазақ еліне ауыр зардаптарын тигізді.
Ол патша чиновниктері мен жергі-лікті әкімдерінің және байлардың зор-лық-зомбылығы мен озбырлығын кү-шейтті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түр-меге отырғызуға немесе үш ай мерзім-ге тұтқынға алуға, болмаса, айып ретін-де ақша өндіріп алуға кесетін болды. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының нара-зылығын тудырды. Елде болыстық бас-қармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жа-сау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т.б. жойып жі-беру секілді ашу-ыза әрекеттері жасал-ды. Ұлт-азаттық сипатта болған қозға-лыстың негізгі орталығы Жетісуда, Тор-ғай даласында, Маңғыстауда, Ақтөбе даласында, Орал облыстарында кең етек алды. Еңбекші халықтың өкілдері басшылық еткен бұл көтеріліс сондай-ақ, Бөкей даласындағы Қамыс-Самар қисымы мен І Теңіз округі жерінде шоғырланды. Жаңақаладағы көтеріліс-тің ұйымдасуына Сейтқали Меңдешев көп еңбек сіңірсе, халық наразылығының екпін алған жерлерінің бірі – І Теңіз округіндегі көтерілісті Исатай Тай-манұлының Дінбаян (Дүмбиян, Дүм-баян) атты баласынан туған Өтепқали басқарған. Ол туралы белгілі академик Қажым Жұмалиевтің «Жайсаң жандар» (Алматы, 1969ж.) атты естеліктер жина-ғында патша жарлығы шыққаннан ке-йін көп кешікпей Өтепқалидың Жаңа-қалаға барып, Меңдешевпен кездескені және олардың осы жарлықты орындау не орындамау туралы пікір-лескені айтылады. Меңдешев пен Исатаевтың кейінгі іс-әрекетіне қара-ғанда, олардың қазақтарды қара жұ-мысқа жібермеу жөнінде шешім қа-былдағанын байқауға болады. Ал, Хайдар Ермұратов «Октябрь нұрландырған өңір» (Алматы, 1972 ж.) атты еңбегінде 1916 жылдардағы қазақ хал-қының патша жарлығына қарсы шық-қаны жайлы баяндай келе, Бөкей дала-сындағы жағдайға да тоқталып өткен: «Мыңтөбе деп аталатын жерде Ағатай Беріш руының бірнеше ауылы болды. Солардың ішінде қазақтың атақты ба-тыры Исатай Таймановтың немересі Өтепқали Дүмбиянұлы Исатаевтың ауылы бар еді. Өтепқали көп жасаған, халық құрметтейтін адам еді. Ол пат-шаның жарлығын, халықтың қиналғанын естіп, қайғырып отырғанда оның үйіне екі-үш кісі кіріп келіп, сәлем бе-реді. Қазақ әдетінше малдың, жанның амандығын сұрасып болған соң, кел-гендердің біреуі – «Қара сиыр» ауылының қадірлі қарты Едіге патша жарлы-ғы туралы сөз бастады. Ол сөзінде ауыл жігіттерінің жиналып, “Патша жар-лығына көнбейік, қара жұмысқа бару-дан бас тартайық, соғыс майданына барып өлгенше, өзіміздің туған еліміз-де өлгеніміз артық” деп отырғанын айт-ты. Ал оларға бір басшы болатын кісі керек, соған жігіттер сізді қалайды, ата-сы Исатайдың жолын қуып, бізге бас-шы болсын” дейді, “Міне, осы жайында сізге келіп отырғанымыз” - деп баяндайды. Өтепқали ойланып қалды. Атасы Исатайдың ерлігі, халық қамы үшін құрбан болған ерлер көз алдына елес-теді. Сонан соң бір тұжырымға келді де, Едігеге былай деді: «Біздің халықтың жағдайы өте ауыр, байлар қысым-шылығынан, правительдер мен болыс старшындарының қиянатынан зар илеудеміз, өзі жағамызға қол салуда. Енді патша жігіттерімізді майданға ай-дап, қойдай қыруға айналды. Мұндай зорлыққа шыдауға болмас. Жігіттерге сәлем айт, жиналсын, аттарына мінсін. Патша жарлығына қарсы бас көтере-міз» деді. “Өтепқали жігіттерді бастап, патша жарлығына қарсы тұратын бо-лыпты” деген хабар қазақ ауылдарының бәріне таралды».
Сөйтіп, патша жарлығын орындаудан бас тартқан қазақ жігіттері ұзақ жыл І Теңіз округінде старшын қыз-метін атқарған Өтепқали мен рулас Едіге Нарынбаевтың айналасына жиналады. 500-ден аса қара мылтықпен, найзамен, сойылмен қаруланған жігіт өздеріне жасалатын қандай да шабуылды тойтаруға сақадай сай бол-ды. Түрлі әділетсіздікті көрген олардың күннен-күнге ыза-кегі өршіп, парақорлықпен жасалған тізімді қолға түсіріп, өртеп жіберіп, соның себебінен Астра-ханнан қазақтарды қара жұмысқа тиеп әкетуге келген пароход бос қайтады. Алғашқы сәттілік ереуілшілерді көңіл-дендіріп, рухын көтерді.
Қазақ жігіттерінің осынша қарсы-лық көрсетуі жергілікті әкімшілікті қат-ты абыржытады. Патша жарлығын қол-дап, оны орындаушылардың бірі – сол кездегі правитель Қайырлы Құрманбаев көтеріліс басшысы Өтепқалидің қай-сар, ырыққа көнбейтін адам екенін ес-тіп, айлаға көшеді. Алдымен Астрахан губерниясына арнайы шабарман жібе-ріп, жағдайды хабарлайды. Ал елге «Ақ патша жігіттерді майданға алмайтын болды» деген жалған лақап таратады. Бұл хабарға сенген көтерілісшілер бір-бірінен сүйінші сұрап, алды-алдына, үйді-үйіне тарап кетеді. Көп кешікпей Астрахан генерал-губернаторының жарлығымен Краснояр уезінің исправителі А. Хлынов бастаған 30 мылтығы және бір зеңбірегі бар отряд Қайырлы правительдің ауылына келіп жетеді. Олар көтерілісті ұйымдастырушы Өтеп-қали Исатаевты қасындағы жолдастарымен Астрахан түрмесіне апарып қа-майды да, қалған жігіттерді окоп қазуға айдаған.
Осы жайға қатысты Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің қорында 1916 жылы толтырылған қаулы сақталған. Онда былай делінген: «1916 года 26 июля. Я, Красноярский уездный исправник Хлынов, составил настоящее постановление о следующем:
Господин Астраханский губернатор уполномочил меня собрать из 1-го и 2-го Приморских округов Внутренней Киргизской Орды киргиз в возрасте от 19 до 31 года включительно, надлежащих отправлению через Астраханского уездного Воинского Начальника на ты-ловые работы для действующей армий.
11 сего июля я прибыл в район 1-го округа и через правителя названного округа обнародовал по сему поводу Высочайший Указ.
Киргизы 1-го округа:
1) 14-й волости: Мукаш Маутенов, 53 лет,
2) - - ИскендирТюменбаев, 67 лет,
3) 15-й волости: Нургали Кентаев, 62 лет,
4) - - Утеген Салпаев, 55 лет,
5) - - Боранбай Джанбаев, 71 лет,
осведомившись об этом, волости с дру-гими киргизами отправились к почи-тальному целым округом семидесяти летнему киргизу Утепкали Исатаеву и спросили его как им быть и поступать в отношении обьявленного призыва киргиз?
Исатаев устроил с ними и другими двоими киргизами совещание, на кото-ром было решено: сначало под каким-нибудь предлогом устроить сборище киргиз, убедить их затем сказать власти всяческое противодействие, если бы власти начали забирать киргиз силою, и тем временем, осведомить о сем ре-шение все волости 1-го округа, поднять в Орде восстание.
В исполнение сего решения, выше-пожалованные киргизы ездили районы 14-й 15-й волости и призывали киргиз собраться 14 июля 1916 года на бугре «Кайчен», а собравшись все до 300 че-ловек, уговаривали толпу выполнить решение совещания, происходившего у Исатаева, при чем на самом собрании 14 июля особенно выделялся кир-гиз Кентаев, который в толпе, кричавшей о присутствии Исправника «бер-мим и бармайым» т.е не пойдем на ты-ловые работы не дам брать киргиз на таковые работы, заявил Исправнику, что киргизы освобождены от исполнения воинской повинности на сто лет, и срок этот истек только в этом году по-чему можно отпустить киргиз на тыло-выя работы лишь родившихся всем году младенцев.
А потому и на оснавании 21 ст. по-ложен усиленной охраны, постанавил: киргиз №14 волости І округа Мукаша Маутенова 53 лет, Искендира Тюменбаева 67 лет, №15 волости того же ок-руга: Нургали Кентаева 62 лет, Утегена Салпаева 55 лет и Буранбая Джанбаева 71 года, в целях предупреждения и пресечения государственного преступления, заключить в Астраханскую губернскую тюрьму, в распоряжении Губернатора, которому представить настоящее постановление, а копию та-кового для сведения сшить Начальнику Астраханского губернского Жандармс-кого Управления, Прокурору Астрахан-ского Окружного суда и участковому товаришу его. Подлинное подписал Красноярский исправник Хлынов».
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 80 жылдығына қатысты шыққан «Қаһарлы 1916 жыл» (Грозный, 1916 год) атты құжаттар мен материалдар жинағына енген «О восстании 1916 года в Букеевской Орде» естелігінде Нұғман Залиев: «По Букеевской степи за попытку восстания казахов против на-бора на тыловую работу были аресто-ваны еще 12 казахов во главе с племян-ником известного Исатая по первому Приморскому округу, об этом хорошо знает тов. Манаев Нугман» деп жазады.
Өтепқали Дінбаянұлы бастаған топ түрмеге қамалғаннан кейін пароход қайта келіп, қазақтан үш жүз жігіт әке-теді. Бұлардың арасында Өтепқалидың Сәлен деген ұлынан туған Тоты Сәлен-қызының жолдасы ақын Насихат Сүгір-ұлы да болған. Ол 1889 жылы Нарын аймағындағы Мыңтөбе мекенінде мал баққан шаруа отбасында дүниеге кел-ген. (Ол өңір қазір Атырау облысының Исатай ауданына қарайды). Мехнаты мен қайғысы мол қатерлі сапарға ат-танған ақын «Айдады патша жыраққа» толғауында Өтепқалиға төмендегі өлең жолдарын арнайды:
Батырлар жауға шабады,
Байтақ жатқан ел үшін...
Асыл туған азамат
Қызмет етер көп үшін.
Анау Өтекем мен Едекем
Бейкүнә күйді біз үшін...
Өтекем мен Едекем,
Ел ішінде аға екен.
Қорған болар еліне
Қылыштың болат қабы екен.
...Тарлыққа солар ілінді
Ит патшаның кәрі екен...
Осылайша, патша өкіметінің қазақ-тарды кемсітушілігіне, ал жергілікті әкім-шіліктің әділетсіздігіне қарсы көтеріл-ген І Теңіз округіндегі Өтепқали Дінбаян-ұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс Қазақстанның басқа жерлеріндегі сияқ-ты жеңіліске ұшырады.
Ал Өтепқалидың одан кейінгі өмі-рі туралы бізде дерек сақталмаған, тек кей жерлерде оның патша тақтан құла-ғаннан кейін ғана түрмеден шығарылған десе, кейбір деректе жасының үл-кендігіне байланысты қамаудан боса-тылғанын жазған.
Тек журналист, өлкетанушы Ләти-фолла Қапашевтың Насихат ақын тура-лы «Еділ-Жайық – екі су» атты жинағына енген мұрағат деректеріне сүйене отырып, Өтепқали Исатаевтың 1917 жылына дейін 35 жыл болыс, қарауында 200-300 малы, 4-5 батырағы болға-нын, өзі 1928 жылы өліп, оның артын-да қалған баласы Ғұбайдолла патша заманында 3 жылдай старшын қызме-тін атқарғанын біліп отырмыз. Ғаламторда жарияланған Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Шамғонов: «Өтепқали мен әйелі Бәтиманың зи-раты Исатай ауданына қарасты Мыңтө-бе тауының оңтүстік етегіндегі Жақсылық қауымында. Атырау қаласында және Аққыстау селосында Өтепқали Дінбаянұлы атында көше бар. Өтеп-қалидан Үмәй, Сәлен, Құбайдолла, Ибрагим, Хамза, Қишекен атты ер ба-лалар, Райхан, Бану атты қыздар та-райды» десе, «Ана тілі» газетіндегі Мақсұт Неталиевтің «Тайманның ұлы Исатай» атты мақаласында «Өтепқали-дан бес ұл: Сәлен, Құбайдолла, Ибрагим, Хамза, Қишекен, үш қыз: Райхан, Ғани, Бану» тарағаны айтылады.
Биыл, міне, тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 25 жыл толып отыр. Азаппен келген азаттығымызды алуға өз үлесін қосқан тұлғаларымыз қаншама? Оларды келер буын ұрпаққа танытып, насихаттай отырып, ұлыларымызды ұлықтайық, бабаларымыз көрген қасіретті жылды ұмытпайық.

Қаралым саны 1737

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463