Арабтарды «арбаған» «Мария ханым»

Ләззат ШАҒАТАЙ,

Орал қаласы

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл-дарында ел экономикасындағы үлкен қиындыққа қарамай, ұлт-тық өнерге бет бұрып, қазақы нақышта киім үлгілерін жасауға ұмтылған кәсіпкерлер өте си-рек. Солардың бірі – отбасылық кәсіпті ұршықтай үйіріп, отан-дық өнімді брендке айналды-рып, өңірге ғана емес, алыс-жақын шетелге танылып үлгер-ген «Мария ханым» сән үйі. Олар өткен жылдың аяғында Біріккен Араб Әмірлігінің алып шаһары Әбу-Дабиде өткен Шейх Заед атындағы қайырым-дылық қоры ұйымдастырған әлемдік деңгейдегі VІ этномә-дени фестивальға қатысып қайтқан еді. Мұхит асқан сапары турасында аталмыш сән үйінің директоры Жұлдыз Құспанованы әңгімеге тартқан едік.

Айта кетейік, 1993 жылы отбасы-лық кәсіптің негізін қалаған тігінші Мария Құспанова мен оның қызы су-ретші-сәнгер Галинаның ісін бүгінде Жұлдыз Құспанова тізгінге алған. Сән үйі әу бастан-ақ, қазақтың ұмытыла бастаған ұлттық киім үлгісін жаңғырту-ға ден қойған. Бұл жерден қазақтың шапанынан бастап ұлттық оюмен көм-керілген жейде мен кәжекей, тақия мен сәукеле, бөрік пен белдіктер, бүр-мелі, қос етекті көйлектер мен қамзол-дар, заманауи қол сөмкелердің сан тү-рін табуға болады. Сән үйіндегі киім-дер көбіне мерекелік концерттер мен салтанатты жиындарға, тойлар үшін ар-найы тапсырыспен тігіледі. Сондай-ақ коллекциялардың ішінен ұлттық ою-мен безендірілген заманауи киім үлгі-лерін де таба аласыз.
– «Мария ханым» сән үйінің ше-берлері тек ұлттық киімдермен шек-телмейді. Ұлттық айшықтарымызды күнделікті киімдерімізге де үйлестіре алатынымызды дәлелдеп келеміз. Түр-лі ұлттардың да костюмдерін, дүкен сө-релерінен табыла бермейтін немесе кейбір адамдардың дене пішіміндегі олқылықтарды жасырып тұратын жара-сымды киімдерді де тігеміз. Тапсырыс берушінің сұранысына сай киім тігудің бірнеше түрін қолданып, моншақ, би-сер, қымбат, бағалы тастармен әше-кейлейміз. Қазір бұл жерде отыз адам тұрақты жұмысқа тартылып, тұтынушы-ларға жоғары сапада қызмет көрсетуге мүмкіндік туды. Ал үйден тапсырыс алатын қызметкерлерді тапсырыс кө-лемі ұлғайған кезде қосымша жұмыс күшіне тартамыз, - дейді Жұлдыз Қази-қызы.
Ал Әбу-Дабидегі этномәдени фес-тивальға тұңғыш рет қатысқан қазақ-стандық қолөнер шеберлері қайталан-бас туындыларымен жарты әлемді таң-ғалдырып қайтқан. Көрмеге қойылған оралдық сән үйінің «Ханшайым», «Дана Ана», «Триумф» аталымындағы кол-лекциялары фестивальге қатысушы-лардың ең жоғары бағасына ие болған. Тіпті көздің жауын алып, арабтарды «арбаған» коллекциялар саудаға түс-пей-ақ сатылып кеткен.
– Біздің елдің делегациясы ол жақ-қа Шейх Заед қайырымдылық қоры-ның арнайы шақыруымен әрі қаржы-лай демеушілігімен барып қайтты. Фес-тиваль Әбу-Дабиден 35 шақырым жер-де арнайы тұрғызылған этноауылда өт-кізілді. Бізді алдымен БАӘ-да Қайрат Лама Шариф басқаратын Қазақстан ел-шілігі жақсы қарсы алып, қабылдауына шақырды. Осыған дейін Сауд Арабия-сы, Бахрейн, Морокко, Ауғанстан секіл-ді жақын орналасқан елдер ғана келе-тін фестивальға Қазақстан тұңғыш рет қатысты. Орал, Алматы, Астана, Тараз, Петропавл, Қостанай қалаларынан бар-ған дизайнерлер, суретшілер, мүсінші-лер мен зергерлердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының 35 түрі көрме-ге қойылды.
Қазақтың ұлттық киіміне, әсіресе, балалар мен әйелдер киімдеріне араб-тардан сұраныс өте көп болды. Араб елдерінде ауа райы өте ыстық болуына байланысты киімдері ақ және қара түс-ті, кең пішінде тігіледі. Ал біздің киім-деріміздің үлгісі, ою-өрнегі, алтын-кү-містермен безендірілуі бірден ерекше-ленеді. Бір қарағанда, морокколық ди-зайнерлердің туындылары да бізге өте ұқсас. Киімдері ашық түсті, өрнекке бай.
Шараның соңғы күндері өзге елдер-дің шеберлерімен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік алдық. Тіпті әмірліктен дүкен ашуға да ұсыныстар түсті. Фести-валь соңында Шейх Заед атындағы қордың арнайы алғысхатымен мара-патталдық.
Бір қызығы, ол жақта ұрлық деген атымен жоқ. Көрмедегі заттар, ақшаң да, алтындарың да сол күйі, күзетсіз тұра береді, ешкім тиіспейді. Егер бі-реудің ұрлығы әшкере болса, қатаң жа-заға тартылады. Ал шетелден келген азаматтарға келесі жолы бұл елге кіру-ге тыйым салынады екен. Қала өте әдемі. Күні ыстық, құмды жерде ағаш-тар, түрлі экзотикалық гүлдер жайқа-лып тұр. Әр ағаш, әр гүлдің жанында жүздеген, мыңдаған шақырымдарға созылған су шашатын тұрба орналас-қан. Ал Шейх Заедтің Ақ мешітінің әде-мілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны тек көзбен көру керек, - де-ген Жұлдыз Құспанова араб елінен си-рек кездесетін маталар мен әшекей бұ-йымдарды ала келген.
Сән үйі осыған дейін де Ресейдің жақын орналасқан Мәскеу, Орынбор, Самара, Саратов секілді қалаларында өткен халықаралық деңгейдегі көрме-лерге қатысқан. Ал Америка, Франция, Германия, Англия елдерінен көрмеге қатысуға шақыртулар жиі түскенімен, қаражат жағы қолбайлау екен.
«Мария ханым» мемлекеттің қол-дауынан құр қалмаған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясын-да әлемдік стандартқа сай келетін аса қымбат жапондық тігін машинасына қол жеткізген. Компьютер арқылы бас-қарылатын бұл аппарат 4-5 адамның жұмысын бір өзі атқаруға қабілетті. Соңғы тапсырысты бір айдың ішінде орындап, бірден 100 костюмді сәтті аяқтаған сән үйінің шеберлері әр іске үлкен табандылықтың қажет екенін ай-тады. Өнімдерінің бағасы нарықта қол-жетімді. Ою-өрнекпен көмкерілген за-манауи үлгідегі жейделер 15-20 мың теңгеден басталады. Алдағы Наурыз мерекесіне орай, сән үйіндегі барлық киімдер 50 пайыз жеңілдікпен саты-лымға шығарылуда.
– Елімізде ғана емес, әлемдік дең-гейдегі экономикалық ахуал біздің өн-діріске өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазіргі таңда филиалдарымыз жабы-лып, бір жерде ғана қызмет көрсетеміз. Қазақстанның әр түкпірінен, Ресей мен өзге де шетелдерден тапсырыстар қа-былдаймыз. Қажетті шикізат тапсырыс берушінің тілегіне сай Қазақстанның өзге өңірлерімен қоса, арнайы Ресей, Қытай, Түркия, Араб Әмірліктерінен әкелінеді. Мұның бәріне мемлекеттің қолдауы арқасында қол жеткізіп отыр-ғанымызды айтуға тиістіміз, - дейді Жұлдыз Құспанова.
Сән үйі басшылығы алдағы уақытта да өз ісін одан әрі өркендету арқылы әлемдік нарыққа «Қазақстанда жасалған» ұлттық нақыштағы киім үлгілерін шығаруды мақсат етіп отыр.

Қаралым саны 1289

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463