Есенгелді байдың мөрі

Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Мүміновтың ұсынысымен «DANAkaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашқан болатын. Бүгін біздің журналымызға әйгілі бай, старшын, сардар Есенгелді Жанмырзаұлы «мөрін басты».

Есенгелді Жанмырзаұлы (1741-1834) — ел аузында 12 мың жылқы айдаған байлығымен әрі баласы Бекейді өлтір-ген қатыгездігімен қалған тұлға. Тегі — Он екі ата Байұлына жататын Тана руының Асан атасынан. Бейіті қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Аралтөбе ауылының маңында жатыр.
Есенгелді Жанмырзаұлы туралы «DANAkaz» журналы 2013 жылғы №10, 2014 жылғы №6-7, 2015 жылғы №1-2, 4, 5, 6-7, 8 сандарында егжей-тегжейлі жазылған болатын. Біздің тұрақты авторымыз, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин Орынбор мемлекеттік мұрағаты материалдарының негізінде тарихи тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық қызметіне барынша толық шолу жасаған еді.
Есенгелді бай 1781 жылдан бастап ел басқару қызметіне араласқан. Әуелі Тана руының қатардағы старшындары-ның бірі болады, Есім ханды, Бөкей ханды сайлауға қатысады. 1795 жылы Бөкей хан Нұралыұлының ұсынысымен Есенгелдіге «тархан» атағы беріледі. Әр жылдары Есенгелді Орынбор Ерек-ше комиссиясының мүшесі, Жайық бойындағы №4 дистанция бастығы секілді лауазымды қызметтерді атқарған.

Мөрдегі жазу: «Старшин Есенгелді бин Жанмырза»

Қаралым саны 1479

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463