«DANAkaz» журналының тағы бір санын қолыңызға ұсынып тұрып, арамызда болған үзілістер мен іркілістерге қарамастан бізге деген адал сезімнен айнымай отырған ойлы оқырманға шын көңілден алғысымызды айтамыз!

Əр нəрсенің аты затына сай болуы абзал. Ғасырлаған отарлық езгіні көрген Қазақ елі үшін тіпті маңызды. Жер-су, елді мекен, көше, білім саласындағы ұйымдар, басқа да мемлекеттік мекемелердің атауынан қазақылық пен ұлттық рух есіп тұруы шарт. Тарихи əділеттілікті орнату – ұрпақ  алдындағы  парызымыз.

Арыстанбек ОРЫНБАСАРОВ,

«DANAkaz» журналының Варшавадағы тілшісі

Арыстанбек Орынбасаровтың есімі «DANAkaz» журналы оқырмандарына жақсы таныс. Польшаның Вистула универ-ситетінде білім алған жас талап бүгінде Варшавадағы Леон Козмински атындағы университеттің магистратурасында оқиды. Бұйырса қаржы саласын терең игеріп, ин-вестициялар бойынша маман болып шық-пақ. Оқуға қоса, Арыстанбек еңбек етеді. Жұмыс орны – институциялық инвестор-ларға қызмет көрсететін Еуропаның ең ірі француз банкінің Варшавадағы бөлімшесі. Қат-қабат шаруасына қарамастан журна-лымыздың Польшадағы тілшісі қызметін атқарып жүрген бауырымыздың төмендегі мақаласына көз салайық. 

Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Мүміновтың ұсынысымен «DANAkaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашқан болатын. Бүгін біздің журналымызға әйгілі бай, старшын, сардар Есенгелді Жанмырзаұлы «мөрін басты».

Айнагүл ОЙШЫБАЕВА,

Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Жымпиты кенті

«Бір халық өзінің тарихын білмесе, онда ол жер бетінен жойылып кетуі мүмкін»
Әлихан БӨКЕЙХАН 

Биыл атқарылар іс-шаралардың салмақтылығын бағамдау қиын емес. Солардың көш басында «Юнеско» кө-лемінде атап өтілетін алаш қайраткері, ұлт зиялысы – Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы екені анық.

Мұхтар ӨТЕС,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қор сақтаушысы

Мәдени мұраларды зерттеу және қорғау – Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің әлеуметтік-экономика-лық және мәдени даму барысындағы бірден-бір басым бағыт.

Аққали АХМЕТ

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекет университеті
Гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің
деканы, тарих ғылымдарының докторы

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толды. Бүгінгі таңда ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстардың тарихын тың мұрағат құжаттары негізінде кешенді түрде зерттеуді, жаңаша тұрғыдан зерделеуді жүзеге асыру қажет. Қазақ елінің тарихында отарлау заманында азаттық үшін 300-ден астам көтеріліс ұлы дала төсін шарпыған екен. Ал қазіргі жаһандану дәуірінде азаттық қозғалысы барысында халқымыздың ұлттық мемлекеттік идеясы төңірегінде топтастыру формалары мен әдістері, осы жолда ұлан ғайыр қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу еліміздің ішкі, сыртқы саясатына толықтай сай келеді.

Нұрлыгүл АЯПҚЫЗЫ,

Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі, Орал қаласы

Кітапхана – адамның қажетті ілім мен ғылымды игеріп, қалыптасуына мүмкіндік беретін, ештеңемен айыр-бастауға болмайтын, телегей-теңіз, шалқар қазына ғой.

Жаңылсын АМАНҚҰЛҚЫЗЫ,

БҚМУ 4-курс студенті

Адам әрбір күнін, әрбір сағатын мақ-сатсыз өткізбеуі керек. Уақыт бізбен са-наспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін, әсіресе, жастар, бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің іссіз, мазмұнсыз бос болмауын қадағалау керек. «Уақыт бар ғой» деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмір-дің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Мен үш жыл уақытымның зая кеткені-не әлі де өкінемін. Сондықтан да айтарым: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, ағылшын тілін үй-ренуге кеңес беремін. Себебі қазіргі дамыған заманда шет елге шығу үшін тіл керек, магистратура оқу үшін де тіл керек, беделді жерге жұмысқа тұру үшін де ағылшын тілін талап етеді.

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

Орал қаласы

Бұл кісіні «Жайық Пресс» мекемесінің жарнама бөлімінен жиі кө-ретінбіз. Ылғи да бірде досының, бірде баласының, бірде құдасының, бірде тағы бір етжақын ағайынының әлдебір қуанышын, мерейлі жа-сын құттықтау немесе бірге өскен досын еске алу үшін келіп тұрады. Қарапайым зейнеткер үшін облыстық газетке суретімен құттықтау, еске алу шығару әжептәуір қаржыға түсетіні рас қой. Оның үстіне ғы-лыми-техникалық прогресс әбден дамып, құттықтаудың небір зама-науи үлгісі пайда болып жатыр. Бірақ бұ кісі әдетінен жаңылмайды...

Өткен жылы екі бірдей асылдың ұрпағымен сұхбаттасқан болатынмын. Бірі – немересі, бірі – шөбересі. Бірақ күнделікті қарбаласпен жүріп тіпті ақпарат та жазылмай қалды. Биылғы Ақтөбеде болған қанды оқиғадан соң асылымызды танудың маңызды екендігі анық болды. Қазақты дінінен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан айыру арқылы қарусыз жаулау отарлаудың басты құралы болғаны белгілі. Кеңес заманында терең білімділерді, соның ішінде сауатты имам, молда, тағы басқаларында «халық жауы» деп айыптап, қуғындаудың басты себебі де осы екені анық. Соңғы жылдары еліміздің әр өңірінде діни сауатсыздықтың кесірінен орын алған қанды оқиғалар – осы көпжылдық солақай саясаттың жемісі. Жақында ғана Ақтөбеде болған жантүршігерлік оқиға тіпті тәуелсіздігімізге қатер екендігін көрсетті. Қатердің алдын алып, тамырымызды тауып, қазіргі буынмен қайта жалғау үшін ағартушылықпен айналысып, халыққа білім шашқан діни терең білімді тұлғаларымызды зерттеуді қолға алу – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Өңірімізде осындай тұлғаның бірі – Мәулімберлі Байшеркешұлы.

Айжамал АБДРАХМАНОВА,

Сәкен Ғұмаров музейүйінің экскурсоводы, Орал қаласы

«Ежелгі Бөкей жерінің табиғаты әсем. Бояуы қанық. Түрленген табиғат-тың тартымы мықты. Туған жердің күні де, ыстық, жүрекке жылы». Бұл сөз-дердің авторы – танымал суретші, ерекше талант иесі Ғұмаров Сәкен Нәжімеддинұлы. Кіндік қаны тамған киелі Бөкей жеріне деген сағынышын бір-екі ауыз сөзге сыйдыра алған сурет-шінің туған жері Батыс Қазақстан облы-сының Бөкей даласы болатын, балалық және жастық шағы Орда, Жаңақала, Фурманов, Қаратөбе аудандарында, яғни барлық құмды ауданда өткен. Мәскеудегі Луначарский атындағы ГИТИС-те, Ленинградтың музыка, театр, киноматография институттарында режиссура мамандығы бойынша білім алған. 1960 жылдары Орал қаласында облыстық телевидение ашылған кезең-де режиссерлік, ал кейін А. Н. Остров-ский атындағы орыс драма театрында әртіс қызметтерін атқарғандығы баршаға мәлім.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463