Жайық қалашығының орны мұражай бола ма?

Мұхтар ӨТЕС,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қор сақтаушысы

Мәдени мұраларды зерттеу және қорғау – Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің әлеуметтік-экономика-лық және мәдени даму барысындағы бірден-бір басым бағыт.

Мәдени мұра – рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капи-талдың құндылығы. Оны жан-жақты зерттеу, насихаттау, антропогендік, техногендік араласу және табиғи күй-зеліс салдарынан қауіп-қатерге ұшы-ратпау – маңызды ғылыми мәселелер-дің бірі. Батыс Қазақстан облысы аума-ғында табылған барлық ескерткіштер-дің сақталуы, сонымен қатар белгілі ескерткіштерден мұражай қорықтар немесе археологиялық саябақтардан мұражай кешен құру мәселесі әрқашан мамандардың назарында тұр.
Бүгінгі әңгіме – Ақ Жайық өңірінде-гі аса маңызды археологиялық ескерт-кіш – ортағасырлық Жайық қаласы ту-ралы болмақ.
Жайық қаласы XIII-XIV ғасырларға даталанған, қазба жұмыстары бары-сында шығыс моншасы – хамам, кірпіш күйдіргіш пеш, 3 тұрғын мекені, 2 кесе-не және басқа да құрылыстар табылған.
Жайық қалашығы – ортағасырлық ескерткіштердің тек біреуі ғана. Аймақ-та қоныстар мен қалалардың кең тара-луы Алтын Орда кезеңімен, сонымен қатар Өзбек, Жәнібек хандарының қа-ла құрылысы қызметімен байланысты. Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облы-сы аумағында БҚО тарих және архео-логия орталығы археологтарының жұ-мысының нәтижесінде 4 қала қонысы табылған.
Орта ғасырларда қазіргі Батыс Қа-зақстан облысының аумағы Алтын Ор-да мен Ақ Орда құрамына кірген. Атал-ған мемлекеттердің тұрақты дамуы не-гізінде сауда-саттық, экономикалық және саяси байланыстар қарқынды да-мыған. Нәтижесінде мұнда көптеген қалалар пайда болды. Орал археолог-тарының жақында ашқан жаңалықта-ры қала қонысындағы сауда-саттық керуенінің болғандығын растайды. Әдеттегідей бұл қалалардың геогра-фиялық орналасқан жері тиімді. Атап өтсек, ХІІІ-ХІV ғасырларға жататын Жа-йық қаласы Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Алтын Орда дәуірінде өр-кендеген Сорайдын, Жалпақтал, Сары Өзен қоныстары облыстың орталық бөліктеріндегі Қараөзен (Үлкен өзен) және Сарыөзен (Кіші өзен) қиылыста-рында орналасқан. Бұл қоныстардың архитектуралық және құрылыс шебер-ліктің деңгейі, стиль ерекшеліктері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан қалалары-мен теңдес. Аталған мемлекеттердің ыдырауы мен өзара соғыстарының өсуі салдарынан экономикалық құлдырау басып, нәтижесінде қалалардың жойы-луына әкеліп соқтырды.
Археологиялық қазбалар ақпаратқа толы және көне тарихтың маңызды де-реккөзі болып табылады. Сондықтан да археологиялық ескерткіштерді қайта құру және қалпына келтіру өте маңыз-ды. Осы деңгейде тұрғын үй, киім-ке-шек және басқа да артефакттарды қал-пына келтіру өте маңызды.
Ашық аспан астында мұражай құру көп еңбектенуді талап ететін зерттеудің қорытынды кезені.
Болашақ мұражай кешенін архео-логия, этнография және тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдала-ну саласындағы ғылыми іздеу жұмыс-тарын дамыту базасы ретінде қарас-тыруға болады. Жайық қалашығын мұражайландыру ғалымдарға мәдени мұра объектілерін нақты баяндауға жол ашады.
Мұражайдың ашылуы аймақтағы туристік инфрақұрылымның дамуына септігін тигізіп, сонымен қатар мәдени және табиғи мұраларды қорғауға жағ-дай жасайды. Мұражай ескерткіште-рінде қайта құру жұмыстары жүргізіліп, шетел мамандары тартылуымен жазғы мұражайшылар, археологтар, этно-графтар мектебі жұмыс жасамақ.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде болашақ «Жайык» қалашығы мұражайының макеті ұсы-нылған.
Қалашықты мұражайландыру ба-рысында мәдени ландшафт пен сырт-қы бөлігін қайта құру ғана емес, тұрғын үйлердің ішкі бөлігін, кесенелерді, ше-берханаларды қайта құру карастырыл-ған. Мұражай ортағасырлық құрылыс-тардан бөлек орта темір кезеңіне жа-татын қалпына келтірілген қорғандар мен этнографиялық нысандармен то-лықпақ.
Мұражай кешенінің ашылуы ке-лушілердің көне және орта ғасырларда өмір сүрген халықтың күнделікті өмірі мен тұрмысын көз алдына келтіреді. Келушілер өз көздерімен бұрынғы за-манда керамиканың қалай жасалғанын көріп ғана қоймай, қолөнер үрдісіне қатыса алады.
Әлемдік мәдениетте ашық аспан астында мұражай кешендерді құрудың үлкен тәжірибесі жинақталған. Атап ай-тсақ, Дюппель қаласындағы (Германия) ортағасырлық ауылдың мұражайлан-дыруы, Отырар қалашығы (Қазақстан), Силла кезеңінің қорғаны (Оңтүстік Ко-рея), Арқайым (Ресей) және т.б. Қазақ-стан Республикасы территориясында ашық аспан астындағы мұражайлар жетерлік. Бірақ Батыс Қазақстан облы-сы аумағында мұндай мұражай осы кезге дейін болған емес. Мәселенің жаңашылығы әртүрлі кезеңге жататын ескерткіштерді қалпына келтіру ғана емес, көне шеберхана, заттардың жа-салу технологиясын, Батыс Қазақстан облысындағы көне тұрғындырдардың сыртқы бейнесін қайта жаңғыртылу болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Древности Алматы: Курганы Боролдая / Самашев Зайнолла, Джумабекова Гульнара, Нурпеисов Марат, Чотбаев Айдос – Алматы, 2006
2. Калменов М.Д. Исследования городища Жайык в 2012 – 2014 г. //Средневековые города бассейна реки Урал/ под ред. М.Н. Сдыкова – Книга I. – Уральск, 2014, с. 64-90.
3. Марыксин Д.В. Жилища Жаика (по материалам раскопок 2001-2003 гг.) // Интеграция археологических и этно-графических исследований: Сборник научных трудов / Отв. ред. К.Н. Тихо-миров, Н.А. Томилов. – Алматы; Омск: «Издательский дом «Наука»», 2004
4. Сдыков М.Н. Городище Жайык. – Уральск, 2009.

Қаралым саны 1393

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463