Махамбет рухының көрінісі

Аққали АХМЕТ

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекет университеті
Гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің
деканы, тарих ғылымдарының докторы

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толды. Бүгінгі таңда ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстардың тарихын тың мұрағат құжаттары негізінде кешенді түрде зерттеуді, жаңаша тұрғыдан зерделеуді жүзеге асыру қажет. Қазақ елінің тарихында отарлау заманында азаттық үшін 300-ден астам көтеріліс ұлы дала төсін шарпыған екен. Ал қазіргі жаһандану дәуірінде азаттық қозғалысы барысында халқымыздың ұлттық мемлекеттік идеясы төңірегінде топтастыру формалары мен әдістері, осы жолда ұлан ғайыр қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу еліміздің ішкі, сыртқы саясатына толықтай сай келеді.

Төл тарихымызда жан-жақты қа-растырылатын түйінді мәселелердің бірі – осы тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы, оның се-беп-салдарлары, тактикасы жөнінде тереңірек зерттелуі қажет. Тарихымызда «феодалдық-монархиялық қозғалыстар», «сұлтандар көтерілісі», «шар-уалар көтерілісі» қатарына жатқызылып келген көтерілістер отарлық езгіге қарсы қозғалыстың тарихын жаңа ме-тодологиялық тұрғыдан зерттеудің ғы-лыми маңыздылығы мен өзектілігін ай-қындай түседі. Сондай-ақ бұл көтері-лістердің тарихы тек мектептер мен жоғары оқу орнындарында ғана емес, сонымен қатар әскери оқу орындарында да кеңінен әрі тереңірек оқытылса деген де пікіріміз бар. Себебі болашақ елін қорғайтын ұландар үшін бұл аса қажетті деп білеміз. Ұлы дала қолбасшылары мен сарбаздарының ұлан-бай-тақ қасиетті туған жерін қорғауда небір айла-тәсілді қолданғанын көпшіліктің біле бермейтіндігі де рас. Олардың со-ғыс тактикасының өзі арнайы зерттеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Себебі Түркістан өлкесін түгел шарпыған бұл көтеріліс-тен қазақ даласының Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарындағы ұлт-азаттық көтерілістің өзіндік ерек-шелігі болды. Ол халықтық партизан-дық соғыс тактикасы еді. Көтерілісші-лер туған даласының кеңдігі, көшпе-лілердің жер жағдайын жақсы білуі, ірі ұйымдасқан топтар мен жазалаушы отрядтарға тосыннан соққы беруімен ерекшеленді. Көтерілісшілер саны, мы-салы, Зайсан уезіндегі әр топта 1 мың, Өскемен уезінде 3 мың, Ақмола уезін-де 30 мың, Алексеев уезінде 10 мың, Ерейментауда 5 мың, Атбасар уезінің Ұлытау қонысында 7 мың, Қосағашта 2 мыңға жеткен (Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. Сборник документов и материалов. Изд-во АН СССР, 1960. с.490-491(786)). Торғай об-лысындағы Амангелді Иманов бастаған көтерілісті басу үшін Қазан әскери ок-ругінен жіберілген генерал Лаврентьев әскери басшылыққа жіберген хабарламасында «Көтерілісшілердің іс-қимы-лы партизандық соғыс тактикасы негі-зінде құрылған» делінген. Бұл хабар-лама көтерілісшілер өздеріне дейінгі батыр бабаларының әскери-соғыс өне-рін жетік білген деген пікірге жетелейді.
Жазушы Л. Соболев көтерілісшілер туралы шыншылдықпен былай деп жазған болатын: «Ол әскер, аңыз-ерте-гілерде жырланатындай – ауыл ұстала-ры соққан найза, қылышпен, білтелі мылтықпен, садақпен және жебемен қаруланған таңданарлықтай әскер еді. Амангелді осы ортағасырлық әскерді зеңбіректері мен магазинді винтовкалары бар жазалаушы отрядтарға қарсы бастады» (Правда газеті, 5 қазан, 1940 жыл).
Сонау Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары-ақ бұл мәселеге ерекше кө-ңіл бөлініп, үкімет тарапынан қолдау тапқан. Оның мысалы – 1926 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 10 жылдығын үкімет тарапынан атап өту қарастырылды. Осы айтулы датаны өт-кізу комиссиясының төрағасы орнына қол қойған О. Қ. Жандосов мұрағат қорларында сақталған материалдарды басшылыққа ала отырып, «Кенесары Қасымұлы, Қаратай Нұралыұлы, Қайып-қали Есімұлы, Исатай Тайманұлы, міне, осылар қазақ халқының бостандығы мен азаттығы жолында қаза тапқан кү-рескерлер» дей келіп, 1916 жылғы көтерілістің 10 жылдығына орай тура келген 1806 жылы Қаратай сұлтан бас-таған көтеріліске 120 жыл, 1826 жылы Қайыпқали Есімұлы бастаған көтеріліс-ке 100 жыл, 1836 жылы Исатай Тайман-ұлы бастаған көтеріліске 90 жыл толға-нын, 1916 жылғы көтеріліске халық ба-тыры Исатай Тайманұлының ұрпақтарының қатысқанын назардан тыс қал-дырмайды және Қаратай сұлтанның ұрпақтары да ата-бабадан қалған игі дәстүрді табанды түрде жалғастырып келе жатқандығын баяндайды (Қызыл-орда облысы мемлекеттік мұрағаты, 1-қор, 2-тізбе, 402-іс, 479 п.).
1926 жылы Қазақ өлкелік партия ко-митеті мұрағаттардағы құжаттар бойын-ша Қазақстандағы ұлт-азаттық көтері-ліс, революция және Азамат соғысы жылдарындағы материалдарды жи-наққа енгізуді төмендегідей рет бойын-ша жинақтауды қаперге берді: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Ақпан ре-волюциясынан Қазан революциясына дейінгі уақыт, Ақпан, Қазан революциялары және ұлттық мәселелер, Азамат соғысы (Қазақстан Республикасы Орта-лық мемлекеттік мұрағаты,141-қор, 1-тізбе, 6297-іс, 15 п.).
1916 жылғы қазақ даласындағы кө-теріліс туралы мұрағат материалдары негізінде С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, М. Тынышпаев сынды ұлт зиялылары құнды еңбектер жазғаны белгілі. Қазақ зиялыларының өзі де сол кезде бұл оқиғаны маркстік-лениндік теория тұр-ғысынан ғана қарап, қайшылыққа ұры-нып, бірлі-жарым ағаттыққа жол берге-німен, бұл еңбектер күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ.
С. Асфендияров 1931 жылы 16 сә-уірде Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы О. Исаевқа жазған хатында бір топ профессорлармен бір-ге Орталық мұрағатта болып, материал-дармен танысып және тарихи құжат-тарды пайдаланудың жәй-күйін білу мақсатында болғанын баяндай келіп, танысқан материалдарды екі санатқа бөліп көрсетеді (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекетік мұрағаты (ҚРОММ), 30-қор, 1-тізбе, 994-іс,12п.). Бірінші санатқа өздерін қызықтырған тарихи материалдарды, ал екінші са-натқа қалған материалдар, яғни пайда-лы қазбалар қорын жатқызады. Ғалым бірінші санаттағы мұрағатта сақталған материалдардың тарихи маңызына тоқ-тала келіп, патша үкіметінің отаршыл-дық саясаты, қоныстандыру саясаты,
Қ. Нұралыұлы, И. Тайманұлы, К. Қасым-ұлы көтерілістері, 1916 жылғы көтері-ліс, азамат соғысы, тарих шежіресінде Қазақ АКСР-ның құрылуы туралы мате-риалдарды ұжымдық және жеке зерт-теуге болатындығын ескерте отырып, бұл материалдардың көпшілігінің бас-пасөзде әлі жарық көрмегеніне ерекше назар аударады. Бірақ патша үкіметі ке-зінде К. Қасымұлы көтерілісі (Н. Середа) және Қазақ даласын, Жайық бойын жау-лап алу туралы (П. И. Рычков, А. И. Лев-шин) жеке еңбектердің жарық көрген-дігін жоққа шығармайды. Аталған ав-торлардың еңбектерінде тарихи оқиға-лардың жан-жақты зерттелмегені және болашақта қазақ халқының тарихын оқытуда оқу құралы ретінде пайдалануға болмайтындығын сол кезеңде-ақ атап көрсетеді (Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағаты, 5325-қор, 9-тіз-бе, 2674-іс. п. 49). Мұрағат қорында 1916 жылғы көтеріліске қатысты мате-риалдардың аздығына көңіл бөліп, жи-нақталған естеліктердің өзін топтастырған жағдайда да тарихи материалдық құжаттар шығарудың мүмкін еместігін дөп басып айтады.
1940 жылдың қазан айында Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі арнайы өткізген мәжілісте мұрағат деректері бойынша Қазақстандағы білім беру та-рихын және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер туралы жинақтар шығаруды қолға алуға байланысты оған да-йындық жұмыстарының барысы тура-лы арнайы хабарлама тыңдалды (ҚРОММ, 54-қор, 1-тізбе, 611-іс, 5-7 пп.). Бірақ та аталған ғылыми басылымдарды шығару жоспары бірнеше кедергіге кездесті. Біріншіден, шығарылатын жинақтарға қаражат жетіспеді; екіншіден, мұрағат қорларындағы қа-жетті құжаттар тәртіпке келтірілмеді; үшіншіден, өз ісін жетік білетін маман мұрағатшылар тапшылығы қол байлау болды (ҚРОММ, 54-қор, 1-тізбе, 611-іс,49-51пп).
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары-ақ
Х. Досмұхамедұлы ұлт-азаттық қозға-лыс тарихын «бірыңғай ағым» теориясы тұрғысынан қарастырып, оның тү-гелдей отарлық езгіге қарсы бағытталғандығы жөнінде қорытындыға келді. Сонымен қатар ғалым патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының әдістерін ашып көрсетуге ерекше мән берді. Х. Досмұхамедұлының ұлт-азат-тық қозғалыс тарихын «бірыңғай ағым» теориясы негізінде қарастыруы Кеңес өкіметінің саясатына «сәйкес» келетін-ді. Себебі алғашқы жылдары халықтың сана-сезіміне ықпал ету мақсатында патша үкіметінің «бұратана» халықтарға жүргізген саясатын жан-жақты әшке-релеу еді. Кейін И.Сталиннің 1941 жы-лы партиялық баспасөзде Ф.Энгельстің «Орыс патшалығының сыртқы саясаты» деген еңбегі жөнінде жарияланған ашық хатынан кейін, яғни Кеңес өкіме-тінің сыртқы саясатының революцияға дейінгі Ресейдің ұлы державалық, ан-нексиялық саясатымен «сабақтастығы» туралы тұжырым жасалуына байланысты орын алған идеологиялық қыспақ жағдайында, шын мәнінде Сталиннің хаты патшалық Ресейдің отарлық сая-сатын ақтауға, орыстан өзге халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарын ман-сұқтауға жол ашты.
Дегенмен де, 1960 жылы А. В. Пяс-товский Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс отар халықтардың (Қытайдың, Парсының, Оңтүстік Америка одағының және басқалардың) импералистік езгіге қарсы барған са-йын өрши түскен революциялық күрес-терінің бір буыны болғандығы сөзсіз деген соны пікір айтқан болатын (Вос-стание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. Сборник документов и ма-териалов. Изд-во АН СССР, 1960. с.19).
...Өлке тарихындағы осы айтулы оқиғаға тоқтала кетсек. Бұл көтеріліс Қазақстанның батыс өлкесін де шар-пыды. Дина Нұрпейісова ұлы Жұрымбайды 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша қара жұмысқа шақырылғанда «1916 жыл» атты күйін шығарғаны белгілі.
Бөкейлікте халық батыры Исатайдың немересі Өтепқали Дүмбаянұлы (1846-1928) бастаған көтеріліс болғаны белгілі. Өтепқали қазақша-орысша оқыған, сауатты болған. Ол Теңіз маңы округіне қарасты 15-ші болыстың стар-шыны қызметін атқарды. Өлкедегі пат-шаның «зілді бұйрығына» бірден қар-сы шығып, халықты «қара жұмысқа» барудан бас тарту туралы насихат жұ-мыстарын кеңінен жүргізді. Өтепқали-дың маңына жақын ауылдардан жи-налған сарбаздардың саны екі мыңға жетті. Өтепқали бастаған қозғалыстың орталығы Ақай шұраты болды. Байлар-дың жасаған тізімдері жойылып, өкі-мет өкілдеріне бағынбау кеңінен өріс алды. Көтерілісті басу үшін дала төсіне Астраханнан жазалаушы әскер шығып, қатаң жазалау шаралары қолға алынды.
Көтеріліске қатысқаны үшін Астра-хан түрмесіне 70-тегі Өтепқали Исатаев және оның серіктері Н.Кентаев, Б.Жан-баев, И.Төлебаев, М.Маутенов, С.Мең-дешов пен Н.Залиев қамауға алынды. Өтепқали Дүмбаянұлы түрмеде көпте-ген қиыншылықты бастан кешіп, 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ғана босап шықты. Батырдың немересі 1928 жылы Мыңтөбеде жерленді.
Көтерілістің куәгері С. Меңдешов сол кездегі Бөкей Ордасы еңбекшіле-рінің жағдайын кейіннен былай деп баяндады: «Дала халқынан олардың келісімінсіз алдынала кесіліп қойылған бағамен орасан көп мал жинап алын-ды. Патша армиясы қарамағына киіз үйлер мен киіз де алынды. Қазақ ба-тырақтары мен кедейлерін кулактар шаруашылықтарында, кәсіпорындарында жұмыс істеуге «өз ықтиярымен алу жүріп жатты».
Өлкеміздегі бұл тарихи оқиғаға қа-тысты құжаттардағы қара жұмысқа алу және көтеріліс туралы мәліметтер Ас-трахан, Саратов, Орынбор қалаларындағы мұрағаттар қорында сақталғаны белгілі. Сондықтан да өлке тарихына қатысты тың мәліметтерді іздестіру ал-дағы уақытта тарихшы мамандардың үлесінде деп білеміз.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бүкіл қазақ халқының жігерін жаныған айтулы көтеріліс ретінде тарихта қалды.

Атырау қаласы

Қаралым саны 2215

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463