Көші түзу көне кітапхана

Нұрлыгүл АЯПҚЫЗЫ,

Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі, Орал қаласы

Кітапхана – адамның қажетті ілім мен ғылымды игеріп, қалыптасуына мүмкіндік беретін, ештеңемен айыр-бастауға болмайтын, телегей-теңіз, шалқар қазына ғой.

Ақпараттық қоғамның қалыпта-суына байланысты болып жатқан қуатты мәдени өзгерістер біздің өміріміздегі кітапхананың алар орны мен маңызын қайта қарап, жаңаша ойластыруға итермелейді. Әрине, бүгінгі кітапхана – мыңдаған кітаптан қайысып тұрған сөрелер жиынтығы емес, ол сонымен қатар заманның талабына сай әр түрлі электрондық ресурстардан да тұрады. Кітапхана қоры – ғылым мен өндірістің, саясат пен экономиканың, мәдениет пен білімнің бойына өмірлік нәр беретін өміріміздің құрамдас бөлігі. Бүгінде Батыс Қазақстан облысының кітапха-налары өз оқырмандарына білім бұлағынан емін-еркін сусындауға барлық жағынан керемет техникалық мүмкіндік беріп отыр.
Батыс Қазақстан облысында еліміздің ақпараттық қорының үлкен жиынтығын иеленген мемлекеттік жүйеге қарасты 396 кітапхана жұмыс істейді. Бұлар – біздің шын мәніндегі баға жетпес мәдени байлығымыз, ұлттық қазынамыз. Қазіргі кезде облыс кітапханаларының кітап қорын толықтыру жағдайы елеулі өзгеріс-терге ұшырады. Біз соңғы 5 жылды салыстырмалы талдау барысында жыл сайынғы облыс кітапханалары-ның кітап қоры, соның ішінде қазақ тіліндегі кітап қоры өсіп келе жатқа-нын байқаймыз.
Аймақтың кітапханалық жүйесінің қазіргі жағдайы негізгі көрсеткіштер-дің тұрақтылығымен, кітапханалар-дың компьютерлендірілуіне күш салу, жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуімен ақпараттық және сервис-тік қызмет көрсетуді дамытумен сипатталады.
Біздің оқырмандарымыз бір нәр-сені жадынан шығармауы керек. Ол – заман ағымына сай ақпараттық тех-нология өмірімізге дендеп енгенімен, тек кітап қана ақпараттық мәдениет-тің алтын қазығы болып қала беретін-дігі. Себебі адамзат ойының бар асылы кітапта екендігін кім-кім де мойындайды. Кітаптан қаншама шалқар дүние аласың. Алайда кез-келген ақпаратқа ие болу – адамның мәдени деңгейін, білік-білімін көте-руге баспалдақ бола бермейді. Кітап оқу мәдениеті, оны жүйелі меңгеру, міне, осы ғана жоғары мәдениеттілік-тің жарқын үлгісі бола алады.
Кітапхана – біздің күнделікті өміріміздің ажырамас жанды бөлігі. Оның еліміздің және әр адамның тағдырында алатын орны орасан. Әсіресе, мәдениет тарихындағы өркениеттің жаңаша бетбұрыс сәтінде жазу және кітап дәуірінен бұқаралық ақпараттық мәдениетке алмасу кезеңінде тұрғанымызда бұл айрықша сезіледі. Жаһандану мен ақпараттандырудың қазіргі таңдағы үрдістері еңбектің интеллектуалдық сыйымдылығын көтеруге итермелей-ді. Мұндай жағдайда адамдар ара-сындағы қарым-қатынас пен қоғам-ның тұрақты дамуы үрдісінде ақпа-рат пен білімнің маңызды рөлі арта түседі. Қазіргі кезде кітап қоры бай, жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталған, ғаламтор жүйесіне қо-сылған ауылдағы ақпарат орталықта-ры – модельді кітапханалар саны 28-ге жетті. Заман талабына орай кітап-ханалардың компьютерлік техноло-гиясыз, электрондық мәліметтер ба-засынсыз жұмыс жүргізуі өте қиын.
Кітапханаларды ақпараттандыру кітапханалық саясат пен тұрғындар-дың ақпараттық сұраныстарын қамта-масыз етудің тиімді әдісі болып табы-лады. Облыс кітапханаларының ком-пьютерлік паркі 468 компьютерді құрайды.
Кітапхана – бабаларымыздың ғасырлар бойы жинаған қазынасы-ның алтын сандығы. Сондықтан оны қоғам дамуын айқындаушы деп атауға да болады. Өйткені адамзат-тың жүріп өткен жолында бұрынғы-ның ұлы ойшылдары кітапхананы тарих пен мәдениеттің баға жетпес ескерткіштерін, ұлттың өткенін сақ-таушы рухани қазынаның ошағына тектен-тек баламаған ғой. Бұдан шығатын қорытынды – кітапхананы қамқорлап отыру, оның жұмысын дамыта беру жалпыға бірдей, мем-лекеттік, бүкілхалықтық іс болып қала береді.
Біз алдыңғы толқын ата-бабала-рымыздан жинақталып қалған, бүгінгі толқын замандастарымыздың қолы-мен құрылған осынау интеллектуал-дық байлықты шашау шығармай сақ-тауды, кәдеге жаратуды көздейміз. Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәсе-лелер: дін, ұлттық тәрбие, толерант-тылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салты, отбасы құндылықтары т.б. тақырыптарға арналған түрлі шара-лардың жас буын үшін баға жетпес тәрбиелік мәні зор. Осы мақсатта об-лыс кітапханалары, онда еңбек ететін кітапханашыларымыз тынымсыз ізде-ніспен, үлкен қажыр-қайратпен, абы-роймен орындап жүргенін баса айт-қым келеді. Олардың осынау келе-шектің керегіне бағытталған баянды істеріне табыс тілеймін.
Батыс Қазақстан облысындағы барлық кітапхананың басты әдісте-мелік орталығы – Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. Бұл – Қазақстандағы тарихы бай, көне кітапханалардың бірі. Біздің кітапха-намыз 1871 жылы 24 қазанда ашы-лып, биыл 145 жасқа толып отыр.
Жаңа ақпараттық технологиялар-ды дамыту, өлкетану ресурстарын құру, әлеуметтік және халықаралық әріптестікті дамыту бағытында ма-ңызды жаңа жобалар жүзеге асыры-луда. Қазіргі кезде Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-да «Аудан кітапхана-лары», «Өлкетану-Аймақ» корпо-ративтік каталогтау, «Оқитын қала», Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясын-дағы қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттауға бағыт-талған «Оқы да, биіктен көрін» жо-басы, «Қадыр оқулары», «Жұбан оқулары» жобалары нәтижелі жүзеге асырылуда. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, сирек және өл-кеге қатысты құнды 2311 әдебиет сандық ресурсқа көшіріліп, өлке та-рихына қатысты сирек кездесетін құнды жәдігерлер сандық форматқа ауыстырылуда. Кітапхана пайдалану-шыларына Интернет қызметі тегін ұсынылады.
Ж. Молдағалиев атындағы әмбе-бап ғылыми кітапхана көпшілікке ар-налғандықтан, оның есігі оқырман-дарға әр кез ашық. Оның кітап қазы-насын, электрондық құжаттарын кі-тапхана пайдаланушыларына ұсыну-ды зор мәртебе деп білеміз. Біздің кі-тапханамызда ұлттық құндылықтар, елге қызмет ету, Отанды сүю, адал-дық, жанұяның бірлігі мәселелерін көтеретін қаламгерлер шығармала-рының негізінде тәрбиелік мәні зор шаралар, жаңа жобалар жалғасын таба береді.
Отандық мәдениетіміз бен ғылы-мымызды дамытуға өзіндік үлес қо-сып келе жатқан кітапхана алдағы уа-қытта да осынау қасиетті міндетін ат-қара беретіндігіне, оқырмандардан үзілмейтіндігіне сеніміз мол.

Қаралым саны 1569

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463